Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
бақылаудағы субъект
(controlled entity)
|
Басқа субъекттің бақылауындағы (бақылаушы субъект ретінде танымал) серіктестік секілді бейкорпоративтік субъектіден тұратын субъект.
|
6.7
|
бақылаушы субъект
(controlling entity)
|
Бір немесе бірнеше бақылаудағы субъектілері бар субъект.
|
6.7
|
өзіндік құн
(cost)
|
Төленген ақшалай қаржы сомасы немесе оның баламасы немесе басқаша төлеудің әділ құны.
|
16.7
|
өзіндік құн бойынша есептеу әдісі
(cost method)
|
Инвестиция өзіндік құны бойынша мойындалатын инвестицияны есептеу әдісі. Инвестор пайданы, инвестициядан түсетін пайданы алған күннен кейін болатын, инвестиция нысанының жинақталған пайдасынан үлестірім алуға құқығы бар деңгейде мойындайды. Осы пайдадан артық төленген немесе төлеуге жататын үйлестірілімдер инвестицияның орнын толтыру ретінде қарастырылады және инвестицияның өзіндік құнының азаюы ретінде мойындалады.
|
6.7
|
шығын плюс немесе
шығынды келісімшарт
(cost plus or costbased
contract)
|
Мердігерге рұқсат етілетін немесе басқаша айтқанда анықталған шығындар қайтарылуға келісілген құрылыс салуға келісім шарт, ал коммерциялық келісім шартта – ол шығындардан қосымша пайыздар немесе алдын ала қарастырылған болса, белгіленген сыйақы
|
11.4
|
істен шығуға байланысты шығын
(costs of disposal)
|
Қаржыландыру шығыны мен пайдаға салынатын салықтан тыс, активтің істен шығуына тікелей қатысты қосымша шығын.
|
21.14
|
сату шығыны
(costs to sell)
|
Қаржыландыру шығыны мен табысқа салынатын салықтан тыс, активтің істен шығуына тікелей қатысты қосымша шығын.
Істен шығу -сату немесе ақысыз үлестіру немесе символикалық ақыға беру арқылы орын алуы мүмкін.
|
27.9
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
несие тәуекелі
(credit risk)
|
Қаржы құралы бойынша бір тарап міндеттемені орындамағандықтан екінші тарапқа қаржылай шығын әкелетін тәуекел.
|
30.8
|
валюталық тәуекел
(currency risk)
|
Шетелдік валюта бағамындағы құбылмалықтың салдарынан қаржы құралының әділ құны немесе келешектегі қаржы ағыны өзгеруінің тәуекелі.
|
30.8
|
алмастырудың ағымдағы құны
(current
replacement cost)
|
Субъект есеп беру күнінде актив алғанда болуы мүмкін шығын.
|
12.9
|
ағымдық кезеңнің қызмет құны
(current service cost)
|
Ағымдық кезеңде қызметкердің көрсетілген қызметі нәтижесінде төлемдері белгіленген зейнетақылық жоспар бойынша міндеттемелердің дисконттық құнының артуы.
|
25.10
|
төлемдері белгіленген зейнетақылық жоспарлар (defined benefit
plans)
|
Жарналары белгіленген зейнетақылық жоспарлардан ерекшеленетін зейнетақылық қамсыздандыру жоспарлары.
|
25.10
|
жарналары белгіленген зейнетақылық жоспарлар
(defined
contribution plans)
|
Субъект бөлек қорға белгіленген жарналарды жүзеге асыратынын және егер де қордың қызметкерлердің ағымдық немесе алдыңғы кезеңдерде көрсеткен қызметі үшін тиесілі барлық сыйақыларын төлеуге қажетті қаражаты болмаса, қосымша жарналарды төлеу бойынша құқықтық немесе жүктеме міндеттері болмайтынын болжайтын зейнетақылық қамсыздандыру жоспарлары.
|
25.10
|
тозбақұн
(depreciable
amount)
|
Тарату құнын алып тастағандағы активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнды алмастыратын басқа сома.
|
17.13
|
өтемпұл
(depreciation)
|
Активтің тозбақұнын оны тиімді пайдаланудың барлық мерзімінде жүйелі түрде бөліп отыру.
|
17.13
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
мойындаудың тоқтатылуы
(derecognition)
|
Субъектінің қаржылық жағдайы туралы есеп берудегі ілгеріде танылған қаржылық активін немесе қаржылық міндеттемесін шегеру.
|
29.10
|
туынды құрал
(derivative)
|
Келесі үш сипаттамасы бар [29 ҚСҚЕХС] аясындағы қаржылық құрал немесе басқа шарт (2-6 параграфты қараңыз):
-
Оның құны бекітілген пайыздық мөлшерлеме, қаржы құралының бағасы, тауардың бағасы, валютаның айырбас бағамы, баға немесе мөлшерлеме көрсеткіші, несиелік рейтинг немесе несиелік көрсеткіш немесе басқа өзгергіштің құбылуы нәтижесінде өзгереді, егер қаржылық емес өзгергіш жағдайында (кейде «базистік» деп аталатын) ол шарт тараптарының біріне тәуелді болмайтындай болса;
-
Оған алғашқы инвестиция қажет емес немесе күткеніміздей нарық факторларындағы өзгерістерге тиісінше әрекет ететіндей, басқа шарттардағы қажет етілетінге қарағанда азырақ алғашқы инвестиция қажет болады; және
-
Ол алдағы уақытта есептелінеді.
|
29.10
|
зерттемені енгізу
(development)
|
Зерттеу нәтижесін немесе басқа білімді жаңа немесе айтарлықтай жетілдірілген материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, үдерістерді, жүйелерді немесе қызмет көрсетуді коммерциялық өндіріске қою немесе қолдануды бастамас бұрын жоспарлау немесе құрастыру барысында қолдану.
|
31.16
|
меншіктенушінің пайдасына жасалатын төлемдер
(distributions to
owners)
|
Субъектінің экономикалық пайданы немесе тиімді әлеуетті барлық немесе кейбір иеленушілеріне инвестициялық пайда немесе инвестиция қайтарымы ретінде үлестіруі.
|
1.7
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
экономикалық субъект
(economic entity)
|
Бақылаушы субъекті қамтитын және бақылауында бір немесе одан көп ұйымдары бар ұйымдар тобы.
|
1.7
|
тиімді пайдалану мерзімі
(economic life)
| -
Бір немесе одан көп пайдаланушыға актив экономикалық пайда немесе тиімді әлеует әкеледі деп болжанған уақыт мерзімі; немесе
-
Бір немесе одан көп пайдаланушыға активтен алынады деп күтілетін өнім немесе ұқсас бірліктер саны.
|
13.8
|
тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі
(effective interest
method)
|
Қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеменің тозбақұнын есептеу (немесе қаржылық активтер немесе қаржылық міндеттемелер тобы) және сәйкес мерзім аралығында пайыздық түсімді немесе пайыздық шығынды есептеу әдісі. Пайыздың тиімді түсімі - болжамды келешектегі ақшалай қаржы төлемін немесе қаржы түсімін қаржылық құралдың болжалды қызмет мерзімі бойына, немесе қажет жағдайда қаржылық құралдың немесе қаржылық міндеттеменің таза теңгерім құнын қысқа мерзімге нақты дисконттайтын мөлшерлеме. Субъект пайыздың тиімді түсімін есептеу барысында қаржылық құралдың барлық шарт талаптарын ескере отырып, ақшалай қаржы ағынын анықтауы тиіс (мысалы, алдын ала төлеу, сатып алуға арналған опцион және ұқсас опциондар), бірақ келешектегі несие бойынша шығасыны қарастырмауына болады. Есептеу шарт тараптары арасындағы төленген немесе алынған пайыздың тиімді түсімінің құрамдас бөлігі болып табылатын барлық сыйақы мен төленімдерді («Айырбастау операциялары бойынша түсім» 9 ҚСҚЕХС қараңыз), трансакция (мәміле) шығынын және барлық басқа сыйлықақылар мен жеңілдіктерді қамтиды. Ақшалай қаржы ағыны және ұқсас қаржылық құрал тобының болжалды қызмет мерзімі сенімді түрде анықталады деген болжам бар.
|
29.10
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
|
Дегенмен, сирек жағдайларда ақшалай қаржы ағыны және қаржылық құралдың (немесе қаржылық құрал тобының) болжалды қызмет мерзімін сенімді түрде анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ұйым қаржылық құрал (немесе қаржылық құрал тобы) шартының барлық мерзіміндегі ақшалай қаржы ағынын пайдалануы тиіс.
|
|
қызметкерлерге сыйақы төлеу
(employee benefits)
|
Субъектінің қызметкерлерге көрсеткен қызметтері үшін беретін сыйақылар мен төлемдердің барлық түрлері.
|
25.10
|
Субъект үшін ерекше құн
(entity-specific
value)
|
Субъектінің күтуіне сәкес активті кейінгі пайдалану нәтижесінде және игілікті иелену мерзімі аяқталған кезде қандай да міндеттемелердің өтелуіне байланысты шығарылуына сәйкес ақшалай қаржы ағынының дисконтталған құны.
|
17.13
|
үлестік құрал
(equity instrument)
2012 жылғы 31 желтоқсанға немесе соған дейін аяқталатын есептік мерзімге жарамды
|
Барлық міндеттемелерін алып тастағаннан кейінгі ұйым активтеріндегі қатысудың қалдықтық үлесін растайтын кез-келген шарт.
|
15.9
|
үлестік құрал
(equity instrument)
2013 жылғы 1 қаңтардан немесе содан кейін басталатын есептік мерзімге жарамды
|
Барлық міндеттемелерін алып тастағаннан кейінгі ұйым активтеріндегі қатысудың қалдықтық үлесін растайтын кез-келген шарт.
|
28.9
|
үлескерлікпен қатысу әдісі (бірлескен қызметтегі пайдаға қатысты)
(equitymethod
(relating to
interests in joint
ventures))
|
Инвестициялар бастапқыда өзіндік құнмен ескерілетін және содан соң бірлескен бақылаудағы компанияның таза активі/капиталындағы инвестордың үлесіндегі алғаннан кейінгі болған өзгеріске жөнделетін әдіс. Инвестордың пайдасы немесе зарары бірлескен бақылаудағы компанияның пайдасы немесе зарарындағы бірлескен бақылаудағы компанияның үлесін қамтиды.
|
8.6
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
үлескерлікпен қатысу әдісі (қауымдастырылған ұйымдардағы инвестицияларға қатысты)
(equity method
(relating to
investments in
associates))
|
Инвестициялар бастапқыда өзіндік құнмен ескерілетін және содан соң бірлескен бақылаудағы компанияның таза активі/капиталындағы инвестордың үлесіндегі алғаннан кейінгі болған өзгеріске жөнделетін әдіс. Инвестордың пайдасы немесе зарары бірлескен бақылаудағы компанияның пайдасы немесе зарарындағы инвестордың үлесін қамтиды.
|
7.7
|
есеп беру күнінен кейінгі оқиғалар
(events after the
reporting date)
|
Есеп беру күні мен қаржылық есептілікті шығаруға рұқсат етілген күн арасындағы болатын жағымды және жағымсыз оқиғалар.
Оқиғалар екі түрге бөлінеді:
-
Есеп беру күніндегі болған (есеп беру күнінен кейінгі түзететін оқиғалар) жағдайлардың барын растайтындар; және
-
Есеп беру күнінен кейінгі туындаған жағдайларды (есеп беру күнінен кейінгі түзетпейтін оқиғалар) көрсететіндері.
|
14.5
|
бағамдағы айырма
(exchange
difference)
|
Әртүрлі айырбас бағамы бойынша бір валютаның белгілі бір санын екінші валютаға айырбастағанда болатын айырма.
|
4.10
|
айырбас бағамы
(exchange rate)
|
Екі валютаның айырбастағандағы айырбас қатынасы.
|
4.10
|
айырбас трансакция-
лары
(exchange
transactions)
|
Бір ұйым актив алатын немесе қызметті пайдаланатын немесе міндеттемелерін орындайтын және орнына шамамен тең келетіндей құнын (ең алдымен қаржылай ақша, тауар, қызмет көрсету немесе активтерді пайдалану түрінде) басқа ұйымға беретін операциялар.
|
9.11
|
келешекте орындалатын (орындалу кезеңіндегі) шарттар
(executory contracts)
|
Тараптардың қайсысы болмасын міндеттемелерінің ешқайсысын орындамаған немесе екі тарап та міндеттемелерін ішінара және тең дәрежеде орындаған шарттар.
|
19.18
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
шығыс
(expenses)
|
Экономикалық пайда немесе тиімді әлеуеттің есеп берілетін мерзімде жылыстау немесе актив пайдалану түрінде немесе таза активтің /капиталдың кемуіне әкеп тіреген жағдайларды туындатқан және меншіктенушінің пайдасына үлестірілетіннен өзгеше кемуі.
|
1.7
|
салық жүйесі арқылы төленетін шығыс
(expensespaid
through the tax
system)
|
Салық төлегені немесе төлемегініне қарамастан бенефициарларға (алушыларына) қолжетімді сома.
|
23.7
|
әділ құн
(fair value)
|
Активті айырбастауға немесе келісімді жасаудан жақсы хабардар, оны жасауды қалайтын тәуелсіз тараптар арасында келісімді жасаған кездегі міндеттемелерді ретке келтіруге болатын сома.
|
9.11
|
сату шығыны алынып тасталынған әділ құн
(fair value less costs
to sell)
|
Келісімнен хабардар, оны жасауға зауықты бір-біріне тәуелсіз тараптар арасындағы актив сатудан түсетін, сату шығыны алынып тасталынған сома.
|
21.14
|
түпкілікті бюджет
(final budget)
|
Бюджеттік мерзімге қатысты барлық резервтерге, ауыспалы сомаға, трансферттерге, шығынға жазуға, қосымша қаржы бөлуге және бекітілген заңнамалық немесе нормативтік өзгерістерге түзетілген негізгі бюджет.
|
24.7
|
қаржылық жалгерлік
(finance lease)
|
Көбінесе активті иеленуге қатысты тәуекелдер мен сыйақылардың барлығы берілетін жалгерлік.
Ақыр аяғында меншіктік құқығы берілуі де, берілмеуі де мүмкін.
|
13.8
|
қаржылық актив
(financial asset)
2012 жылғы 31 желтоқсанға немесе соған дейін аяқталатын мерзімге жарамды.
| -
Ақшалай қаржы;
-
Басқа ұйымнан ақшалай қаржы немесе басқа қаржылық актив алуға берілетін құқықтық шарт;
-
Қаржылық құралды басқа субъектпен әрдайым тиімді шартта айырбастаудың шарттық құқығы; немесе
-
Басқа субъектінің үлестік құралы болып табылатын кез-келген актив.
|
15.9
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
қаржылық актив
(financial asset)
2013 жылғы 1 қаңтардан немесе содан кейін басталатын есептік мерзімге жарамды.
| -
Ақшалай қаржы;
-
Басқа субъектінің үлестік құралы;
-
Шарттық құқық:
-
Басқа субъекттен ақшалай қаржы немесе басқа да қаржылық актив алуға; немесе
-
Субъектіге әрдайым тиімді шартта қаржылық активтерді немесе қаржылық міндеттемелерді айырбастауға берілетін шартты құқық.
-
Субъекттің басыбайлы үлес құралымен орындалатын немесе орындалуы мүмкін шарт, және
-
Осы үшін субъект басыбайлы үлес құралының ауыспалы санын алуға міндетті немесе міндетті болуы мүмкін туынды емес құрал; немесе
-
Бекітіліген ақшалай қаржы сомасын немесе басқа да қаржылық активті өзінің басыбайлы үлес құралдарының бекітілген сомасына айырбастаудан басқаша орындалатын немесе орындалуы мүмкін туынды құрал.
Осы мақсатта басыбайлы үлес құралдары 15 және 16 параграфтарға сәйкес үлестік құралдары ретінде жіктелетін, жойылу жағдайында ғана субъектінің келесі тарапқа өзінің таза активінің мөлшерлес үлесін беруіне міндеттейтін және 17 және 18 параграфтарға сәйкес үлестік құралдары ретінде жіктелетін немесе субъектінің басыбайлы үлестік құралдарын келешекте алу немесе қарамағына беру туралы шарт болып табылатын құралдарды қамтымайды.
|
28.9
|
пайда мен зарар арқылы әділ құны есептелетін қаржылық актив немесе қаржылық
|
Келесі талаптардың бірін орындайтын қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме.
-
Қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме сатуға арналған ретінде жіктеледі, егер:
|
29.10
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
міндеттеме
(financialassetor
financial liability at
fair value through
surplus or deficit)
| -
Жуық арада сату немесе қайтара сатып алу түпкі мақсатында алынған немесе орын алған болса;
-
Бастапқы мойындауда бұл бірлесе басқарылатын сәйкестендірілген қаржылық құралдар қоржынының бөлігі және қысқа мерзімді пайда табудың жуықта болған нақты мысалының көрінісі болып табылады;
-
Бұл туынды (қаржылық кепілдік шартынан немесе тағайындалған және тиімді хеджерлеу құралынан тыс) құралдар.
-
Бастапқы мойындау кезінде бұған субъект пайда немесе зарар арқылы есептелетін әділ құн тағайындайды. Субъект бұл сыныптаманы тек 13 параграфпен рұқсат етілген жағдайда пайдалана алады немесе солай ету орынды ақпаратқа алып келеді, себебі;
-
Кері жағдайда активтер немесе міндеттемелерді бағалау барысында немесе олардың кірісі мен шығынын әртүрлі негізде мойындау барысында болатын өлшеу немесе бағалау сәйкессіздігін (кейде «есептеу сәйкессіздігі» деп қарастырылатын) барынша қысқартады немесе болдырмайды; немесе
-
Қаржы активтерінің немесе қаржылық міндеттемелердің тобы немесе екеуі де құжатпен бекітілген басқару тәуекелі немесе инфестициялық стратегияға сәйкес басқарылады және орындалуы әділ құн негізінде бағаланады және топ туралы ақпарат осы негізде ұйымның ішіндегі негізгі басқарушы қызметкерлеріне («Өзара байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» 20 ҚСҚЕХС), мысалы ұйымның басқарушы орынына немесе бірінші басшысына беріледі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |