АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Ауыл шаруашылық өнімін алу немесе қосымша биологиялық активтерді сату, немесе қайтарымсыз негізде, немесе нақты бағамен беру мақсатында өндіру



бет7/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95

Ауыл шаруашылық өнімін алу немесе қосымша биологиялық активтерді сату, немесе қайтарымсыз негізде, немесе нақты бағамен беру мақсатында өндіру.

Ауылшаруашылық өнімі – субъектінің биологиялық активтерден алған (жинаған) өнімдер.

Биологиялық актив – жануарлар немесе өсімдіктер.

Биотрансформация нәтижесінде биологиялық активте сапалық және сандық өзгерістер болатын өсу, құлдырау, өнімделу, көбею үрдістерін енгізеді.

Сатуға шығындар – активтің шығуына тікелей қатысты қаржыландыру мен табыс бойынша салықтарды қоспағанда, қосымша шығындар. Шығу сату немесе қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен беру нәтижесінде өтуі мүмкін.

Биологиялық активтер тобы – ұқсас сипаттағы тірі жануарлар мен өсімдіктердің жиынтығы.

Ауылшаруашылық өнімдерін жинау – биологиялық активтерден алынған өнімдер бөлімі немесе биологиялық активтің тіршілік етуін тоқтатуы.

    1. Ауылшаруашылық қызметтері қызметтердің әртүрлі түрлерін, мысалы, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, бір жылдық немесе көп жылдық ауылшаруашылық дақылдарын өсіру, бақтар мен плантациялар, гүлзарлар мен аквадақылдар өсіру (балық өсіруді қосқанда). Бұл көптүрлілер ішінде бірқатар жалпы сипаттарды бөлуге болады:

(a) Өзгеруге қабілеттілік. Жануарлар мен өсімдіктер биотрансформация ырығына беріледі;

(b) Өзгерістерді басқару. Басқару биотрансформацияны осы үрдісті (мысалы, тамақтық заттар қатынасында белгілі бір деңгейде ылғылдықты, температураны, өнімділікті, жарықты ұстау) жүзеге асыру үшін, ұнамды, немесе тіпті болмағанда, тұрақты жағдайлар жасау жолымен қабілеттендіреді. Мұндай басқару ауылшаруашылық қызметтерді басқа қызметтерден айырады. Мысалы, басқарылмайтын көздерден алынатын өнімдерді пайдалану (мысалы, мұхиттағы балық кәсібі және орманды кесу) ауылшаруашылық қызмет болып табылмайды;

(c) Өзгеруді өлшемділігі. Басқарудың әдеттегі қызметтерінің бірі биотрансформация нәтижесінде болатын сапалық өзгерістерді (мысалы, генетикалық сипаты, тығыздығы, пісіп жетілуі, май қабаттары, ақуыздың болуы, талшықтардың мықтылығы) немесе сандық өзгерістерді (мысалы, тұқым беру, салмақ, көлем, талшықтың ұзындығы мен диаметрі, бүрлер саны) өлшеу және бақылап отыру болып табылады.



    1. Биотрансформация келесі нәтижеге әкеледі:

(a) Активтердің (i) өсуіне (жануарлардың немесе өсімдіктердің санының өсуі, не олардың сапалық сипатының жақсаруы), немесе (ii) құлдырауына (мысалы, жануарлардың немесе өсімдіктердің санының кемуі, не олардың сапалық сипатының құлдырауы), немесе (iii) көбеюіне (мысалы, қосымша тіршілік ететін жануарлар не өсімдіктердің түзілуі), немесе болатын өзгерісіне;

(b) Шірне, шай жапырағы, жүн және сүт сияқты ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісіне.

Жалпы анықтамалар


    1. Бұл Стандартта келесі терминде көрсетілген мағынада қолданылады: Басқа ҚСҚЕХС келтірілген анықтамалар бұл стандартта ол стандарттарда берілгендей сол мағынада қолданылады және жеке басылған терминер Глоссарийінде шығарылады.


Мойындау және бағалау

    1. Субъект биологиялық активті, немесе ауылшаруашылық өнімдерді тек мына жағдайда ғана мойынау керек:


(a) Берілген субъект активті өткен оқиғалар нәтижесінде бақылайды;

(b) Келешекте осы активпен байланысты экономикалық тиімділіктер мен сервистік әлеуеттер алудың жоғары мүмкіндігі бар;

(c) Активтің әділ бағасын немесе өзіндік құнын сенімді өлшеуге болады.



    1. Активтің әділ бағасы оның орналасу жағдайы мен сол уақыттағы жағдайымен анықталады. Мысалы, фермадағы ірі қараның әділ бағасы болып оның қайтарымсыз, не нақты құнымен берілетін осы базарға немесе орынға әкелуге, тасымалдауға және басқа шығынын шығарып тастағанда нарыққа сай бағасы.




    1. Ауылшаруашылық қызметте бақылаудың болуының дәлелі болып, негізінен алу кезінде ірі қара малға заңды меншік құқығы, ен салу немесе басқа таңбалармен қара малды белгілеуі, тууы, не кетіп қалуы қызмет етеді Келешектегі экономикалық тиімділік, немесе сервистік әлеует, ережедегідей негізгі қасиеттерін сипаттайтын шама мөлшерінен шығып бағаланады.




    1. Бастапқы мойындау кезі мен әр есепті мерзімге 34-параграфта көрсетілген әділ бағасын сенімді өлшей алмаған жағдайдан басқа биологиялық актив сатуға шығынды қоспағанда әділ бағасымен өлшенуі керек.




    1. Субъект айырбастаусыз операция нәтижесінде биологиялық актив алған жағдайда, биологиялық актив бастапқы мойындау кезінде және әр есепті кезеңде 16-параграфқа сай бағаланады.




    1. Субъектінің биологиялық активтерінен алынған өнім сату шығынын қоспағанда өнімді алу уақытына анықталған әділ бағасы бойынша өлшенуі керек. Осындай өлшеу нәтижесінде алынған мөлшер «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС, немесе басқа қолдануға жарамды стандарттар пайдаланыла бастаған сол мерзімге өнімнің құны болып табылады.




    1. Биологиялық актив, немесе ауылшаруашылық өнімнің әділ құнын анықтау үрдісін биологиялық активтерді, немесе ауылшаруашылық өнімдерін негізгі сипаттарының, мысалы, жасы, не сапасы жөнінен сәйкестігі бойынша топтастыру жолымен жеңілдетуге болады. Субъект нарықта баға бекіту үшін, негіз ретінде пайдаланудан шығатын негізгі сипаттарын таңдайды.




    1. Субъектілер өздерінің биологиялық активтерін немесе ауылшаруашылық өнімдерін келешекте бір уақытта сатуға келісім шарт жасайды. Келісім шарт бағаларының әділ құнды анықтау барысында осындай мәміле жасағысы келетін сатушы мен сатып алушы шара жасауы мүмкін ағымдағы құн жиынтық белгісін көрсететіндіктен әділ бағаның сол нарықтың негізі болуы міндетті емес. Осыған орай кей келісім шарттың болуы өзіне биологиялық активтер немесе ауылшаруашылық өнімдер құнына түзетулер жасауға әуестенбейді. Жеке жағдайларда биологиялық активтер немесе ауылшаруашылық өнімдерді сатуға келісімде «Бағалау міндеттері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» 19 ҚСҚЕХС анықтамаға сай ауыртпалық туындауы мүмкін. Ауыртпалық туындайтын келісімдерге 19 ҚСҚЕХС қолданылады




    1. Егер биологиялық актив немесе ауылшаруашылық өнімдер үшін олардың тұрған жеріне және жағдайына байланысты белсенді нарық болса, онда мұндай нарықта бекітілген баға сол активтің әділ бағасын анықтау үшін, жарайтын негіз болып табылады. Егер субъект бірнеше белсенді нарыққа қолы жеткен болса, субъектінің мән мәтінінде олардың ішіндегі ең орынды баға пайдаланылады. Мысалы, субъетіде екі белсенді нарыққа қолы жеткен болса, онда ол олардың ішінен тезірек мәміле жасауды аяқтауды көздейтін бағаны пайдаланар еді.




    1. Белсенді нарық болмаған жағдайда субъект әділ бағаны анықтау үшін, төменде көрсетілген көрсеткіштердің бір немесе бірнешеуін пайдаланады:

(a) Нарықтағы соңғы мәміленің бағасын мәміле жасау мерзімдері мен есепті мерзім арасында шаруашылық шарттардың елеулі өзгерістері болмайтын шарт;

(b) Айырмашылықтарын ескере отырып, түзетілген осындай активтерге нарықтық баға;

(c) Сәйкес келетін салалық көрсеткіштері, мысалы бір эксперттік жайма есебінде бақ көшеттерінің құны, бушель немесе гектар, етінің килограмы есебінде ірі қара малдың құны.



    1. Кей жағдайларда 22-параграфта берілген көздерден алынған ақпараттар активтің немесе ауылшаруашылық өнімдердің әділ бағасы қатынасында әртүрлі қорытындыларға әкелуі мүмкін. Субъект негізделген бағалар шоғырында әділ құнның неғұрлым сенімді бағасын анықтау үшін, мұндай айырмашылықтардың себебін қарастырады.




    1. Кей жағдайлар барысында нарық бағалары немесе биологиялық активтердің құндық көрсеткіштері ағымдағы жағдайда болмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда субъект активтің әділ бағасын анықтау үшін, осы активтен түсетін таза ақшалай қаржы ағынының шегеріс құнын ағымдағы нарық мөлшерлемесі бойынша шегеріс жолымен есептеуі керек.




    1. Таза ақшалай қаржы ағынының шегеріс құнын оның сол уақыттағы орналасқан орынын және жағдайын ескере отырып, есептеу биологиялық активтің әділ құнын анықтау үшін жүргізіледі. Субъект бұл дәйектерді дисконттаудың сәйкес мөлшерлемесін анықтау және күтілетін таза ақшалай қаржы ағынын есептеу барысында ескереді. Күтілетін таза ақшалай қаржы ағынының шегеріс құнын анықтау барысында анықтау субъект нарыққа қатыстылар сәйкес нарықта активтен алуды күтетін таза ақша ағынын қосады.




    1. Субъект активті қаражаттандырумен, салынатын салықпен немесе биологиялық активерді немесе жиналғаннан кейінгі ауылшаруашылық өнімдерін (мысалы, орманға ағаш отырғызу, жиналғаннан кейін ауылшаруашылық өнімдерді қайта қалпына келтіруге шығындар) қайта қалпына келтірумен байланысты ақшалай қаржы ағынын өз есебіне қоспайды.




    1. Тәуелсіз, жақсы мәліметтендірілген және мұндай келісімдер жасауды қалайтын сатып алушылар мен сатушылар баға келісу барысында ақшалай қаржы ағынының ауытқу мүмкіндігін ескереді. Осыған орай, әділ баға мұндай ауытқу мүмкіндігін көрсетеді. Осыған сай, субъект не күтілетін ақшалай қаржы, не шегеріс мөлшерлемесін немесе қандай да бір сәйкестікпен екеуін де есептеу барысында ақшалай қаржы күтілетін ауытқуын ескереді. Субъект шегеріс мөлшерлемені анықтау барысында күтілетін ақшалай қаржы есептеу барысындағы сол жорамалды қосарлы есеп нәтижесін немесе басқа жорамалды болдырмау үшін, пайдалануы керек.




    1. Кейде өзіндік құн әділ бағаға шамамен тең болуы мүмкін, көбінесе мынадай болғанда:

(a) Бастапқы шығын жұмсау кезінен елеулі биотрансформация болған жоқ (мысалы, жеміс–жидек ағаштарының көшеттері есепті мерзімнен бұрын отырғызылған);



(b) Биотрансформацияның бағаға әсері елеулі болатыны күтілмейді (мысалы, өндірістік кезең 30 жылды құраған орман отырғызатын жерде қарағайдың алғашқы өсу кезеңінде).

    1. Биологиялық активтер жиі жермен ажырағысыз байланысты болады (мысалы, орман отырғызатын жердегі ағаштар). Жермен ажырағысыз байланыстағы биологиялық активтер үшін, жеке нарық болмауы мүмкін және сонымен бірге өзара байланысты активтер үшін белсенді нарық, яғни өңделмеген жер мен оның жағдайын жасау үшін, біртұтас сияқты қарастырылатын капиталға айналған биологиялық активтер үшін белсенді нарық бар болуы мүмкін. Субъект биологиялық активтердің әділ құнын анықтау үшін, өзара байланысты активтерге қатысты ақпараттарды пайдалана алады. Мысалы, биологиялық активтердің әділ бағасын анықтау үшін өзара байланысты активтердің әділ бағасынан өңделмеген жердің немесе оның жағдайын жасау үшін, капиталға айналдырылған әділ құнын шығарып тастауға болады.

Пайда мен зарар

    1. Сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ бағасы бойынша биологиялық активтің бастапқы мойындалуы барысында, сол сияқты биологиялық активтің сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ бағасының өзгеруі нәтижесінде туындаған пайдалар мен шығындар олар туындаған кездегі пайдалар мен шығындар құрамына кіргізілуі керек.




    1. Биологиялық активті бастапқы мойындау барысындағы шығын биологиялық активтің сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құнын анықтау барысында бұл сатуға шығындар шығарылып тасталуымен байланысты туындауы мүмкін Биологиялық активті бастапқы мойындау барысында мысалы, бұзаудың тууы жағдайындағы сияқты пайда туындауы мүмкін.




    1. Ауылшаруашылық өнімдерін сатуға шығындарды шығарып тастағандағы әділ бағасы бойынша бастапқы мойындау барысында туындайтын пайдалар мен шығындар олар туындаған кездегі пайдалар мен шығындар құрамына кіргізілуі керек.




    1. Ауылшаруашылық өнімдерін сатуға шығындарды шығарып тастағандағы әділ бағасы бойынша бастапқы мойындау барысында сол өнімді алу нәтижесінде пайдалар, немесе шығындар туындауы мүмкін.

Әділ құнның сенімді бағасының мүмкінсіздігі

    1. Жасыру бойынша бекітудің биологиялық активтің әділ бағасын сенімді өлшеуге болатын күші бар. Бұл бекітудің жалғандығын әшкерелеу тек биологиялық активтің нарықтық бағасы жоқ немесе құн көрсеткіштері мен әділ бағасының балама есептеулері сөзсіз сенімсіз болатын бастапқы мойындалуы барысында ғана болады. Мұндай жағдайда биологиялық актив өтемпұл мен құнсызданудан жинақталған шығындарды шығарып тастағандағы өзіндік құн бойынша бағалануы қажет. Мұндай биологиялық активтің әділ бағасының сенімді бағасының мүмкіндігі пайда болысымен субъек оны сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ бағасы бойынша өлшеуі керек. Ұзақ мерзімді биологиялық актив оның сату үшін, арналған ретінде жүйелену белгілерін қанағаттандыра бастаған бойда (немесе сату үшін, арналған сияқты жүйеленіп кеткен топқа кіргізіледі) ұзақ мерзімді активтер есебі халықаралық, немесе ұлттық стандартқа сай сату үшін арналған және қызметі тоқтатылғаны бойынша әділ бағасы сенімді есептелген болуы мүмкіндігі дәлелденген болып саналады.




    1. 34-параграфта аталған жорамал тек қана бастапқы мойындау кезінде жоққа шығарылуы мүмкін. Егер субъект қандай да бір биологиялық активті сатуға шығынын шығарып тастағандағы әділ бағасымен өлшеген болса, онда ол бұл биологиялық активті оның шығу мерзіміне дейін сатуға шығынын шығарып тастағандағы әділ бағасымен өлшеуді жалғастырады.




    1. Субъек барлық жағдайларда ауылшаруашылық өнімдерді оларды алу мерзіміне сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ бағасымен өлшейді. Бұл стандарт ауылшаруашылық өнімдерді оларды алу мерзіміне әділ бағасымен барлық уақытта өлшеуге болады деген сол көзқарасты көрсетеді.




    1. Өзіндік құнды, жинақталған өтемпұл мен жинақталған құнсызданудан шығындарды анықтау барысында субъект 12 ҚСҚЕХС, 17 ҚСҚЕХС, «Ақшалай қаржы әкелмейтін активтердің құнсыздануы» 21 ҚСҚЕХС, «Ақшалай қаржы туындататын активтердің құнсыздануы» 26 ҚСҚЕХС басшылыққа алады.

Ақпараттарды ашып көрсету

Жалпы жағдайлар

    1. Субъект ағымдағы кезеңде биологиялық активті және ауылшаруашылық өнімдерді бастапқы мойындау кезінде туындаған, сол сияқты биологиялық активтердің сатуға шығындарды шығарып тастағандағы әділ құнының өзгерісінің нәтижесінде туындаған пайда мен шығынның жиынтық мөлшерін ашу керек.




    1. Субъект биологиялық активтерге пайдаланылған активтер мен жеміс беруші биологиялық активтер арасында, сол сияқты, саудаға арналған активтер мен қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен берілген активтер арасында шектеу жүргізе отырып, сипаттама беруі керек.




    1. Пайдаланылған биологиялық активтер - бұл ауылшаруашылық өнімдер ретінде алынған немесе сатылған не қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен берілген биологиялық активтер. Пайдаланылған биологиялық активтердің мысалы болып бір рет пайдалану үшін, жануарлар мен өсімдіктер, көбінесе, ет бағытындағы ірі мал, сатуға арналған мал, балық өсіретін шаруашылықтағы балық, жүгері мен бидай сияқты дәнді дақылдар, сол сияқты ағаш материалын дайындау мақсатында өсірілетін ағаштар табылады. Жеміс әкелетін (жемісті) биологиялық активтер – бұл көп рет немесе үздіксіз ауылшаруашылығында бір жылдан көп уақыт пайдаланылған биологиялық активтер. Жеміс әкелетін (жемісті) биологиялық активтер – ол ауылшаруашылық өнімдер емес, өз өзін қалпына келтіретін нысандар. Биологиялық активтердің жеміс әкелетін (жемісті) жануарлар түрінің мысалы болып асыл текті жануарлар (балықтар мен құстарды қосқанда), сүт бағытындағы ірі қара мал, жүн өндіру үшін, пайдаланылатын қойлар мен басқа жануарлар табылады. Биологиялық активтердің жеміс әкелетін (жемісті) өсімдіктер түрлерінің мысалы болып жеміс, жидектерін, жаңғағын, сөлін, шайырын, тамыры мен жапырағын, сол сияқты ағаш кеспей отын дайындау үшін, өсірілген ағаштар, жүзімдіктер мен бұталар табылады.




    1. 39-параграфқа сай ашылуға жататын ақпараттар сапалық сипаттау түріне қатысуы мүмкін. Сандық ақпарат сөзбен сипаттала отырып жеткізіледі.




    1. 39-параграф талап ететін ақпаратты ашу барысында субъект жағдайға байланысты пісіп жетілген және пісіп жетілмеген биологиялық активтердің шектеуін жүргізгені құпталады. Мұндай шектеу келешек ақшалай қаржы ағыны мен сервистік әлеует уақытында таратуды бағалау барысында пайдалы болуы мүмкін ақпаратты қамтамасыз етеді. Субъект мұндай шектеу үшін, пайдаланылатын тәртіп туралы ақпаратты ашады.




    1. Биологиялық активтерді, не пісіп жетілген биологиялық активтер санатына, не пісіп жетілмеген биологиялық активтер санатына жүйелеуге болады. Пісіп жетілген биологиялық активтер - ауылшаруашылық өнімдерді (биологиялық активтердің пайдалануына жарамдыне жинауға кірісуге болатынын сипаттайтын шамаға жеткен (жеміс беруші биологиялық активтерге пайдалануға жарамды) активтер, не ауылшаруашылық өнімдерді алуды жүйелі негізде қамтамасыз ететін активтер.




    1. Субъект келесі ақпараттарға сипаттама беру керек, егер ол қаржылық есептілікпен бірге басылған материалда ашылмаса, онда:

(a) Биологиялық активтер тобының әрқайсысымен байланысты өз қызметінің сипаты;

(b) Қаржылық емес өлшемдер немесе табиғи түрінде жарамды есептеу көрсеткіштері:

(i) Кезеңнің аяғына субъектінің биологиялық активінің әр тобына;

(ii) Кезең бойында өндірілген ауылшаруашылық өнімдер көлеміне.


    1. Субъект жинау мерзіміне ауылшаруашылық өнімдерінің әр тобының және биологиялық активінің әділ құнын анықтау барысында қолданылатын әдістері мен негізгі жорамалдар туралы ақпараттарды ашуы керек.




    1. Субъект кезең бойында алынған ауылшаруашылық өнімдер қатынасында ауылшаруашылық өнімдерді алу мерзіміне анықталатын сатуға шығынды қоспағанда, оның әділ бағасын ашу керек.




    1. Субъект ашуы керек:

(a) Биологиялық активтердің белгілі бір шектеу әсер ететін пайдалануы қатынасындағы бар болуы мен теңгерім құнын, сол сияқты міндеттемені қамтамасыз ету ретінде кепілге берілген биологиялық активтердің теңгерім құнын;

(b) Субъектімен биологиялық активті пайдалануға, немесе сату мүмкіндіктеріне салынған шектеулердің сипаты мен деңгейі;

(c) Биологиялық активтерді алу немесе толық жетілдіру бойынша өзіне алынған мөлшерін;

(d) Ауылшаруашылық қызметпен байланысты қаржылық тәуекелді басқару стратегиясын.


    1. Субъект биологиялық активтердің ағымдағы кезеңнің басы мен аяғы арасындағы теңгерім құнында орын алған өзгерістерді салыстыра отырып көрсету керек. Салыстыру енгізу керек:

(a) Жеміс беруші (жемісті) биологиялық активтер мен тұтынатын биологиялық активтер бойынша ашылатын, сатуға шығынды алып тастағандағы әділ бағасының өзгерістерінен пайда мен шығын;

(b) Активтерді алу нәтижесінде құнының көтерілуі;

(c) Айырбасталмайтын операциялар нәтижесінде активтер есебінен құнның көтерілуі;

(d) Биологиялық активтерді сатумен және сату үшін, арналған сипаттағы биологиялық активтердің жүйеленуіне (немесе оларды сату үшін, арналған сияқты жүйеленіп шығарылған топқа қосу) байланысты сатуға арналған және қызметін тоқтатқан ұзақ мерзімді активтер есебі бойынша сай келетін халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сай құнның кемуі;

(e) Активті қайтарымсыз негізде, немесе нақты бағамен берумен байланысты құнның кемуі;

(f) Ауылшаруашылық өнімді жинаумен байланысты құнның кемуі;

(g) Бизнесті біріктіру бойынша келісім нәтижесінде құнның көтерілуі;

(h) Есептілікті көрсету валютасы болып табылатын басқа валютада қаржылық есептілік көрсеткіштерді және шет елдік бөлімдер көрсеткіштерін субъектінің есеп берген есептілігін көрсету валютасында қайта есептегеннен туындайтын таза курстық айырмашылықтар;

(i) Басқа да өзгерістер.



    1. Биологиялық активтің сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құны физикалық қасиеттерінің өзгеруімен және нарықтағы баға өзгерісіне байланысты ауысуы мүмкін. Физикалық қасиеттерінің өзгерісі туралы ақпараттарды бағалар өзгерісі туралы ақпараттардан бөлек жеке ашу ағымдағы кезең ішінде және келешекте, әсіресе, өндірістік топтамасы бір жылдан аса қызмет нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда субъектіге ашу ұсынылады - топтар ішінде, немесе басқа әдіспен - биологиялық активтің физикалық қасиеттері мен баға өзгерістеріне байланысты сатуға басқа да қосымша шығындардің есепті мөлшерін шығарып тастағандағы әділ бағасының өзгерістерін көрсететін және кезең ішіндегі пайда мен шығын құрамына енген қаражат жиынтығы. Бұл ақпараттың ережеге сай өндірістік топтамалар бір жылдан кем болғанда пайдасы азырақ (мысалы, балапандарды немесе дәнді дақылдарды өсіру барысында).




    1. Биотрансформация нәтижесінде бірқатар физикалық қасиеттердің өзгеруі болады - өсу, құлдырау, жеміс беру, көбею - бұлардың әрқайсысы бақылау мен өлшеуге беріледі. Физикалық қасиеттердің бұл өзгерістердің әрқайсысы келешектегі экономикалық пайдалар мен сервистік әлеуеттермен тікелей байланысты. Биологиялық активтердің ауылшаруашылық өнімдердің алынуымен шартталған әділ құнының өзгеруі де физикалық қасиеттердің өзгеруін көрсетеді.




    1. Ауылшаруашылық қызмет жиі жайсыз ауа райының, аурулар жайылуының тәуекелдерімен және басқа табиғи тәуекелдермен байланысты. Егер пайда немесе шығындардың елеулі бөлімдері нәтижесінде туындайтын оқиға болса, онда бұл бөлімдердің сипаты мен мөлшері 1 ҚСҚЕХС сай ашылады. Мұндай оқиғалардың мысалы - қатерлі аурулардың жайылуы, су шаю, күшті қуаңшылық немесе аяз, сол сияқты жәндіктердің шабуылы.


Әділ құнның сенімді бағасын өлшеу мүмкін емес биологиялық активтерге пайдаланылатын қосымша қосымша ақпараттарын ашып көрсету

    1. Егер субъект биологиялық активті кезең соңына жинақталған өтемпұл мен жинақталған құнсызданудан шығындарды шығарып тастағандағы өзіндік құны бойынша есептесе (34-параграфты қараңыз), онда мұндай активтер қатынасында ол келесі ақпараттарды ашуы керек:

(a) Осы биологиялық активтерді сипаттау;

(b) Әділ бағаны өлшеуге мүмкіндік бермейтін себептерді анықтау;

(c) Барлық мүмкіндігінше әділ баға бар есептеу бағасының көлемін;

(d) Өтемпұлға қолданылатын есептеу әдісі;

(e) Пайдалы қолдану мерзімі, немесе өтемпұлдық шығарылудың пайдалануға жарамды мөлшері;

(f) Кезеңнің басы мен аяғына жалпы теңгерім құны және өтемпұлының жинақталған қаражат жиынтығы (жинақталған құнсызданудан шығындармен бірге).


    1. Егер ағымдағы кезеңде субъект биологиялық активті жинақталған өтемпұл мен құнсызданудан шығындар жиынытығын алып тастағандағы өзіндік құны бойынша есептесе (34-параграфты қараңыз), онда субъект мұндай биологиялық активтердің шығуы барысында мойындалған кез келген пайдалар мен шығындарды ашуы керек, ал 48-параграфқа сай салыстыруды көрсету барысында мұндай биологиялық активтерге жататын көрсеткіштерді жеке ашу керек. Бұдан басқа, мұндай салыстыруға кезең ішіндегі пайдалар мен шығындар құрамындағы және осы биологиялық активке қатысты келесі көрсеткіштерді қосу керек:

(a) Құнсызданудан шығындар;

(b) Құнсызданудан шығындарды түзетпе жасау;

(c) Өтемпұл жиынтығы.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет