Егер өндірістік құрал бойынша есеп бекітілген баға бойынша төлемге айырбастау жолымен брутто-негізде жүргізілуі күтілсе, туынды құрал қаржы ағындарын хеджирлеуді есепке алу үшін басқа өлшемдерді қанағаттаныру талабымен брутто-негізде осы есеп шектеуінде қаржы ағындарын хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін бе?
Ия. Есебі брутто-негізде жүргізілетін туынды құрал туынды құралдың өзін брутто-негізде есептеу кезінде шығатын болашақ операция шегінде сатып алуға, немесе төлемге жататын өтеу көлемінің өзгеру қаупінен қаржы ағындарын хеджерлеу кезінде хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін, өйткені туынды құралсыз сатып алу немесе сату бағаларының өзгеруі қаупі болады. Бұл 29 ҚСҚЕХС сәйкес туынды құрал ретінде есептелетін бекітілген баға бойынша барлық келісімшарттарға қолданымды.
Мысалы, егер субъект тауарды сатуға бекітілген бағасымен келісімшарт құрса, бұл келісім шарт 29 ҚСҚЕХС сәйкес туынды құрал ретінде есептелетін (мысалы, субъектінің дилерлік бағалау немесе қысқа мерзімдік бағаның тербелуінен пайда табу мақсатында қаржы құралдарының көмегімен ұқсас келісімшарттар бойынша нетто-есептің тәжірибесі бар), субъект бекітілген бағасымен актив сатылатын келісімшарт болып табылса да, актив сатылымынан алғанға дейін (болашақ операция) хеджирлеу құралы ретінде анықтай алады. Сонымен қатар, егер субъект қарызы бар құралды сатып алуға форвардттық келісімшарт құрса, оған жеткізу жолымен жүргізілу бойынша есеп жүргізілсе, форвардттық келісімшарт туынды құрал болып табылады, өйткені оның мерзімі нарыққа қоюдың стандарттық процедурасы кезеңінен асып түседі, субъект туынды құрал қарызы бар құрал сатып алынатын келісімшарт болса да, қарызы бар құралды сатып алу үшін төлемге жататын (болашақ операция) орналастырудың өзгеруі әсерінен қаржы ағындарын хеджирлеу құралы ретінде форвардтты анықтай алады.
F.2.6 Хеджирлеу қатынасы: Субъект деңгейіндегі қауіп
Субъектіде бірдей негізгі сомамен пайыздың бекітілген мөлшерлемесі бар міндеттеме және пайыздың бекітілген мөлшерлемесі бар активі бар. Құралдардың талаптарына сәйкес, актив және міндеттеме бойынша пайыздық төлемдер бір және сол кезеңде жүргізіледі және қаржы құралдарының таза ағыны үнемі оң нәтижеде болады, өйткені активтің пайыздық мөлшерлемесі міндеттеменің пайыздық мөлшерлемесін асырады. Субъект пайыздық своп келісімшартын құрайды, ол өзгермелі пайыздық мөлшерлемеге есептелген соманы алуы тиіс және актив пен міндеттеменің негізгі сомасына тең шартты сомадан бекітілген пайыздық мөлшерлеме бойынша есептелген соманы төлеу және пайыздың бекітілген мөлшерлемесі бойынша активтің әділ құнын хеджирлеу құралы ретінде пайыздық свопты анықтайды. Бұл хеджирлеу қатынасы субъектімен қозғалмаған пайыздық мөлшерлемелері өзгеру қаупі тууына әкелетін субъект деңгейінде пайыздық своптың әсері болса да, хеджирлеуді есепке алу үшін қанағаттандырады ма?
Ия. 29 ҚСҚЕХС хеджирлеуді есепке алу үшін, талап ретінде субъект деңгейінде қауіптердің төмендігін талап етпейді. Қауіптер операция деңгейінде бағаланады және осы мысалда хеджирленетін активтің әділ құны пайыздық своппен орны толтырылатын пайыздық мөлшерлеменің өзгеру қаупіне ұшырайды.
F.2.7 Қаржы ағындарын хеджирлеу: субъектінің таза активтерге/капиталға жататын болжамды операциясы
Қаржы ағындарын хеджирлеу кезінде субъектінің өзіндік үлестік құралымен болжамдық операция болжамдалатын дивидендттермен немесе аналогтық төлемдермен субъектінің меншіктеріне хеджирленетін бап ретінде сыныптала ма?
Жоқ. Болжамдалатын операция хеджирленетін баптар ретінде сыныпталуы мүмкін болуы үшін, пайда немесе шығынға әсер ете алатын (29 ҚСҚЕХС 96) нақты қауіпке субъектіні ұшырату қажет. Міндеттемелерде немесе таза активтерде/капиталда қаржылық құралдарды сыныптастыру 28 ҚСҚЕХС бойынша пайдалар, немесе шығындар құрамында осындай құралдармен байланысты операциялар, немесе басқа міндеттемелерді тану мақсатында нақты сол үшін негізді қамтамасыз етеді. Мысалы, үлестік құралдарды таза активтердің/капиталдың төмендеуіне тікелей үлестік құрал ұстанушылардың төлеміне жатады (28 ҚСҚЕХС 40). Сондықтан мұндай төлемдер хеджирленетін бап ретінде анықталмайды. Бірақ хабарланған дивиденд немесе аналогтық төлем, әлі төленбеген және қаржылық міндет ретінде танылады, мүмкін хеджирлеу бабы ретінде сыныпталған, мысалы, егер ол шетел валютасында көрсетілген валюталық қауіпті хеджирлеу кезінде орындалуы мүмкін.
F.2.8 Хеджирлеу есебі: операцияның болмау қаупі
29 ҚСҚЕХС субъектіге операцияның болмау қаупін хеджирлеу үшін мысалы, күтілгеннен аз кіріске соқтырса, хеджирлеу есебін қолдануға рұқсат етеді ме?
Жоқ. Операция болмайды дегенге қауіп хеджирленетін бап ретінде сыныптала алмайтын жалпы операциялық қауіпке жатады. Хеджирлеу есебі шетел операцияларына таза инвестицияларымен және мүмкіншілігі көп болжамдық операциялармен, нақты келісімдермен, танылған активтер және міндеттемелермен байланысты қауіптерге ғана ұшырауы мүмкін (29 ҚСҚЕХС 96).
F.2.9 Өтегенге дейін бекітілген инвестициялар: ауыспалы пайыздық мөлшерлеме бойынша төлемдерді хеджирлеу
Субъект ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдерді қарастыратын пайыздық своп келісімшартын және өтеуге дейін ұсталған пайыздық ауыспалы мөлшерлемесімен құрал ретінде пайыздың бекітілген мөлшерлемесі бойынша төлем алуды анықтай алады ма?
Жоқ. Ауыспалы мөлшерлемесімен бірге қарызы бар инвестиция бойынша пайыздық төлемдердің хеджирлеу құралы ретінде своптың сыныпталуы өтеуге дейін ұсталған қарызы бар инвестиция анықтамасымен келіспейді. 29 ҚСҚЕХС 88 өтегенге дейін ұсталған ивестиция мерзімінен бұрын өтеу қаупі немесе пайыздық мөлшерлеме қаупіне қатысты хеджирленетін бап бола алмайды, «өйткені өтегенге дейін ұсталатын инвестиция анықтамасы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне қатысты, осындай инвестициядан қаржы ағындары немесе әділ құнда өзгерісті есепке алмай өтегенге дейін инвестицияны ұстауға тиістілікті талап етеді».
F.2.10 Хеджирленетін баптар: өтеуге дейін ұсталатын инвестицияларды сатып алу
Субъект, онымен болжамды операцияны жүзеге асыру кезеңінде өтеуге дейін ұсталатындай топтастыруға қаржылық құралды сатып алуды болжайды. Субъект, қаржылық активті сатып алуды болжаудың хеджирленген құралы ретінде туынды құралды анықтайды және ағындағы пайыздық ақыны бекіту ниетімен туынды құрал болып табылатын келісімшарт жасасады. Егер де актив өтеуге дейін ұсталатын инвестиция ретінде топтастырылатын болса, онда хеджирленудің бұл қатынасы хеджирленуді есепке алу белгілерін қанағаттандыра алады ма?
Ия. 29 ҚСҚЕХС өтеуге дейін ұсталатындай болып топтастырылатын қаржылық актив үшін пайыздық қауіпке қатысты хеджерленуді есепке алуға тыйым салады (29 ҚСҚЕХС 88). Егер де субъект активті өтеуге дейін ұсталатындай етіп топтастырса, құрал операцияны жүзеге асыру кезеңіне дейін топтастырылмайды.
F.2.11 Қаржылық ағындарды хеджирлеу: өтеуге дейін ұсталатын инвестициялардан алынатын қаржыны қайта инвестициялау
Субъект өтеуге дейін ұсталатындай етіп топтастырылатын ауысымды мөлшерлемесі бар активке ие болады. Субъект жоғарыда айтылған ауысымды мөлшерлемесі бар активтен ақшалай ағындарды қайта инвестициялауға пайыздық мөлшерлемені ағындағы деңгейде бекіту мақсатымен туынды келісім-шарт жасасады және аталған туынды құралды өтеуге дейін ұсталатын актив бойынша пайыздық түсімдерді қайта инвестициялау нәтижесінде сатып алынған қарызды құралдар бойынша болжап отырған болашақ пайыздық төлемдерден болатын ақшалай ағындарды хеджирлеу құралы ретінде анықтайды. Хеджирлеуді есепке алудың басқа белгілері қанағаттандырылатын жағдайда, қайта инвестицияланған пайыздық төлемдер өтеуге дейін ұсталатындай болып топтастырылатын активтен келетін болса да, ақшалай ағындарды хеджирлеуді есепке алу белгілерін қанағаттандыра алады ма?
Ия. 29 ҚСҚЕХС 88 өтеуге дейін ұсталатын инвестиция пайыздық қауіпке қатысты хеджирленген бап бола алмайтынын көрсетеді. F.2.8 сұрағы бұл тек қана әділ құнның хеджерлеуге ғана емес, яғни белгіленген пайыздық төлемдері бар өтеуге дейін ұсталатынинвестициялармен байланысты пайыздық қауіпке әділ құнның хеджерленуіне ғана емес, сонымен қатар ақшалай ағындарды хеджирлеу, яғни ағынды ауысымды мөлшерлеме бойынша пайыздық төлемдері бар өтеуге дейін ұсталатынинвестициялармен байланысты пайыздық қауіптен ақшалай ағындарды хеджирлеуге қолданылатындығын көрсетеді. Алайда, бұл мысалда туынды құрал өтеуге дейін ұсталатын ауысымды мөлшерлемесі бар инвестициядан келетін ақшалай ағындарды қайта инвестициялау нәтижесінде сатып алынған қарызды құралдар бойынша болжап отырған болашақ пайыздық төлемдермен байланысты ақшалай ағындар қауіпінің өтемі үшін анықталады. Болжап отырған қайта инвестициялаудың қаражат көзі қайта инвестициялау қауіпінің хеджерленетіндігін анықтау кезінде айтарлықтай мәні жоқ. Сәйкесінше, аталған туынды құралды ақшалай ағындарды хеджерлеу құралы ретінде анықтауға рұқсат етілген. Бұл жауап, сондай-ақ, өтеуге дейін ұсталатындай болып топтастырылатын белгіленген мөлшерлік пайызы бар активтен келетін пайыздық түсімдерді қайта инвестициялау нәтижесінде сатып алынған қарызды құралдардан болжап отырған болашақ пайыздық төлемдермен байланысты ақшалай ағындардың қаупін хеджерлеуге қатысты.
F.2.12 Хеджирлеуді есепке алу: мерзімінен бұрын өтелетін қаржылық актив
Егер де эмитент қаржылық активті өтеуге құқылы болса, инвестор хеджирленген бап ретінде мерзімінен бұрын өтеу күнінен кейін ақшалай қаражат ағындарын анықтай алады ма?
Ақшалай қаражат ағындары мерзімінен бұрын өтеу күнінен кейін хеджирленген бап ретінде анықталуы мүмкін, егер де олардың «жоғары ықтималдыққа» ие болатындығын көрсете алу мүмкін болса (29 ҚСҚЕХС 98). Мысалы, ақшалай қаражат ағындары мерзімінен бұрын өтеу күнінен кейін «жоғары ықтималдық» белгілерін қанағаттандыра алады, егер де ол мерзімінен бұрын өтеу нақтылықтың жоғарғы деңгейімен бағалануы мүмкін ұқсас активтердің тобымен байланысты (мысалы, ипотекалық қарызбен) пайда болатын болса немесе егер де оларды мерзімінен бұрын өтеу айтарлықтай тиімсіз болса. Одан басқа, егер де хеджирлеу құралы салыстыруға болатын мүмкіншілікті қарастыратын болса, ақшалай қаражат ағындары мерзімінен бұрын өтеу күнінен кейін хеджирленген бап ретінде анықталуы мүмкін.
F.2.13 Әділ құнды хеджирлеу: кіріске немесе шығысқа әсер ететін қауіп
Қарыз және дебиторлық қарыз ретінде топтастырылған пайыздың белгіленген мөлшерлемелерімен бірге қарыздармен байланысты пайыздық қауіптерді хеджирлеу үшін хеджирлеуді есепке алу рұқсат па?
Ия. 29 ҚСҚЕХС сәйкес қарыз және дебиторлық қарыз амортизацияланған құны бойынша есепке алынады. Көптеген субъектілер өздерінің қарыздарының және дебиторлық қарыздарының үлкен бөлігін өтеуге дейін ұстайды. Осылайша, нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты мұндай қарыздардың және дебиторлық қарыздардың әділ құнының өзгеруі кіріске немесе шығысқа әсер етпейді. 29 ҚСҚЕХС 96 нақты қауіппен байланысты әділ құнының өзгеру қауіпіне ұшырау хеджирлеуі болып табылады және ол кіріске немесе шығысқа әсер ете алатындығын көрсетеді. Сондықтан 29 ҚСҚЕХС 96 қарыздардың және дебиторлық қарыздардың әділ құнын хеджирлеу үшін хеджирлеуді есепке алуға тыйым салады деп көрінуі мүмкін. Алайда, 29 ҚСҚЕХС 88 бойынша қарыздар және дебиторлық қарыздар пайыздық қауіпке қатысты хеджирленген бап болуы мүмкін, себебі олар өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар ретінде топтастырылмайды. Субъект оларды сатып алар еді және әділ құнының өзгеруі кіріске немесе шығысқа әсер етуші еді. Осылайша, қарыздардың және дебиторлық қарыздардың әділ құнын хеджирлеу үшін хеджирлеуді есепке алу рұқсат.
F.2.14 Топ шеңберінде және субъект шеңберінде хеджирлеу операциялары
Функционалдық валютасы австралиялық доллар болып табылатын австралиялық субъект жапондық иендерде болжамды сатып алуға ие, оның ықтималдығы айтарлықтай жоғары. Австралиялық субъект толығымен швейцарлық субъектіге тиесілі, ол өзінің шоғырландырылған қаржылық есеп беруін (австралиялық бақылаушы субъектпен қоса) швейцарлық франктарда құрайды. Швейцарлық бақылаушы субъект австралиялық долларға қатысты иеннің ауыстыру курсының өзгеруін хеджирлеу мақсатымен форвардты келісім шарт жасасады. Бұл хеджирлеу шоғырландырылған қаржылық есеп беруде хеджирлеуді ескеру белгілерін қанағаттандыра алады ма немесе валюталық қаупі бар австралиялық бақылаушы субъект бұл хеджирлеу операциясының бір жағы болуы тиіс пе?
Хеджирлеу хеджирлеуді есепке алу талаптарына жауап бере алады, егер де 29 ҚСҚЕХС сәйкес хеджирлеуді есепке алудың басқа да шарттары орындалатын болса. Себебі австралиялық субъект иендерде болжамды сатып алулармен байланысты валюталық қауіпті хеджирлемеген, австралиялық доллардың иенге қатысты ауыстыру курсының өзгеру нәтижелері австралиялық субъектінің кірісіне немесе шығысына ықпал етеді және сонымен бірге, шоғырландырылған кіріске немесе шығысқа ықпал етеді. 29 ҚСҚЕХС сәйкес хеджерленген қауіпке жататын операциялық бөлімше хеджирлеу құралының бір жағы болуға міндетті емес.
F.2.15 Ішкі келісімшарттар: орнын толтырушы ішкі туынды құрал
Субъект, ішкі туынды келісімшарттар ретінде сипатталатын пайыздық қауіп үшін жеке бөлімшелерден орталық жауапкершілік қазынашылығына өткізуді құжаттау үшін қолданады. Орталық қазынашылық ішкі туынды келісімшарттарды біріктіреді және нетто-негізде ішкі туынды құралдардың орнын толтыратын бір сыртқы туынды келісімшартын жасасады. Мысалы, егер орталық қазынашылық басқа бөлімшелерде ауысымды мөлшерлемесі бар міндеттемелер бойынша пайыздармен байланысты ақшалай ағындардың өзгеру қаупін жабатын, ауысымды мөлшерлеме бойынша төлемдерді жүзеге асыру мен тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдерді алуды қарастыратын пайыздық жиынтықтың үш ішкі келісімшартын және басқа бөлімшелерде ауысымды мөлшерлемесі бар активтер бойынша пайыздармен байланысты ақшалай ағындардың өзгеру қаупін жабатын, тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдерді жүзеге асыру мен ауысымды мөлшерлеме бойынша төлемдерді алуды қарастыратын пайыздық жиынтық бір ішкі келісімшартын жасасса, сондай-ақ ол төрт ішкі жиынтықтың нақты орнын толтыратын сыртқы контрагені бар пайыздық жиынтықтын келісімшартын жасасады. Егер де хеджирлеуді есепке алу белгілері орындалатын болса, бір орнын толтырушы сыртқы туынды құрал субъектінің қаржылық есебінде базалық сала бөліктерінде брутто-негізде хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралы ретінде топтастырыла алады ма?
Ия, бірақ егер де сыртқы туынды құрал брутто-негізде ақшалай қаражаттардың түсулерін немесе ақшалай қаражаттардың төлемдерін орнын толтыру ретінде анықталатын болса. 29 ҚСҚЕХС 94 жалпы таза ұстанымды хеджирлеу хеджирлеуді есепке алудың талаптарын қанағаттандырмайтынын көрсетеді. Бірақ бұл стандарт базалық салалардың бөлігін брутто-негізде хеджирленген ұстаным ретінде анықтауға рұқсат береді. Сондықтан, егер де сыртқы туынды келісімшартты жасасудың мақсаты нетто-негізде ішкі туынды құралдардың орнын толтырудан тұратын болса да, егер хеджирлеу қатынасы анықталған және брутто-негізде базалық ақшалай ағындардың немесе ағыстардың бөлігін хеджирлеу ретінде құжатталған болса, хеджирлеуді есепке алуға рұқсат етіледі. Субъект хеджирленген ұстаным ретінде базалық ақшалай ағындар бөліктерін анықтау үшін 29 ҚСҚЕХС 94 мен 29 ҚСҚЕХС AG141 сипатталған салаларды сақтауға міндетті.
F.2.16 Ішкі келісім шарттары: нетто-негізде жүргізілетінесептеулер бойынша сыртқы туынды келісімшарттар
(a) сұрағы – Субъект жеке бөлімшелерден орталық қазынашылыққа пайыздық қауіптерді беру үшін ішкі туынды келісімшарттарын қолданады. Әрбір ішкі туынды келісімшарт бойынша орталық қазынашылығы бір сыртқы контрагентімен ішкі туынды келісімшартының орнын толтыратын туынды келісімшартын жасасады. Мысалы, егер орталық қазынашылық LIBOR мөлшерлемесі бойынша төлемдерді қарастыратын қарыз бойынша пайыздық төлемдердің өзгеру қаупін хеджирлеу үшін орталық қазынашылықпен келісімшарт жасасқан басқа бөлімшемен LIBOR мөлшерлемесі бойынша төлемдерді жүзеге асыру мен тіркелген мөлшерлеме бойынша 5 пайыз төлемдерін алуды қарастыратын пайыздық жиынтықтың келісімшартын жасасса, онда орталық қазынашылық LIBOR мөлшерлемесі бойынша төлемдерді алу мен тіркелген мөлшерлеме бойынша 5 пайыз төлемдерді жүзеге асыруды қарастыратын сол секілді пайыздық жиынтық келісімшартының негізгі шарттары негізінде сыртқы контрагентпен келісімшартты жасасады. Алайда, сыртқы туынды келісімшарттардың әрқайсысы ресми түрде жеке келісімшарт ретінде құжатталған, барлық сыртқы туынды келісімшарттар бойынша есептеулер нетто-негізде жүргізіледі, себебі сыртқы контрагентпен өзара сынақ туралы келісімі бар. Егер де хеджирлеудің басқа шарттары орындалатын болса, мысалы, жоғарыда аталған қарыз бойынша LIBOR мөлшерлемесі бойынша пайыздарды төлеуді қарастыратын пайыздық төлемдерінің өзгеру қаупі бойынша ұстанымдар, егер де сыртқы туынды құралдар бойынша есептеу нетто-негізінде жүзеге асырылса да, жеке сыртқы туынды келісім шарттар, мысалы, жоғарыда аталған 5 пайыз тіркелген мөлшерлеме бойынша төлемдерді жүзеге асыру мен LIBOR мөлшерлемесі бойынша төлемдерді алуды қарастыратын пайыздық жиынтық, базалық валдық ұстанымдарын хеджирлеу құралдары ретінде анықталуы мүмкін бе?
Толығымен ия. Заң бойынша жеке келісімшарттар болып табылатын және ақталған шаруашылық мақсатпен жасалатын сыртқы туынды келісімшарттар, мысалы, егер мұндай сыртқы келісімшарттар бойынша хеджирлеуді есепке алу үшін 29 ҚСҚЕХС талаптарының қанағаттандырылатындығы жағдайында бір сыртқы контрагентпен нетто-негізде жүргізілетін болса да, брутто-негізде қауіптерді жабу үшін, хеджирлеу құралдарының талаптарын қанағаттандырады. Сондай-ақ F.1.13 сұрақты қараңыз.
(b) сұрағы – Қазынашылық, сыртқы орны толтырылатын келісімшарттарды жасасқан және оларды орталықтандырылған портфельге енгізген кезде, ол нетто-негіздегі қауіптерді бағалау мүмкіндіктеріне ие болмайтындығын байқайды. Қазынашылық субъектінің басқа қауіптерінен жеке орны толтырылған туынды құралдар портфелін басқарғысы келеді. Сондықтан портфель қаупінің орнын толтыру мақсаты бар туынды құрал болып табылатын бір қосымша келісімшарты жасалады. Портфелдегі жеке сыртқы туынды құралдары, сыртқы келісімшарттарды жасасу нәтижесінде пайда болған барлық нарықтық қауіптің орнын толтыру үшін біртұтас туынды құрал қолданылса да, базалық валдық ұстанымдарды хеджирлеу құралдары ретінде анықталуы мүмкін бе?
Толығымен ия. Сыртқы туынды құралдарды бұл түрде құрылымдау мақсаты субъект қауіптерін басқару стратегиясымен және міндеттерімен келісіледі. Жоғарыда көрсетілгендей, ақталу мақсатымен жасалған және заң бойынша жеке келісімшарттар болып табылатын сыртқы туынды келісімшарттар хеджирлеу құралдары ретінде топтастырылуы мүмкін. Одан басқа, F.1.13 сұрағына жауап хеджирлеуді есепке алуға тыйым салынбағандығын көрсетеді, себебі келісулерді жеке құрылымдау өзіндік мақсатпен ақталатын болса, сол контрагентпен жасасқан, басқа келісімшартының шарттарын айнадай көрсететін субъект, оның шарттары жиынтығынан жиынтық келісімшартын жасасады.
F.2.17 Жартылай мерзімге хеджирлеу
29 ҚСҚЕХС 84 хеджирлеу құралы айналымда болған кезге дейін хеджирлеудің қатынасы мерзімнің бір бөлігіне анықтала алмайтындығы көрсетілген. Хеджирленген бапты өтеу мерзімінің тек қана бір бөлігін хеджирлеу үшін туынды құралды тағайындауға рұқсат етіледі ме?
Ия. Қаржылық құрал, хеджирлеуді есепке алудың басқа белгілері орындалатын болса және тек қана хеджирлеудің тиімділігі өлшенетін болса, өзінің ақшалай ағындарының және әділ құнының бөлігі үшін хеджирленген бап болуы мүмкін.
Мысалы: А субъектісі тіркелген мөлшерлемесі 10 пайыз және өтеуге дейін қалған оң жылдық мерзімі бар мемлекеттік құнды қағазды сатып алады. А субъектісі құнды қағазды сатуға арналған деп топтастырады. Құнды қағаздың әділ құнының өзгеруінен хеджирлеу үшін А субъектісі бесінші жылға дейін қоса пайыздық төлемдердің дисконтталған құнымен байланысты пайыздың тіркелген мөлшерлемесі бойынша төлемдерді жүзеге асыру мөлшерлемесі бойынша төлемдерді алуды қарастыратын бесжылдық пайыздық жиынтықты сатып алады. Жиынтықтың бесжылдық ағынында кіріс қисығының өзгеруі ықпал ететін дәрежеде құнды қағаздар мерзімінің аяқталуы бойынша өтеуге жататын негізгі соманы құнының өзгеруі мен бесінші жылды қоса алғанға дейінгі мемлекеттік құнды қағаздар бойынша пайыздық төлемінің әділ құнын хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін.
F.2.18 Хеджирлеу құралы: валютааралық пайыздық жиынтық
А субъектісінің функционалдық валютасы жапондық иен болып табылады. А субъектісінің пайыздық мөлшерлемесімен бірге АҚШ долларында бес жылдық міндеттемелері және тіркелген мөлшерлемесі бар фунт стерлингті алуға оң жылдық векселі бар. Активтің валюталық қаупін хеджирлеу мақсатында және А субъектісінің міндеттемелері мен векселдің әділ құнының пайыздық қаупін хеджирлеу мақсатымен бесжылдық кезеңнің соңында тіркелген мөлшерлеме бойынша фунт стерлингтермен төлеуді жүзеге асыру мен пайыздық мөлшерлемесі бойынша АҚШ долларында ақшалай қаражаттардың түсуін қарастыратын валютааралық пайыздық жиынтықтын келісімшартын жасасады. А субъектісі фунт стерлингі мен АҚШ долларының екеуі де А субъектісіне тиесілі болса, айырбасты пайыздық қауіп пен шетелдік валютаның қаупіне қарсы ұқсас баға кедергісіндегі сақтандыру құралы ретінде сақтай ала ма?
Ия. 29 ҚСҚЕХС 90 әсер өлшенетін болса, қауіп компонентін құрайтын кедергіге рұқсат береді. Сонымен қатар, 29 ҚСҚЕХС 85 жалғыз хеджирлеу құралын қауіптің бір түрінен көп кедергісі ретінде анықтауға рұқсат береді, егер де қауіптер анық теңдестірілсе, әсерлілік көрсетілсе, онда белгілі сақтандыру құралы және түрлі қосымшалар анықтамасы қамтамасыз етіледі. Сондықтан да айырбас АҚШ доллары мен фунт арасындағы айырбас курсы мен бастапқы 5 жылдық мерзімнің британдық пайыздық мөлшерлерінің өзгертілімдерімен байланысты оның ұқсас бағасындағы өзгерістерге ұшырауға қарсы қолданылатын стерлинг фунтының ұқсас баға кедергісінде хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін. Айырбас артықшылық немесе тапшылықта мойындалған ұқсас бағадағы өзгерістермен ұқсас бағада өлшенген. Қабылдарлықтың теңгерімдік құны бірінші бес жылдық кіріс қисығының бөлігі үшін британдық пайыздық мөлшерлемеге өзгерістермен шақырылған оның ұқсас бағасындағы өзгерістер үшін қабылданған. Қабылдарлық және төлемді қажет ететін 4 ҚСҚЕХС айырбас курстарды қолдануда қайта өлшенген және олардың теңгерімдік құнындағы өзгеріс артықшылық пен тапшылықта мойындалған.
F.2.19 Хеджирленетін баптар: ашық сатылатын акциялардың валюталық тәуекелін хеджирлеу
А субъектісі шетелдік қор биржасында В субъектісінің акцияларын 1,000 шетел валютасымен (ШВ) берілген әділ құн бойынша сатып алады. А субъектісі осы акцияларды сату үшін қолда бар ретінде сыныптайды. Акцияларға байланысты валюта бағамының өзгерістерінен өзін қорғау мақсатымен субъект 750ШВ сатуға форвардтық келісімшарт жасасады. А субъектісі акцияларды иеленіп тұрған уақытында форвардтық валюталық келісімшартты жаңартып тұруға ниеттеніп отыр. Егер хеджирлеудің басқа нышандары орындалса, форвардтық валюталық келісімшарт акцияларға байланысты валюталық тәуекелді хеджирлеу құралы ретінде сыныптала алды ма?
Ия, егер нақты және анықталатын валюталық айырбас бағамы өзгерісінің тәуекелі бар болса. Сондықтан да, хеджирлеу есебіне (а) үлестік құрал, сатылым А субъектісінің қызмет атқару валютасы болып табылатын валютада жүргізілетін биржада (немесе басқа құрылған нарықта) сатылмаса және (b) А субъектісінің дивиденттері осы валютада берілмесе рұқсат етіледі. Осылайша, егер акция бірнеше валютада сатылатын болса, және осы валюталардың біреуі есеп беруші субъектінің қызмет атқару валютасы болып табылса, акция құнының валюталық құрауышы үшін хеджирлеу есебіне рұқсат етілмейді.
Осындай жағдайда, форвардтық валюталық келісімшарт шетел валютасындағы 750ШВ дейінгі акцияның әділ құны бөлігімен байланысты валюталық тәуекелді хеджирлеуге арналған хеджирлеу құралы ретінде анықтала алады ма?
Ия. 29 ҚСҚЕХС хеджирлеу нәтижесін өлшеуге болатын болса (29 ҚСҚЕХС 90), ақшалай қаражат ағынының бір бөлігін немесе қаржылық активтің әділ құнын хеджирлеу бабы ретінде анықтауға рұқсат береді. Сондықтан, А субъектісі форвардтық валюталық келісімшартты акцияның шетел валютасындағы әділ құны бөлігімен байланысты валюталық тәуекелді хеджирлеу құралы ретінде анықтауына болады. Келісімшарт акцияларға байланысты несиелік тәуекел әсерінің 750ШВ әділ құны сомасын хеджирлеу құралы ретінде немесе сатылу мерзімі анықталған жағдайда болжамды сатылу шеңберіндегі ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде анықталуы мүмкін. Шетел валютасындағы акцияның кез-келген өзгерісі, егер акцияның шетел валютасындағы әділ құны 750ШВ төмендемесе, хеджирлеу тиімділігіне әсер етпейді.
F.2.20 Хеджрлеу есебі: қор индексі
Достарыңызбен бөлісу: |