Аннотация


Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#134098
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Казақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

университеті

Психология кафедрасы

ФК-03-3к2 тобы студенті

Бегалиева Лейла Жанаталиевнаның
«Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті дщиагностикалау және коррекциялау»

тақырыбында орындаған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА


ҚОСЫМШАЛАР


ШЫМКЕНТ 2007

1 ҚОСЫМША



Жеткіншектерге арналған «Өзін-өзі дамыту» коррекциялық жаттығулар жинағы.

1 жаттығу. «Өзін-өзі дамыту» психологиясының мақсаты мен міндеттері.

Оқыту барысында оқытушы оқушыларға өзі алдын ала меңгерген білімдерді жүйелі түрде үйретеді. Біздің сабақтардың негізгі мақсаты: әр қатысушыға психологиялық білімді өзін-өзі талдап, психологиялық қысиеттерін біліп алуға үйрету.

Мұндай білім мен іскерлікті тек қана оны білгісі келген, қажеттілігі қалыптасқан, сұранысы туған адамдармен ғана жүргізуге болады.

СҰРАНЫС пен СӘТСІЗДІККЕ НЕГЕ ЖИІ ЖОЛЫҒАМЫН деген шағымның арасы өте алшақ. Мысалы, кішкентай баланың өзі өмірде көптеген қиындықтарға кездесіп жүр, сондықтан ол неше түрлі шағымдар айтады: «мені балалар мазақтап жатыр», «көбейту кестесін жаттап алуға шамам келмейді», «мектепке күнделікті бара беруден жалықтым», «ұйқым қанбайды, сондықтан ерте тұруым қиын», «кешке телевизор көруге рұқсат бермейді» т.с.с. Осы жағдайлардың барлығы бала психикасына теріс әсерін тигізіп отыр. Сондықтан бала шағымын айтқанда үлкендерден көмек сұрап отыр: «көбейту кестесі миыма өзінен өзі сіңетіндей бір шара қолданыңыз» деген мағнаны білдіреді. Өйткені үлкендер көп нәрсені біледі, қолынан барлық нәрсе келеді, кішкентайлар проблемасын шешуді өз мойнына алады.

Психолог қызметінің міндеті – осы шешуі табылмай тұрған шағымды сол адамның қажеттілігіне, сұранысына айналдыру. Өзін-өзі дамыту барысында қатынасушылардың алдында тұрған проблемаларды оның өзіңнің бірінші қажеттілігіне, сұранысына айналдыруға бағытталған әдіс-тәсілдер жүйесін меңгертіп, оны өз өмірінде пайдалануға негіз жасау міндеті қойылады. Сондықтан өзін-өзі дамыту курсының сабақтарын алдын-ала толық жоспарлап алу мүмкін емес. Сабақтарда талданатын материалдарды тек қатынасушылардың, оқушылардың өздері ғана ұсына алады, өйткені олардың алдында тұрған проблемалардың эксперті ретінде тек өздері бола алады.

Қазіргі кезде адамның һзін-өзі дамытуға негіз болатын шарттар анықталған.



  1. Қатынасушы мен психолог арасындағы ерекше қарым-қатынас түрлерін пайдалану: оқушыға дайын білім немесе жауап берілмейді. Жауапты оқушымен психолог бірге іздейді. Сондықтан бұл қарым-қатынас түрін өнімсіз деп атауға болады.

  2. Қатынасушылардың бір-бірімен қарым-қатынасының ерекшелігі: партнерлардың пікірлері сәйкес келмесе оны бір-бірімен үйлесімді түрге келтіру.

  3. Әр адам өзінің «Мен-концепциясы» ерекшеліктерін анықтап, оны тіркеп алып, мазмұнын талдау арқылы өзін жете түсіну.

  4. Барлық қатынасушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бір-біріне сенімін арттыру, бір-бірін қолдау және көмектесу позициясын қалыптастыру.



2 жаттығу. Өзін-өзі дамыту дегеніміз не?
Жаратушы, маған күш берегөр:

1. өзім өңдеуге шамам келетін қасиеттерімді өңдеу керек екенін түсінуге және оны талаптарға сай өзгертуге;

2. не үшін екенін түсінуге, нені өзгертуге менің шамам келмеген жерде;

3. жақсы мен жаманды ажырата білуге, қажетті мен қажетсізді түсінуге;

4. басқалармен бірге өмір сүруге икем болуға және баршамен тілтабысқыш болуға.
Осы, күнделікті туатын тағы басқа проблемаларды шешу өте қиын. Өсу және даму барысында әр адам өзі жеке тұлға болып, өзінің әлеуметтік менін ашып, адамаралық қатынаста өз орнын табуы, өз өмірбаянының авторы болуы қажеттілігі өте терең. 10-12 жас аралығында бала тәрбие объектісінен біртіндеп өз өмірінің субъектісіне айналады.

Осы кезден бастап адамның өзінің құрамды бөліктерінде өзі жасаған қасиеттердің орнынын анықтай бастайды: білімі – басқалардың үйреткені; өмір жоспарлары – ата-аналар жасап берген; сыртқы көрінісім - өзім таңдап алсам ол басқаша болар еді (шашым, мұрным ...); туған жерім - өзім таңдаған жоқпын; киімім - ... шамам келгнін киемін. Қазір, жастық шаққа қадым басқанға дейін барлық іс-әрекет басқалардың басшылығымен, солардың айтқанымен жасалып келе жатыр.

Ал өзің өзіңнің «Мен» көрсеткіштеріңнің дамуына, өзіңнің қабілетіңді ашуға, дүниеге көзқарасыңды қалыптастыруға, болашағыңды анықтауға, жақсы адам болуға, жақсы маман болуға қандай үлесіңді қостың және қосуға шамаң келеді?

«Мен» концепцияны ашу - адамның өзін құруға қосатын үлесін анықтау. Ол бірнеше бөліктен тұрады:

А) әлеуметтік ортадағы өміріңнің сапасына жауапкершілікті мойныңа алу;

Б) басқалардың көмегімен жасалған образдан шығу рефлексияны дамыту;

В) адамдардың ерекшеліктерін көріп, танып, басқаларды есту.

Егер осы құрамды бөліктерді адам түсінсе, ол өзін-өзі тек қана түсініп қана қоймайды, өзін дамыту шығармашылықтың бір қызықты түрі болады.

Адам өмір сүрудің бір үлгісін өзіне салыстырып көріп, ол дұрыс келмесе басқа вариантта қайталауына мүмкіндік жоқ. Өмір бірден таза параққа және бір экземплярда жазылады. Өзін-өзі жетілдіру - ең тиімді жолды тауып алуға мүмкіндік береді.

Бұл процесс саналы жүруі керек.



Өзін-өзі танып білу - өзін бағалай білу, өзін-өзі дұрыс қабылдауы, өзін-өзі сыйлауы.

Өзін-өзі дамыту – саналы түрде өзінің ерекшеліктерін сақтау және саналы түрде, мақсатты түрде өзінің кейбір қасиеттерін дамыту, шығармашылықпен өзгерту.
Өзін-өзі танып білу. Әр адам өзінің даму мүмкіндіктерін анықтауы, өзінің күшті және осал жерлерін білуі және оларды түзетуге күш салу. Бұл өзің туралы білім үздіксіз таяздан тереңге қарай жалжап отыруы үшін келесі

Өзін-өзі танып білу мәселелерін шешу үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:



  • өзін саналы түрде бақылау, талдау, салыстыру, бағалау;

  • өзін және өзінің жеке қасиеттерін бір белгілі үлгімен, өлшеммен салыстыру арқылы идеалдық модельден айырмашылығы қандай екенін анықтап алу және осы айырмашылықты өзін-өзі тәрбиелеу мәресі ретінде белгілеу;

  • өзінің оң көрсеткіштерін анықтау және оларды тиімді пайдалану, оларды нығайту шараларын жасау;

  • өз мінез-құлқы мен қабілеттерін адекватты бағалау жолдарын анықтау;

  • өз қателері мен кемістіктерін анықтау, оларды мойындау және әсерлерін төмендету.


Өз-өзін белсендірту, өзінің белсенділігіне түрткі болу - өзінің ішкі потенциалдарын өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби және тұлғалық жетілуіне өзін тарту. Негізгі тәсілдері: өзін-өзі сынау, өзіне бұйрық беру, міндеттер жүктеу.
Өзін-өзі жетілдіру бағдарламасы.

Өзін-өзі жетілдіру үздіксіз жүретін процесс. Ол тиімді болу үшін мақсат-міндеттерін анықтап алып, оны орындау бағдарламасын жасау қажет.

Бағдарламаның түрі адамның осы жұмысқа даярлығына байланысты әр түрлі вариантта болады. Мысалы:

1) өзінің ерекшеліктерін зерттеп, өзін-өзі дамытып жүру ...

2) университетті қызыл дипломмен бітіру, магитратура түсу (не үшін), оны аяқтағаннан соң ...

3) тұрмыс құру, отбасы мәселелерін шешу жолдарын анықтау ...


3 жаттығу. Өз мақсаттарын іске асыру (самореализация).
Өз мақсаттарын іске асыру техникасы негізгі үш элементтен тұрады:

  1. ұйыдастыру-басқару тәсілдерін меңгеру;

  2. интеллектуалдық даму тәсілдерін меңгеру;

  3. психикалық жағдайларды реттеу.

Бағдарламаны іске асыру барысында көптеген қиындықтар туады. Олар тұрмыстық жағдайлармен, қаржы мәселесімен т.с.с. көптеген себептермен байланысты болуы мүмкін. Өз мақсатың іске асыру бағдарламасы бойынша өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі ерекшелігі – ешқандай себеп-сылтаулармен өзіңді ақтамастан сол мақсатқа жету жолдарын іздестіру. Көптеген психологиялық қасиеттер ерте қалыптасады. Оны өңдеу үшін арнайы жаттығуларды ондаған, жүрдеген, мыңдаған рет қайталау қажет (мысалы, дене күшін жетілдіру, ден саулықты сақтау және оған үлкен әсері бар сымбаттылықты сақтау). Бұл жұмыстардың барлығы нәтижесін талдап жүруді талап етеді.

Интеллектуалдық даму негізінде қабылдау, зейін, еске сақтау, ойлау процесстерін жетілдіруді талап етеді. Оларға адамның білім мен іскерлікті меңгеруге ынтасын және меңгерген нәрсені жүйеге келтіріп жүруді талап етеді.

Психологиялық жағдайды бақылау, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру тәсілдерін пайдалану келесі көрсеткіші болып табылады.

4 жаттығу. Ешкім өзі туралы «мен жан-жақты жетілген жанмын» деп айта алмайды.

Өмір ағымы адамның алдына жаңа талаптар қоя береді, сондықтан өзін-өзі жетілдіру – аяқталмайтын процесс. Адам бүгін қойылған мақсатқа жеткеннен соң сол кезден бастап күн тәртібіне келесі, одан да күрделі мақсат қояды (Әлия Юсупова дүние жүзі чемпионы болу мақсатына жеткеннен соң не істеуі керек? Үлкен спорттан кеткеннен соң не істеуі керек?). Әр адам сол сияқты өзінің алдында тұрған үлкен не кіші мәселені шешкеннен соң келесі кезеңдегі мәселені шешуге кіріседі.



5 жаттығу. Жеке тұлға психологиялық даму деңгейін психодиагностикалау

Мақсаты:


  1. өзін-өзі танып білу техникасымен танысу;

  2. жеке тұлғалық қасиеттердің кәсіби маңыздыларын диагностикалау тәсілдерін меңгеру;

  3. «Мен-концепция»ның қалыптасу деңгейін анықтау;

  4. өзінің психологиялық мінездемелерін талдау жолдарын үйрену.

Факторлық талдаудың өзін-өзі зерттеуге икеделінген варианты.

Орындау ережесі. Сізге 16 жеке тұлғалық психологиялық қасиеттердің тізімі берілген. Олардың әрқайсысының өзіңізге тән деңгейін бағалау үшін қарама-қарсы мағнадағы көрсеткіштер арасында берілген 10 санның біреуін белгілеңіз. 1 саны сол бағандағы көрсеткіштің максималдық деңгейде көрініс беретінінің белгісі, ал 10 саны – оң бағандағы көрсеткінштің максималдығын байқатады. Арасындағы сандар – жоғары, орта, төмен екендігін бағалауға мүмкіндік береді. Осы шкала бойынша өздеріңіхді бағалап шағыңыз. Барлық белгіленген сандарды бір-бірімен қосып шаққанда зерттелінушінің психологиялық кескіні (пошымы, профилі) шығады.


Бағалау шкаласы.

  1. 8-10 9) 1-5

  2. 8-10 10) 1-5

  3. 7-10 11) 4-8

  4. 5-8 12) 7-9

  5. 1-5 13) 5-10

  6. 8-10 14) 3-7

  7. 5-8 15) 8-10

  8. 6-8 16) 5-8


Тапсырмалар
1. тұйық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ашық-жарқын
2. интеллекті төмен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 интеллекті жоғары
3. эмоционалдық тұрақсыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 байсалды
4. бағынғыш, жұмсақ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 дарбес, қатал
5. ұстамды, ойшыл, зейінді 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 қүанышты, бейқам
6. салт-дәстүрді ұстамайды, 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 нормаларды ұстайды,

арамы адал


7. ұялшақ, абайшыл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 тәуекелшіл, батыл,

тәукелге бармайды іскер, пысық


8. қаталдық, түрі суықтық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 жұмсақтық, түсінгіштік
9. сенгіштік 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 сенбеушілік
10. пысықтық, объективтігі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 қиялшыл, салақ
11. тікмінездігі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 тілтапқыштығы
12. мазасыздануы жоғары, 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 өзіне сенімі жоғары,

өзіне сенбеушілік бейқамдық

13. консерватизм 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 жаңашыл
14. топқа тәуелді, ымырашыл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 тәуелсіз, өзімшіл
15. өзін қадағалауы төмен, 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 қатал қадағалау,

орындау тәртәбі нашар орындау тәртібі жоғары


16. мотивациясы төмен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кернеулі, табыстылыққа

табысты емес бағытталған




6 жаттығу. Келесі мәселелерді талдауға даяр бол.
1. Психолог, педагог, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде қызмет атқаруға қандай психологиялық қасиеттер қажетті?

«Мен-концепция» деген не?

Психологиялық қасиеттерді қандай жолдармен жетілдіруге болады?

Психологиялық қасиеттерді қандай жолменен тәрбиелеуге және жетілдіруге болады?

Өзін-өзі бағалау және оны түзету әдістемелері қандай?
2. Сабақтарда берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындауға даяр болу.

Келесі тапсырмаларды жеке парақтарға орындап, келесі сабаққа алып келу керек.

1.

2.

3.


«Өз-өзін бағалау» тесті.
Парақта әр адам өзін-өзі бағалауға арналған 20 жекелік қасиеттер тізімі берілген. Солардың ішінен өздіріңізде ең жақсы дамыған деп есептейтін қасиетіңізді тауып, оның сол жақ тұсындағы «№» деген бағанға «1» деген белгі қойыңыз. Сонан соң келесі орында дамыған қасиетіңізді тауып, оны сол жақ «№» бағанына «2» деп белгілеңіз, солайша барлық қасиеттердің өз тұлғаңыздағы реттін анықтаңыз.

Келесі кезеңде берілген тізімдегі қасиеттердің сізге тәндігін өзіңіздің әріптестеіңіз сізге беретін бағалары бойынша тағы бір рет рандир жасап, ол номерлерді оң жағындағы «№» белгісі бар бағаға түсіріңіз.

Барлық көрсеткіштерді бағалап болғаннан кейін ранг айырмашылығын есепте тауып оны «Д» және «Д2» бағандарына түсіріңіз.

«Д» символы өзіңіз берген ранг пен әріптестеріңіз позицисымен анықтаған рангтердің айырмашылығы. Оны бірінші бағандағы саннан үшінші бағандағы санды алу арқылы табасыз.

«Д2» символы осы айырмашалақтың квадраты.

Осы көрсеткіштер бойынша корреляция коэффициентінің (R) мәнін табу үшін барлық «Д2» көрсеткіштерінің суммасын шығарып келесі формулада берілген амалдарды жасау керек: R = 1 – 0,00075х Д2


Бағалау шкаласы:

R = 0,3 ке дейін – корреляция төмен;

R = 0,7 – 1,0 - жоғары

R = 0,4 – 0,6 - норма


Өзін-өзі бағалау бланкі

Аты-жөні


Күні




қасиеттер



Д

Д2

1

Көнгіштік










2

Батылдық










3

Ұстамсыздық










4

Табандылық көрсету










5

Асығыстық










6

Ашық-жарқындық










7

Ұйымдаспағандық, жинақты еместік










8

Мақсаттылық










9

Қорқақтық










10

Жігерлілік










11

Бейқамдық










12

Қамқорлық










13

Дөрекілік










14

Шыдамдылық










15

Өзіне-өзі сенушілік










16

Селқостық (равнодушие)










17

Белсенділік










18

Шешендік










19

Қырсықтық










20

Тілектестік










Қосымша № 2.



Лири тестінің сауалнамасы және нәтижесін талдау ережсі.

Тұжырымдамалар.

  1. Басқалар ізгі ниетпен қарайды.

  2. Қоршағандарға әсерлі.

  3. Басқаларға билігін жүргізе алады.

  4. Өз пікірін қорғай алады.

  5. Ар-намысы бар.

  6. Тәуелсіз.

  7. Өзіне өзі қамқор бола алады.

  8. Парықсыздық білдіреді.

  9. Қатал бола алады.

  10. Қатал, бірақ әділетті.

  11. Адалдық білдіреді.

  12. Өзгелерге сын көзбен қарайды.

  13. Жыламсырауды жақсы көреді.

  14. Қабағынан қар жауып жүреді (қайғы-қасіретті).

  15. Сенімсіздік білдіреді.

  16. Жиі көңілі қалады.

  17. Өзін сынауға қабілетті.

  18. Өзінің қателерін мойындайды.

  19. Шын көңілімен бағынады.

  20. Жолын бергіш.

  21. Ризашыл.

  22. Еліктегіш, таңданғыш.

  23. Сыйлағыш.

  24. Қолдауды іздейді.

  25. Ынымақтас, өзара жәрдемдескіш.

  26. Басқаларға сыйысымды болғысы келеді.

  27. Ықылас танытқыш, ізгі ниетті.

  28. Ілтипатты, сүйкімді.

  29. Әдепті.

  30. Жігерлендіруші.

  31. Көмек сұрағандарға қайырымдылық көрсеткіш.

  32. Риясыз.

  33. Таңғалдыра алады.

  34. Басқалар оны силайды.

  35. Басшы болуға қабілетті.

  36. Жауапкершілікті жақсы көреді.

  37. Өзіне сенімді.

  38. Өзіне-өзі сенген, қайсар мінезді.

  39. Іскер, пысық.

  40. Пәсекелестікті жақсы көреді.

  41. Қажет болғанда тұрақты және қатал.

  42. Ымыраға бармайды, алаламайды.

  43. Кейігеш.

  44. Ашық, тік мінезді.

  45. Басқалардың басқарғанын қаламайды.

  46. Еш нәрсеге сенбейді.

  47. Әсер ету қиын.

  48. Ренжігіш, кінамшыл.

  49. Ұялшақ.

  50. Өзіне сенімсіз.

  51. Көнгіш.

  52. Қарапайым.

  53. Өзгелерден көмек күткіш.

  54. Беделділерді ерекше силайды.

  55. Кеңестерге құлақ салғыш.

  56. Басқаларға сенгіш және өзгелерді қуантуға құмар.

  57. Барлық уақытта сыпайылық білдіреді.

  58. Өзгелердің пікірін бағалайды.

  59. Сыйысымды, ашық.

  60. Ақ көңілді.

  61. Мейрімді, сенімділік орнатады.

  62. Жұмсақ мінезді, мейрімді.

  63. Басқаларға қамқорлық көрсетуге құмар.

  64. Адал, мырза.

  65. Кеңес бергіш.

  66. Өзін бағалы етіп көрсетеді.

  67. Әмірешіл, бұйрық бергіш.

  68. Өктемшіл.

  69. Мақтаншақ.

  70. Менменшіл, тәкаппар.

  71. Тек өзінің қамын ойлайды.

  72. Есепшіл, қу.

  73. Өзгелердің қатесін кешірмейді.

  74. Тек өз пайдасын ойлайды.

  75. Турашыл.

  76. Ықылас танытпаушылығы жиі орын алады.

  77. Ызақор.

  78. Арызқой.

  79. Қызғаншақ.

  80. Өкпелеу сезімі ұзақ сақталады.

  81. Өзіне-өзі наразы.

  82. Жасық.

  83. Ынжық.

  84. Ұяң.

  85. Тәуелді, дербес емес.

  86. Бағынғыш.

  87. Өзгелерге шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

  88. Қиын жағдайға ұшырағыш.

  89. Достарының әсеріне бөленгіш.

  90. Өзгелерге сенім артқыш.

  91. Талғамсыз баршаға сеніммен.

  92. Баршаны ұнатады.

  93. Кешірімді.

  94. Жан ашырлығы шексіз.

  95. Кең пейілді, кешірімді.

  96. Жұртқа қорғаныс болады.

  97. Табысты болғысы келеді.

  98. Басқалардан таңқалуды күтеді.

  99. Өзгелерге үстемдік көрсетеді.

  100. Қатыгез.

  101. Өзгелерді лауазыдық орнына және қалталылығына қарай сыйлайды.

  102. Мансапқор.

  103. Өзімшіл.

  104. Суық қанды, қатыгез.

  105. Сықақшыл, ащы тілді.

  106. Ащулы, қатал.

  107. Жиі ызалы.

  108. Мейрімсіз, қатыгез.

  109. Кек сақтағыш.

  110. Қарама-қарсылыққа бөленген.

  111. Қырсық.

  112. Күдіктенгіш.

  113. Именшек.

  114. Ұялшақ.

  115. Бағынышты болуға ерекше даярлықта.

  116. Жұмсақ мінезді.

  117. Ешкімге қарсы сөйлемейді.

  118. Жабысқақ.

  119. Қамқоршысының болғанын ұнатады.

  120. Сенгіш.

  121. Өзгелерге жағынышты болуға тырысады.

  122. Барлығын мақұлдайды.

  123. Барлық уақытта мейрімді.

  124. Баршаны жақсы көреді.

  125. Өзгелерге қамқорсынғыш.

  126. Баршаны жұбатқысы келеді.

  127. Өз пайдасын ойламастан өзгелерге қамқор болады.

  128. Ерекше мейрімділігімен басқаларды бұзады.


Бағалау шкаласы.

Әр плюс (+) бір балл деп бағаланады. Жалпы бағасы октанттар бойынша шығарылады. Ол үшін келесі кестеде көрсетілген сұрақтарға берілген жауаптар көрсеткіштерінің қосындысы шығарылады.

1-ші октант: 1 – 4, 33 – 36, 65 – 68, 97 – 100;

2-ші октант: 5 – 8, 37 – 40, 69 – 72, 101 – 104;

3-ші октант: 9 – 12, 41 – 44, 73 – 76, 105 – 108;

4-ші октант: 13 – 16, 45 – 48, 77 – 80, 109 – 112;

5-ші октант: 17 – 20, 49 – 52, 81 – 84, 113 – 116;

6-шы октант: 21 – 24, 53 – 56, 85 – 88, 117 – 120;

7-ші октант: 25 – 28, 57 – 60, 89 – 92, 121 – 124;

8-ші октант: 29 – 32, 61 – 64, 93 – 96, 125 – 128.


Бағалау деңгейінің жоғары ұпайы 16 баллға тең, ол 4 деңгейге бөлінеді:

0-4 балл – қасиет төмен дамыған – айқын көрсетілмеген;

5-8 балл - қасиет қалыпты нормада;

9-12 балл - қасиет жоғары дамыған, айқын байқалады;

13-16 балл - патологияға дейін жоғары көрсеткішке ие.

Қосымша № 3.



Филипстің «Оқушылардың мектепте мазасыздануын анықтау» тесті.

Мақсаты: оқушылардың мектеппен байланысты мазасыздануының сипатын зерттеу.

Орындау ережесі: зерттеушілерге 58 сұрақ жазылған тапсырма парақ таратылып беріледі. Әр сұрақты мұқият оқып, оған шындыққа сай жауап беру керек. Қойылған сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамның жауабы өзінің көзқарасын білдіреді және тек ол өзіне ғара дұрыс болуы керек. Жауап парақтың жоғарғы жағына зерттелінушінің аты-жөны және оқитын сыныбы жазылады. Сұрақтар тұсында жауап варианттары берілмеген.

Тест жүргізу барысында балаларға жауап парақ таратылып берілсе оның жауабын талдау өте оңай болады. Сондықтан алдын-ала төменде көрсетілген үлгі бойынша жауап парақтарды даярлап алып, оны тест сауалнамасымен бірге таратып беру керек. Оған жауапты қалай толтыру керектігі түсіндіріледі. Жауаптарды «иә» немесе «жоқ» деп беруге немесе сұрақтағы мәселемен келісетін болса плюс (+), келіспейтін болса минус (-) белгісін қойып орындауына болатындығы түсіндіріледі. Содан соң уақыт белгіленіп, балалар тапсырманы орындауға кіріседі.


Сауалнама:

1. Сыныптағы балалардың бәрімен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау сізге қиын ба?

2. Мұғалім сіздің материалды қаншалықты жақсы меңгергеніңізді тексеремін деген кезде қобалжисыз ба?

3. Мұғалімнің барлық талаптарын орындау сізге қиын ба?

4. Кейде сабақты білмегеніңіз үшін мұғалімнің ашуланғаны сіздің түсіңізге кіреді ме?

5. Сізді сыныптасыңыздың біреуі ұрап-соққаны бар ма?

6. Жаңа сабақ өтіп жатқанда өзіңіз жақсы түсінгенше мұғалім асықпаса екен дейтін кезіңіз жиі болады ма?

7. Тақта алдында тапсырманы орындау немесе жауап беру кезінде қатты қобалжисыз ба?

8. Қандай да бір қателік жіберіп қоймаймын деп ойлап, ал сабақ үстінде өз ойыңызды жеткізуге қорықатын кезіңіз болған ба?

9. Тақтаға шығарғанда тізеңіз дірілдейді ме?

10. Әр түрлі ойын ойнағанда бірге оқитын балалар сізді мазақтайды ма?

11. Сіз күткен бағаңыздан төмен баға қойған кезі болған ба?

12. Екінші жылға сыныбымда қалуым мүмкін деген ой и сізді қобалжытады ма?

13. Өзіңізді басқалар таңдап алмайтын шығар деген оймен таңдай жүргізілетін ойындардан қашқақтауға тырысасыз ба?

14. Тақтаға шығарғанда әзілдесетін кезіңіз болады ма?

15. Сіздің істегіңіз келген нәрсені бірге оқитын жолдастарыңыздың біреуініңде істегісі келмейтінін сезетініңіз болады ма?

16. Тапсырманы орындау алдында қатты қобалжисыз ба?

17. Ата-анаңыз күткен бағаны алу сізге қиын ба?

18. Сыныпта есенгіреп қаламын деген қорқыныш сезімге жиі бөленесіз бе?

19. Жауап берген кезде қателессеңіз жолдастарыңыз күледі ме?

20. Бірге оқитындарға ұқсайсыз ба?

21. Тапсырманы орындап болғаннан соң, оны дұрыс орындадым деп

қобалжисыз ба?

22. Сыныпта тапсырманы орындау барысында барлық орындау жолдары есімде сақтаймын деген сеніміңіз күшті ме?

23. Кейде тақта алдында жауап бере алмай тұрғаныңыз түсіңізге кіреді ме?

24. Сыныптастардың көпшілігі сізге достық сезім білдіретіні рас па?

25. Істеген жұмысыңыздың нәтижесін басқалардың салыстырғанын білсезіз ынталанып орындайсыз ба?

26. Жауап беріп жатқанда озырақ қобалжуды байқайсыз ба?

27. Кейде айтыс-тартысқа түсуге қорқасыз ба?

28. Мұғалім сіздің сабаққа дайындығыңызды тексеремін дегенде жүректің қатты дүрсілдегенін сезесіз бе?

29. Сізге жақсы баға алсаңыз жолдастарыңыздың ішінде кейбіреулері

жағымпазданып баға алды деп ойлайды ма?

30. Балалар ерекше көңіл аударатын жолдастарыңызбен өзіңізді еркін сезінесіз бе?

31. Сыныптағы балалар сізге тиістіріп сөйлейтін кезі болады ма?

32. Оқу жоспарын орындай алмаған оқушылар өзіңізге деген ықыласын жоғалтып алады деп ойлайсыз ба?

33. Бірге оқитындардың көбісі сізге назар аудармайтындығы рас па?

34. Ерсі көрініп қаламын деп жиі қамсынасыз ба?

35. Жолдастарыңыздың ата-анасы сияқты сіздің ата-аналарыңыз мектептегі отырыстарды ұйымдастыруға көмектеседі ме?

36. Мұғалімдердің сізге деген көзқарасына ризасыз ба?

37. Айналадағы адамдар сіз туралы не ойлайтындығы сізді қобалжытады ма?

38. Бұрынғыға қарақанда қазір және келешекте жақсы оқитыныңызға үміттенесіз бе?

39. Сіз мектептегі жолдастарыңыздай жақсы киінемін деп ойлайсыз ба?

40. Сабақта жауап беру барысында басқалар сіз туралы не ойлап отыр екен деп ойланасыз ба?

41. Сыныпта жақсы оқитын баланың басқалардан ерекше құқығы бар ма?

42. Бірге оқитын балалардың кейбіреуінен жақсы табысқа жетсеңіз олар сізге ашуланады ма?

43. Сыныптағы оқушылардың сізге деген қатынасына ризасыз ба?

44. Мұғаліммен оңаша қалсаңыз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз бе?

45. Сыныптастар сіздің қабілетіңізді, тәртібіңізді күлкіге көтереді ме?

46. Басқа балаларға қарағанда қожалжығышпын деп ойлайсыз ба?

47. Егер жауап бере алмай қалсаңыз жылармандай болып қалғаныңызды сезінесіз бе?

48. Төсекке жатқаннан соң ертең мектепте не болар деген ой сізді

тынышсыздандырады ма?

49. Күнделікті тапсырманы орындау барысында бұрын жақсы білгендеріңізді мүлдем ұмытқаныңызды сезесіз бе?

50. Тапсырманы орындау барысында қолыңыздың аздап дірілдеген кезі болады ма?

51. Мұғалім тапсырма беремін деген кезде мазасызданғанып, қобалжығаныңызды сезесіз бе?

52. Біліміңізді тексерген кезде төмен баға аламын деп қорқасыз ба?

53. Сыныпқа берілген тапсырманы орындай алмаймын деп қорықасыз ба?

54. Кейде түсіңізге сіз орындай алмаған нәрсені басқалар түгел орындағаны кіреді ме?

55. Мұғалімнің түсіндіргенін басқалар сізден жақсы түсінгенін сезесіз бе?

56. Мектепке бара жатқанда бүгін тексеру жұмысы болады ма деген ой сізді мазасыздандырады ма?

57. Тапсырманы орындау барысында әдеттегіден нашар орындап жатқаныңызды сезінесіз бе?

58. Тақтаға шақырғанда сынып алдында тапсырманы орындау барысында қолыңыз аздап дірілдейді ме?


Нәтижесін бағалау:

Келесі кестеде көрсетілген жауаптарды факторлар бойынша жинақтап, ретке келтіріп, әр фактор көрсеткіштерін орындау нәтижесін талдауға арналған жауаптар кілті бойынша бағалап шығу керек. Оқушылардың жауаптары кілтке сай келген кезде оның берген жауабы бір балл деп бағаланады, жауабы кілтке сай келмесе – оны 0 балл деп бағалау керек. Жауаптар кілті төменде берілген кестеде көрсетілген.

Әр фактор бойынша жиналған баллдар саны сол фактордың көрсеткіші болып табылады.
Құрметті Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрайымы!

Құрметті Мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелері!

Cіздердің назарларыңызға «Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» тақырыбында орындалған диплом жұмысы ұсынылады.

Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқышының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» /1/ арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» /2/. Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А.Бек /46/, Л.С.Выготский /29/, Л.А.Орбели /46/, Г.Селье /87/, К.Роджерс /46/, К.Юнг /99/, В.Франки /94/, Р.Бэрон /24/, Перлз /74/, Изард /45/, З.Фрейд /91/, Қ.Жарықбаев /40/, С.Н.Ениколапов /43/ т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың аныќтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері талданған.



Жеткіншектер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған. Жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігі орын алғанда оларға нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын анықтау қажет болғандықтан біз дипломдық зерттеу тақарабын «Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.

Зерттеу мақсаты: жеткіншектерде кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктің теориялық негіздерін талдау арқылы оның алдын алу және коррекциялаудың жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • жеткіншектердің эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;

  • жеткіншектердің эмоцияларының көрініс беру түрлерін және себептерін анықтау;

  • жеткіншектерде орын алатын акцентуация, мазасыздану, депрессия жағдайларын диагностикалау;

  • мектеп психологінің эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы балаларды коррекциялау әдістемелерін пайдалану, нәтижелерін талдау.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясы және № 36 орта мектеп.

Ғылыми зерттеу әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Леонгард-Шмишек тестін, «М және Д», Басса-Дарки әдістемесін, пиктограмма, «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.

Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Шымкент қаласындағы Жамбыл атындағы № 26 гуманитарлық мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.

Дипломдық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.


Өмірдегі мұндай жағдайлар балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себепсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушыларының бірнеше мағынасы бар мінез-құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз, екіншіден, қабылданбайды: үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабылданбайды. Осы жерден тәрбиелену қиыншылықтары туындайды. Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді. Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдеңе талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стерстермен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады.Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін байқай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады.

Мектептік мазасыздану баланың жеке басының неврозын туғызады, оның жүйкесі мен психикасының бұзылуына алып келеді де олардың шамадан тыс зорлануымен сипаттауға болады. Оның себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынасының бұзылуы. Бүл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай үлкендерге елеусіз себептерден басталады.

Балаларда эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көмектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапысрманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекетттерден алдын-ала іштей бас тарта бастайды. Оқушыларды психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе, бір уақытта жеткілікті қарсылық көрсететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады. Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала отбасындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру дәрежесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоционалды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Олар:

1. Биологиялық ерекшеліктер;

2. Әлеуметтік орта.

Жалпылап айтқанда эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын және одан шығу жолын В.М.Астапов /76/ келесі нұсқамен көрсеткен.

Осы нұсқа бойынша мазасыздану ыңғайсыз күй-жағдайдың орын алуына түрткі болады, сонымен қатар мазасыздану орын алғанда одан шығудың көптеген варианттағы жолын іздеу функциясын атқарады. Мазасыздану жеке тұлғалық (ағзада орын алған ішкі үйлеспеушілікке байланысты), және ситуативті (сыртқы ортада орын алған көптеген қайшылықтар, дау-дамай, келіспеушілік т.с.с. себептерге байланысты. Осы тұрғыдан талдағанда жеткіншектер мазасыздануы мектептік, отбасылық т.б. баланың өмір сүру ортасына байланысты орын алады. Мазасыздану агрессияның орын алуына негіз болады.
В.М.Астапов жасаған эмоционалдық үйлеспеушілік және одан шығу нұсқасы

Түрткі функциясы



Іздеу функциясыиска

Бағалау функциясы



Күй-жағдай. шығу


Субъективтік мүмкіндіктерді бағалау


Күй-жағдайдың өзгеруі



Қауіптің жоқтығы





Қашу

Қауіптің барлығы

Жағдайдан артық белсенділік активность



Кризистік жағдайда болу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет