Ступор
Жағдайдан шығу
Л.С.Выготский /29/ өз еңбектерінде жеткіншек жасындағыларды зерттеуде жаңа проблемалар анықтады: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Оның айтуынша, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.
Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Эмоция қазіргі теорияларда білімнің маңызды түрі ретінде қарастырылады. Эмоция психологиясы психологияның белгілі аймағы болып табылады. Қазіргі эмоция психологиясында «эмоция» түсінігінің түрлі анықтамалары кездеседі. Бірақ, барлық теоретик –психологтардың тәжірибелі тұрғыдан сай келуі осы «эмоция» түсінігінің жалпы қабылдаған анықтамасының жоқтығында. Сондықтан да «эмоция» категориясы мамандар тарапынан үлкен қызығушылықты туғызып отыр. Осыған байланысты Э. Роштың прототивтік ағым бойынша талдаған эмоция категориясының ішкі құрылымын зеріттеуін қарастырамыз. П. Витгенштейн пікіріне негізделген бұл ағым бойынша, табиғи категория прототип бойынша анықталады. Эмоция категориясы келесі 4 өзгергіштік бойынша суреттеледі.
1. Жиілік.
2. Прототиптілік.
3. Бейкатегориялық.
4. Доминанттылық.
А. Ортони, Дж. Клор және А. Коллинз /45/ өздерінің «эмоцияның конгетивті құрылымы», еңбегінде эмоцияға тек қана валенттілігі бар психикалық пайда болулар ғана жатуы керек, яғни, жағымды немесе жағымсыз сияқты уайымдар, таңқалу, қызығу, сенімсіздік және осы сияқты феноменттер эмоция психологиясында қарастырылмауы керек дейді. Бірақ, арнайы зерттеулердің нәтижесі бойынша, таңқалу эмоцияға кіргізіледі.
К. Изарды «Адам мінез – құлқының фундаметальды принципі болып, эмоцияның қабылдауды, ойлауды және әрекетті ұйымдастыруы және күшберуі болып табылады, барлық эмоция эволюция барысында дамитын адаптивті функцияларға ие» деп, атап көрсетеді.
Эмоция – адамның негізгі мотивациялық жүйесін құрады. Мауер: «эмоция өз әсерімен мінез – құлықты өзгерте алады, сондықтан ол адам өмірінде маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, эмоция интелектінің жоғары тәртібін көрсетеді» деп, атап өтеді. Мінез – құлықтың негізгі қозғаушы күші эмоция болып табылады. Осы эмоция субьектіге түгелімен әсер етеді. Оны жекелеп қарастырайық.
Эмоция және дене. Бет бұлшық еттерінде эмоция кезінде электрофизиолгиялық өзгерістер жүреді. Сонымен қатар өзгеріс мидің электірлік белсенділігінде, қан жүру және тыныс жолдарында да жүреді. (Симонов, 1975) ; Қатты ашулану немесе қорқу нәтижесінде жүрек ритмі минутына 40 – 60 дүрсілге көтеріледі. Күшті жүретін эмоция кезіндегі соматикалық функциялардың бұлай бірден өзгеруі барлық нейрофизиологиялық системалардың көп немесе аз дәрежеде бір – біріне қосылуына әкеліп соқты. Мұндай өзгерістер қабылдауға, ойлауға, субьектінің іс әрекетіне әсерін тигізеді. Өзгерулер психикалық бұзылуға да әкеліп соғуы мүмкін.
Эмоция және қабылдау бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция басқа мотивациялық жағдайлар секілді қабылдауға әсер етеді. Нормадағы субьект дүниені дұрыс қабылдаса, ал қайғырып немесе уайымдап жүрген адамдарға басқалардың берген бағасына, белсене мән бермеу тән.
Сонымен қатар, эмоция танымдық процестердің басқада бөліктеріне әсерін тигізеді. Осының әсерінен субьектінің мінез – құлқы өзгереді.
Томкинс пен Изард эмоцияның пайда болуына қабылдаумен білім үлкен роль ойнайды деп атап көсетеді. Жалпы эмоция фудаментальді деп аталады. Өйткені ол 3 компанентен тұрады:
1. Арнайы ішкі детерминацияланған жүйкелі субстрат;
2. Мимикалық немесе жүйкелі бұлшықет тән комплекс;
3. Субьективті уайымдаумен ерекшеленетін немесе фенаменалогиялық қасиет.
Осы 3 компонент бірігіп, эмоцияны көрсетеді. Ал осы пайда болған эмоцияға түрлі сипат тән:
1. Қызығу – толқу – жиі уайымдалатын жағымды эмоция, ол оқуды, дағды, үйрену және шығармашылық талпынуды мотивациялайды. Яғни, осы қызығу нәтижесінде субьектінің белгілі нәрсеге деген процестері артады.
2. Қуаныш – максималды қажет эмоция. Ол сенімділік сезімімен сипатталады. Бұл Томкинс позициясы тұрғысынан қуаныш - жүйке стимуляциясының градиентінің қатты төмендеуінің нәтижесінде пайда болады.
3. Таңқалу эмоцияның бірнеше түрлерінен көрінеді, бірақ ол эмоция емес. Басқаларға қарағанда таңғалудың ерекшелігі - ол барлық уақытта өтпелі жағдаймен сипатталады. Ол жүйке стимуляциясының бірден жоғарлауы нәтижесінде пайда болады.
4. Қайғы – қасірет - бұл эмоция нәтижесінде адам өзін тастап жібереді. Жалғыздықты адамдармен қатынастың жоқтығын сезінеді, өзіне жалынышпен қарайды.
5 . Ашу – бұл кезде бет қызарып, қан қайнап кетеді.
6. Жек көру – ашумен бірге пайда болады. Ол физикалық немесе физиологиялық бұзылудың нәтижесінде пайда болады. Ол деструктивті мінез – құлыққа алып келуі мүмкін;
7. Көргісі келмеу – жоғарыдағы екеуімен бірге пайда болады. Осы, яғни эмоцоияның үш сипаты «жаушылық триадасы» деп аталады. Өзін күштімін яғни, басқадан ақылдырақпын, білімдімін, т.с.с) сезіну осыған алып келеді. Мұның бір қауіптілігі «суық» эмоцияға келіп тіреледі, ол индивид немесе топтың деперсонизациялануына алып келеді. Бұл эмоция біреуді өлтіруде көмегін тигізеді;
8. Қорқыныш – бұл эмоция адам психикасы үшін өте зиян: адам тіпті «өлуге» дейін қорқуы мүмкін;
9. Ұят – бұл адамның тығылу немесе жоғалып кетуіне кепіл болады немесе керісінше;
10. Күнә - моральды этикалық норманы бұзу нәтижесінде пайда болады.
Біз эмоцияны мінез - құлық бейнесі ретінде көреміз. Сонымен қатар, біз эмоцияның компоненттерін, сипатын атап өттік, енді оның комплекстерін атап өтеміз. Оның комплекстері:
1. Мазасыздану өмір ерекшелігімен байланысты, яғни субьект психикасының белгілі бір нәрсеге мазасыздық көрсетуі;
2. Депрессия – дипрессияның алғашқы психодинамикалық түсінігін Карл Абрахан берген. Ол мазасыздық пен дипрессияны қорқыныш пен қайғы аналогиясы ретінде қарастырды. Дефференциалды эмоция теориясында депрессия мазасызданудан да күрделі синдром деп аталады. Депрессия фундаменталды эмоциялармен қатар басқа да аффективті факторлармен сипатталады, яғни, өзін физикалық нашар сезіну, жоғары уайымдаушылық. Махаббат – аффектінің маңызды комплексі болып табылады;
4. Жаушылық – агрессияның негізі ретінде анықталады.
Жалпы осы сипаттамаларға сүйене отырып мынандай қорытындыға келеміз: «Адам мінез-құлқының әр түрлі жағын эмоциялар арқылы көреді екенбіз». Ал эмоция дегеніміз не? Оған анықтама бермес бұрын бірнеше теорияларға тоқталамыз.
Жеткіншектердің мазасыздану деңгейінің қаншалықты жоғары немесе төмен екендігін анықтау үшін жүргізілген психодиагностикалық әдістеменің нәтижесін келесі кестеден көреміз:
-
Мазасызданудың түрлері
|
Зерттеушілер саны
|
1. мектептік
|
15
|
2. өзіндік бағалау
|
13
|
3. жекеадамаралық
|
20
|
Жалпы
|
24
|
Балалардың жауаптарын талдау және ретке келтіру нәтижесінде зерттелінушілердің акцентуациясы олардың өмір сүретін орталарындағы статусына байланысты екені анықталды және мұндей көрініс осы жас кезеңіндегі балалар үшін норма деп айтуға болады. Өйткені басқа сыныптарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі осы көрсеткішке жақын болды.
Темперамент ерекшеліктерін түсініп, оны басқаруына байланысты типологияны ұсынған Собчик. Мақсаты: Зерттелінушінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау. Әр тип бойынша жинаған баллдарды циклограммаға түсіріп, шеңбердің ортасынан көрсеткіштің түскен жеріне дейін штрихтап анық байқалатындай ету керек. Барлық типтер бойынша көрсеткіштерді циклограммаға түсіргенде олардың қайсысы радиуста жоғары түссе, сол қасиет анық байқалады және нормадан артық дамығандығын көрсетеді.
Собчик әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелері.
Өңдеу ережесі. Кілтке сай келген жауаптар бір балл деп бағаланады.
.
№
|
Тип атауы
|
Бала саны
|
І
|
Экстраверсиялық
|
12
|
ІІ
|
Спонтандылық
|
11
|
ІІІ
|
Агрессивтілік
|
14
|
ІУ
|
Ригидтілік
|
4
|
У
|
Интроверсиялық
|
7
|
УІ
|
Сензитивтік
|
9
|
УІІ
|
Мазасызданғыштық
|
16
|
УІІІ
|
Лабильділік
|
5
|
|
Жалғандық шкаласы
|
19
|
|
Аггравация (ятрогендік ауруға жақындық)
|
15
|
Қорытындылау кестесі:
Агрессиясы байқалғандар
|
Шектелгендік көрсеткендер
|
Ашық-жарқын
|
Байсалдылар
|
10%
|
10%
|
45%
|
25%
|
Кестеде көрсетілгендей сыныптағы оқушылардың біршамасы әлі де өзін шектелген деп сезінеді, дегенмен агрессия көрінісі күрт төмен түскені анық байқалады. Сонымен қатар, ашық-жарқындық, байсалдылық жақсы көрініс беретіндер саны көбейгені анықталады. Бұл қысқа мерзімде жүргізілген жұмыс, ал мектеп психологі психокоррекциялық әдістемелердің бірнеше түрлерін жүйелі түрде қолданып жүрсе оның оң әсері терең болатыны сөзсіз.
Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған көптеген әдістемелер жасалған. Олардың көпшілігі мектеп психологиялық қызметінде сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін, оқушының әлеуметтік статусын зерттеуге кеңінен пайдаланып жүрген түрлері социометрия және трансактілі талдау жүргізу. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс-шаралар ұйымдастыру үшін сынып ұжымы ыңғайлы. Баланың өзі оқитын сыныпта жолдастары, достары, бірге ойнайтын, бос уақытты бірге өткізетін құрбылары бар. Осы ортада қалыптасқан сыныптағы ұжымішілік қатынас ерекшеліктерін зерттеу арқылы балардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік болады.
Жеткіншектерге тән мінез ерекшеліктерін зерттеу кіріс және шығыс диагностика арқылы ретке келтірілді. Кіріс диагностика барысында зерттелінген оқушылардың барлығында акцентуацияның көрінісі, олардың агрессиясының, эгоцентризмінің өте жоғары екеніні анықталды. Олар мектеп талаптарын бұзуға жиі барып, кей кезде ішімдік ішетіндігі де анықталады.
«Жеткіншек жасындағыларда кездесетін эмоционалдық үйлеспеушілікті диагностикалау және коррекциялау» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу барысында келесі қорытынды жасадық.
1. Үйлесімсіз психоэмоционалдық жағдай бала өміріндегі күрделі мәселелермен байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықта, қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға байланысты түрлі ұзақтықпен көрініс береді және орта мен адам арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Күнделікті өмірде үйлеспеушілік қарым-қатынастың үйреншікті жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің негізгі себептері ретінде мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қайшылықтарды айтуға болады. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын үйлеспеушілік өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен байланысты көрініс береді. Осы себептерге байланысты үйлеспеушіліктің феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикасы әлі жете зерттелмеген. Бірақтар педагогтар үйлеспеушіліктің негізгі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдайды. Бұл көзқарас жеткіншек жас кезеңінің даму ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан біз осы қағиданы басшылыққа алдық.
2. Эмоционалдық үйлеспеушілік, «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары үйлеспеушілікті (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған үйлесімсіздік (немесе үйлесімділік) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді.
3. Эмоционалдық үйлеспеукшілік күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Үйлесімсіздік психикалық жағдайды құрушы эмоционалды компоненттер болып табылады. Күрделі өмір әрекетіндегі үйлесімсіз психикалық жағдайдың динамикалық өзгеруі синусоидалды типтің фазалық процестерімен, екі еселенудің өсуімен және жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының өрлеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын кеңейтеді.
4. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің жеткіншек жас кезеңінде жий орын алатындығы және іс-әрекеттік ерекшеліктері анықталған. Эмоционалдық үйлеспеушіліктің күрделілігі және құрылымы мен ұзақтығы әртүрлі болып жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.
5. Зерттеу барысында жеткіншектердің эмоционалдық үйлеспеушілігінің көрініс беру түрлері акцентуация, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, қырсық мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар арқылы көрініс береді деп анықтадық. Эмоционалдық үйлеспеушілік басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүретіндігі анық байқалды. Әсіресе баланың мектептегі тәртіпті бұзуы, ата-аналарымен келіспеушіліктердің орын алуы, агрессивті мінез көрсетуі, қырсық мінез көрсетуі осы жағдайдың нәтижесі болып келеді. Сондықтан эмоционалдық үйлеспеушіліктің орын алуын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның темпераментін, акцентуацияның көрініс беруін және түрін, мазасыздануын, агрессиясын (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігінің акцентуациясы анық байқалатын, мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан мұғалімдер қойған бағаларды менсінбеушілік, вербалдық және физикалық агрессиясының анық байқалатыны мен сипатталды.
Эмоционалдық үйлеспеушілігі байқалған жеткіншектерге психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.
-
Жеткіншектермен психокоррекция жүргізгенде оларды өздерінің мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің қарсықтығының кесірі тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы эмоционалдық жағдайын үйлесімді етуге қызығушылығын тудырудан бастау керек.
-
Психокоррекция барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:
- жеткіншекті әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету, дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;
-
баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;
-
мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау.
-
жеткіншектің отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдану;
-
психокоррекция нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан оқушылардың ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізу.
Дипломдық жұмыс материалдарын шамадан артық зорлануы байқалған балалармен коррекция жүргізуге, ата-аналарымен психологиялық білім беру жұмысын ұйымдастыруға және студенттерді кәсіби қызметке даярлау барысында пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |