Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет24/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Дүрмек – әрлі-берлі шұбырған жиын, мол тобыр (ҚӘТС). Оң-солын танығаннан бері жат кісі атаулыдан алғаш рет шын мейірбандық, шын жанашырлық тапқан Тұңғыш мойны қатса да, қанаты қатпай, дүрмегінен көз жазып қалған соң бір қырғидан жан сауғалаған бейшара торғай секілді көзі қарауытып кеп бірінші кездескен диуананы паналай кетіп еді Сүйекші»). Автор осы сияқты көнерген сөздерді образ жасауда, көріктеу құралдарына айналдыруда шеберлікпен жұмсай білген. Баршаға ортақ, қалың жұртшылыққа түсінікті бейтарап сөздерден бөлек, диалектизмдер, көнерген сөздер – көркем әдебиет тілінің негізгі сипаты, дегенмен оларды шектен тыс асыра пайдалану шығарманың әрін кетіретіні рас. Ал оларды қажетті жерінде кәдеге жарата білу, керісінше, мәтіннің бейнелілік қасиетін арттырып, оқырманды қызықтыра түсері сөзсіз. Д. Исабеков көне сөздерді өте жиі қолданбайды, оларды мақсатты

түрде, өз стиліне сай ара-тұра кірістіріп отыратынын байқаймыз.
Ал көркем шығарманың көркемдігін арттырып, автордың асқан шеберлігін танытатын, ерекше стилін көрсететін – тілдің көркемдеуіш құралдары. Тілдің көркемдеуіш құралдары көбіне көркем әдебиет стилінде қолданылады. Тілдегі көркемдеуіш құралдар қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және құбылтудың түрлері кіреді. Солардың ішінде белсенді қолданысқа ие болғаны – теңеу мен айқындау. Айшықтаудың түрлері шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы болса, ал ауыстыру, кейіптеу, пернелеу, алмастыру, синекдоха, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраздар құбылту қатарына жатады. Осымен байланысты Д. Исабековтің шығармаларымен таныса келе, автордың теңеуді көп қолданғанын көруге болады. Автор заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеген. Д. Исабеков шығармаларында «жүнін жұлған құстың денесіндей», «бүршік-бүршік бетіне үсіген картоптай емін- еркін мұрын жайласыпты», «әжесінің асқар таудай тілегі – жұдырықтай немересі», «көзі шыныдай жылт-жылт», «қабыландай қайратты, қабыландай айбатты болсын», «көсеудей қолын көстеңдетіп», «жайынның ауызындай жайылып жатыр», «тойған масадай торсиып кеткен», «қақпағы жабық қазандай жарылғалы келемін», «екі көзі шырадай жайнап тұр», «сәбидей аңқау, сәбидей таза», «сұлулықтан алдына жан салмайтын кербез актрисадай», «нағыз бақытқа кенелген адамша», «суға сүңгитін адамша», «сырықтай жігіт»,
«күректей алақан», «жүрегі таудай тулап», «көжектей жас жігіт», «құлаған түйедей», «тілдей қағаз», «қатқан қайыстай», «басынан аяғына дейін шыттай шетелдік киім», «адасқан жолаушыдай», «шибарқыттай әжім», «кірпідей
жиырылатын болды», «күйген қыштай», «тайдай тулап», «жабылған
зындандай», «Бонапарттай болса» және т.б. теңеулер кездеседі.
Теңеу қазақ көркем сөз тарихында ертеден келе жатқан бейнелеуіш тәсілдердің бірі болып есептеледі. Сол себепті жазушылардың шығармаларында бұл тәсіл әбден қалыптасып үлгерген. Жоғарыда аталған теңеулер тіркесіп тұрған сөздерді одан әрі ажарландыра түседі. Осыған орай, Д. Исабеков теңеулерді қолдана отырып, оқырманға сол ортаны, адамдарды, өмірді, тіршілікті елестетуге, сезінуге мүмкіндік береді.
Теңеумен қатар жүретін заттың не құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын стилистикалық ұғым – эпитеттің де сәтті түрлерін жазушы шығармаларында жиі қолданған. Атап айтсақ: дәмді әңгіме, қоңыр үн, қоңыр әңгіме, жібек үн, алтын адам, тәтті сезім, ұлы қайғы, үміт сәулесі, ит тіршілік, тақыр кедейлік, тәтті қиял және т.б. Бұл эпитеттер оқығанды ерекше бөлейтіні анық. Мәселен, күнделікті өмірде қызықты-қызықсыз әңгіме, шағын әңгімені деген қолданыстар белгілі, бірақ Д. Исабековтің қоңыр әңгіме, дәмді әңгіме деп, әңгіменің соншалықты қызық екенін, қатысушылар тарапынан қажеттілік туындатып тұрған әңгіме екендегін дәмді әңгіме деп беруі сәтті шыққандай. Сол сияқты, қазақ танымында ұлы сөзі ерекше тұлғалармен, оқиғалармен байланыста қолданса, жазушы осындай үлкен сөзді қайғымен тіркестіріп, ауыр күндерді, қиыншылықты сипаттайтын ұлы қайғы эпитетін оқырманға ұсынған.
Көркем шығармада жансызға жан бітіріп, тірінің әрекетімен ауыстыра суреттеуді кейіптеу дейді. Жазушы құбылтудың бір түрі кейіптеуді де шығармаларында жиі қолданған: «Топырақ астында бұғып жатқан тіршілікті құдіретті күн сәулесі қытықтап оятып, бұ дүниеге сүйрелеп шығып жатқан сияқты». Бұл сөйлемде күн сәулесі қытықтап оятып деген кейіптеуді автор оқырманды оқиғаның барысына дайындау мақсатында жыл мезгілін, ауа- райын суреттеуде қолданған. Сонымен қатар жазушы «Кеудемде ыза қайнап, қақпағы жабық қазандай жарылғалы келемін» деп ашуға булыққан кейіпкер бейнесін суреттейді. Қайнаған ызаны елестетудің өзі қорқынышты емес пе!? Қайталау тәсілі мен кейіптеу қатар келетін тұстар да жазушы шығармаларынан орын алған: «Азап айдады ма, ажал айдады ма, дүрілдеп тұрған бір совхоздың ең артта қалған шаруашылыққа барамын деп, белсенділік көрсетіп осы колхозды сұрап алып еді, үш жылдан соң сотталып тынды». Бұл сөйлемдегі «ажал» мен «азапқа» қимыл беріп, жандандыра түсу арқылы автор баяншы сөзін одан әрі әсерлей түскен.
Көркем шығарманың көріктеуде жұмсалатын тағы бір стилдік амалы –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет