Қырғызбаев, Өтеш. Жүрегі жылы жан [Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде ұстаздық еткен Хабижан Пангерейұлы Құсайынов туралы естелік] / Ө. Қырғызбаев // Егемен Қазақстан. – 2016.- 8 маусым (№ 108).- 10 б.
Қырғызбаев, Өтеш. Созақ саңлағы [Созақтың құрметті азаматы Қойшыбай Мақашұлы туралы] / Ө. Қырғызбаев // Оңтүстік Қазақстан. – 2016. - 8 қазан (№ 161/162). - 11 б.
Қырғызбаев, Өтеш. Созақ саңылағы [Созақтың құрметті азаматы Қойшыбай Мақашұлы туралы/ Ө.Қырғызбаев // Айқын. – 2016. - 1 қазан (№ 146). - 19 б.
Қырғызбаев, Өтеш. Көңіл кілті [Ақын Берғазы Өскенінің "Көңіл кілті" атты таңдамалы өлеңдер жинағы жайында.] / Ө. Қырғызбаев // Ана тілі. – 2016. - 28 шілде - 3 тамыз (№ 30). - 10 б.
1. Қырғызбаев Өтеш Немере: әңгіме. – Алматы: Жалын, 1980. – 80 бет.
Жазушының бұл тұңғыш кітабында газет – журнал беттерінде жарық көрген тырнақалды әңгімелері жинақталған. Баспасөз беттерінде кітап туралы жазушылар пікірлері, мақалалары жарық көрген.
2. Қырғызбаев, Өтеш Адыраспан: повесть және әңгімелер. – Алматы: Жалын, 1985. – 112 бет. Кітапқа ауыл тұрғындарының мінез – болмысы, өзара қарым – қатынасы, сыйластығы арқау болған. Жазушының «Немере» және «Адыраспан» кітаптары мемлекеттік тапсырыспен әр қайсысы он мың тиражбен жарық көрген.
3. Қырғызбаев Өтеш Ұлым менің, ғұмырым менің: повестер мен әңгімелер жинағы. –Алматы: «Өлке» баспасы, 1997. 220 бет
Кітапқа «Ар» және «Шідер үзген» повестері мен он екі әңгімесі енгізілген. «Ар» повесі кеңестік дәуірде ауылға институт бітіріп келген жас маманның жергілікті жердегі жікшілдік, өтірік ақпар беру, жең ұшынан жалғасу ахуалына қарсы келуі, еңбек жолындағы алғашқы қиындықтары туралы баяндалады.
«Шідер үзген» повесінің оқиғасы өткен жиырмасыншы ғасырдың басындағы әлеуметтік таптар қайылығына арналған. Кедейлік тауқыметін тартқан жігіттің, адамгершілік асыл қасиеттерді өмірінің соңғы сәтіне дейін ту етіп өтуі шыншыл суреттеледі.