Ақпараттық жүйелерді жобалау


Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары



бет2/11
Дата07.11.2023
өлшемі322.5 Kb.
#482629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3. aj-jobalau A

2. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары.
Әр жобаның өмірлік айналымы (жобаның пайда болу мезетінен оны жүзеге асыру, аяқталу мезетіне дейінгі аралық) бар.
Өмірлік айналымның фазаларға, фазаларды стадияларға, стандияларды сатыларға бөлу қабылданған. Жоба сатылары: жобаны жоспарлау; жобаның ашылуы; жоба алдындағы зерттеу; өндіру; жұмысты сынау және өткізу; қызметкерлерді оқыту; жобаның аяқталуы. Жобаның өмірлік айналымын үш фазаға бөлуге болады: бастапқы, инвестициялық, эксплуатациялық. Бірінші фазада жобаның дамуын зерттеу мен жоспарлау, жоба негіздемесін жасау, алғашқы ойларды іске асыруды талдау, инвестициялық жоба алдындағы негіздемесі мен өміршеңдігін бағалау, объектінің орналасу орнын таңдау және келісімін беру, жобаның жоба-сметалық құжаттарын және жоспарын құру жүргізіледі. Инвестициялық фаза сауданы жүргізу, ресурстарды сатып алу мен жеткізуге келісім жасау мен құрылыс–монтаж жұмыстарын жүргізуден тұрады. Осы этапта жобаны басқару жүйесін, коммуникация жабдықтарын қосу жүргізіледі, құрылыстың жедел жоспары мен машиналар механизмдерінің жұмыс графигі жасалады, мониторинг жүргізіледі, жоба жоспары бақыланады және қажет жағдайда түзетулер енгізіледі. Инветициялық фаза объектісін өткізу, ресурстарды демобилизациялау, жұмыстарды іске қосумен аяқталады. Аяқталу фазасында объектіні эксплуатациялау, жабдықтарды айырбастау, жобаны модернизациялау және оны жабу жүргізіледі. Жинақталған тәжірибе жобаны басқарудың ұйымдастырушылық және техникалық жүйесіне өзгерістер енгізу кезінде қолданылуы мүмкін. Жобаны бөлу төрт ірі сатыдан тұрады: жобаны бастау, жоспарлау, іске асыру, аяқтау. АЖ жобасының сатылары: мақсатты анықтау, жобалау, орындалу; қолдану. Программалық өнімнің өмірлік айналымы – бұл оны құру мен жүзеге асырудың бүкіл кезеңі, яғни оның пайда болу мезетінен бастап қолдануды тоқтатқанға дейін кезең. ISO:1995 халықаралық стандартпен анықталатын өмірлік айналымның үдерістері 3 топқа бөлінеді. 1.Негізгі үдерістер: алу, жеткізу, құру, эксплуатация, сүйемелдеу. 2.Қосымша үдерістер: құжаттар, конфигурацияны басқару, сапаны қамтамасыз ету, варификация, аттестация, бірлесіп бағалау, аудит, мәселелерді шешу. 3.Ұйымдастыру үдерістері: басқару, инфроқұрылымды құру, жетілдіру, оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет