3. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу. Ақпараттық жүйені жобалау – ұзақ мерзімді және динамикалық үрдіс. Қазіргі уақытта қолданылатын жобалау технологиялары жүйені кезеңдік жасауды ұсынады. АЖӨЦ дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең.
АЖӨЦ (өмірлік цикл) келесі кезеңдерден тұрады:
1.Жоба алдындағы кезең;
2.Жобаны әзірлеу кезең;
3Жобаны пайдалануға беру кезеңі;
4.Жаңа сатыға көшу кезеңі
1.Жоба алдындағы кезеңде екі құжат дайындалады:
а) Техника - экономикалдық тұжырымдама (ТЭТ)
б) Техникалық тапсырма (ТТ)
АЖ өмірлік циклінің моделі – қолданбалы программалық қамсыздандыруды жасау, эксплуатациялау және сүйемелдеу үрдісінен, жұмысынан және тапсырмасынан тұратын, жүйе өмірін оған қойылатын талаптардан бастап оның қолданылуы тоқтағанға дейін қамтитын құрылым. Қазіргі кезде оның келесі моделдері белгілі және қолданылуда: каскадты модель, деңгейлі (поэтапная) модель, қайта айналып келу (спиральді) моделі. Каскадты модельдің негізгі мінездемесі АЖ-ні әзірлеуді кезеңдерге бөлу, бір кезеңнен екінші кезеңге өту ағымдағы кезеңдегі жұмыс толығымен аяқталғанда ғана жүреді. Әрбір кезең АЖ-ні әзірлеу әзірлеушілердің басқа командасына тапсырылатындай құжаттардың толық жиынымен аяқталады.
Каскадты модельде келесі этапқа өту алдыңғы этаптағы барлық жұмыстардың аяқталуын білдіреді.
Әр этап біткен кезде келесі этапта жұмысты жалғастыруға жетерліктей мөлшерде құжаттар жасалып шығарылады. Сонымен қатар жұмыстың этаптары логикалық тізбекте орындалады, ал бұл жұмысқа кететін барлық уақытты және шығынды алдын ала жоспарлауға ыңғайлы. Бұл модельдің кемшілігі бар. Оның кемшілігі – бір этап толық орындалып біткеннен кейін, келесі этапты орындау барысында қателіктер, жетіспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Яғни алдыңғы этаптарға қайтадан баруға тура келетін жағдайлар көп кездеседі. Нәтижесінде жұмыстың орындалу мерзімі ұзаққа созылып кетуі мүмкін.