7. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық және объектіге бағытталған жобалаудың CASE-технологиялары.
CASE-технологиялары Жүйеге талаптар қою және жобалау үдерістерін қысқарту үшін CASE жабдықтары қолданылады. XX ғасырдың 70 – 80 жылдары талдаудың құрылымдық технологиясы қолданыла бастады. Құрылымдық технология графикалық көрнекті техниканы қолдануға негізделген. Графиктік техника әртүрлі модельдерді сипаттауға арналған. Қазіргі кезде CASE кұрделі құрылымды сүйемелдеу үдерістерін қамти алады. CASE технологиялары келесілерден тұрады:
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері;
Нотация( жүйе элементтерін бейнелеу тәсілі);
Инструменталды жабдықтар;
CASE жабдықтардың негізгі функциялары:
Жобаның орталықтандырылған деректер қорында сақталынады. Орталықтандырылған ДҚ репозиторий деп аталады. Ол әртүрлі типті объектілерді сақтай алады:Диаграмма,Деректерді сипаттау, Программаның алғашқы коды, Программалық жабдықтау мен ДҚ жобалау. CASE жабдықтардың қолдану реті:
Жүйенің логикалық моделі құрылады
Нақты программалау тілі немесе физикалық үлгіні құру үшін деректер қорын басқару жүйесі таңдалынады
Физикалық модель әрі қарай өңделінеді
Программаның мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын автоматты түрде генерациялау орындалады.
Кері жобалау (реинженеринг). Бұл жағдайда CASE жабдықтарды қолдану кері бағытта болады, яғни программа мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын логикалық моделге ауыстырамыз
Физикалық түрде іске асырумен жүйелер моделін синхранизациялау. Бұл жағдайда жүйенің физикалық моделіне қажетті өзгерістер енгізілуі мүмкін
Сапаны автоматты түрде қамтамасыз ету және модельді қателерге тексеру
Құжаттарды автоматты түрде генерациялау.
CASE технологияларды қолданудың мақсаты: жүйені жобалау мен талдау сатыларын максималды түрде автоматизациялау.
Заманауи CASE жабдықтар ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалау кезінде объектіге бағытталған технологияларды қолданады.
CASE жобалаудың бір – бірінен ерекшелігі жүйенің декомпозициясы (орындалатын жұмыстар), тәсілдерін талдау болып табылады. Жобалаудың заманауи әдістері:
Достарыңызбен бөлісу: |