Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет11/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Windows жүйесімен жұмысты аяқтау

MS-DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютерді сөндіру ісі оп-онай орындалады, оның тоқ келетін қосқышын ажыратса болғаны.

Бұл мезетте кейбір программалар жұмыс істеп жатса да, бұлай ағыту ешқандай келеңсіз жағдай тудырмайды.

Ал Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мынадай әрекеттерді орындау қажет:



  • жұмыс істеп тұрған программаларды жабу (аяқтау);

  • Windows-тен шығып жұмысты аяқтау ісін орындау...

Тек осыдан кейін компьютер өшіріледі. Неге бұлай?

Windows жүйесі компьютер құрылғыларын толық пайдаланып, оларды толық басқарып отырады. Бұл сәттерде Windows уақытша пайдаланылатын файлдарды жасап алады. Windows жұмысты дұрыс аяқтаса, ол файлдар өз-өзінен жойылады. Егер жұмыс дұрыс аяқталмаса, ол файлдар дискіде сақталып қалып, біраз орын алып тұрады.

Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс:

Windows З.х жүйесінде



  1. Тышқан курсорын Программа диспетчерінің жүйелік батырмасына алып барып, оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы Жүйелік менюді бейнелеп, оның операцияларының (мүмкіндіктерінің) ішінен «Жабу» командасын таңдау қажет.

  2. «ОК» басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек.

Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып белгіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғанының белгісі. Енді Enter пернесін бассақ, копьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды.

Windows 98 жүйесінде



  1. Тышқан курсорын Іске қосу (Пуск немесе Start) батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек те, меню командаларының ішінен «Windows-бен жұмысты аяқтау» (Завершение работы с Windows) командасын таңдау қажет. Мұнан кейін «Windows-бен жұмысты аяқтау» атты сұқбат терезесі экранға шығады. Бұл терезені Alt+F4 пернелері арқылы да шығаруға болады. Alt+F4 пернелері кез келген терезені (программаны) жабу ісін атқарады.

  2. Экрандағы сұқбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру тобындағы «Компьютерді өшіру» («Выключить компьютер») жолын таңдап алып, «Иә» («Да») басқару батырмасын басу керек.

Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау үшін – тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышөқанды бір рет шертсе болғаны.

  1. Windows жұмысын аяқтап, терезені жапқанша күте тұрып, соңынан компьютерді сөндіру қажет.

Егер істеп тұрған бір программаның жұмысын аяқтамай кетсеңіз, Windows жүйесі аяқталмаған программа бар екендігін айтып хабар береді де, сол программаны жабуды ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет