Бақылау сұрақтары
Меңзер дегеніміз не, оны басқару пернелерін атап, қызметін баянда?
Қате терілген символдарды өшіру жолдары қандай?
Жоғары регистр символдарына қалай өтуге болады және керісінше төменгі регистрдегі символдарға ше?
Цифрларды енгізу үшін қандай пернелер пайдаланылады?
Сөзде қалып кеткен символды енгізуге қай перне пайдаланылады?
Тек бас әріптерді тергенде қандай пернені іске қосу тиімді? Бір ғана бас әріпті теру жағдайында ше?
Функционалды және алфавитті – цифрлы пернелер айырмашылығы неде?
Esc, Tab, Ctrl, Alt, Shift, End, Home пернелерінің қызметін баянда.
Delete, Backspace, Spase пернелерінің қызметін ата.
Print Screen, Pause, Page Up, Page Down пернелерінің қызметін баянда.
3 сабақ
Құжаттарды пішімдеудің негізгі принциптерін қайталау
Microsoft Word – мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйссінің қосымша программасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ен кең тарағаи мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуғе болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
Достарыңызбен бөлісу: |