Жарлық(shortcut)-бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.Мысалы,жарлық арқылы каталогтың,желідегі дискінің ішіндегісін көретуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қоуға,файлды жылдам ашуға болады және т.б.Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері(файлдар,каталогтар және т.б.)өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады.Ал сол объектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады.Мысалы,егер жұмыс столында файлдың (каталогтың)өзі орналастырылған болса,онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады.Ал егерде де сіз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып,оны артынан өшірсеңіз,онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да,бастапқы файлдарөзгеріссіз қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |