Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»


Қарап шығу режимдерінін батырмалары



бет17/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Қарап шығу режимдерінін батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

- кәдімгі режим батырмасы - бұл қарап шығу режммі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді болу шекараларын пунктер -сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.

- беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйтксні қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.

- құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей ауыстыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.

Аспаптар тақтасы командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдаламу тышқан көлтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені, қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады.

Меню жолының төменгі жағында ~ Стандартты және Форматтау әрекеттерін ғана атқаруға арпалған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурст салу, Көмек алу және т. б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі.

Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелсрден тұратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы (рабочая область) болып саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет