Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»


ОЖ-нің негізгі жұмыс принциптерін және баптауды қайталау



бет3/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

ОЖ-нің негізгі жұмыс принциптерін және баптауды қайталау

Бұрынғы компьютерлерде кең тараған МS(PС)-DOS операциалық жүйесі болатын. МS-DOS операциалық жүйесінің бір адамның жұмысістеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне МS-DOS операциалық жүйесі компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатынын білетін боларсыздар.

Әрине, МS-DOS операциалық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб-тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін,яғни пайдаланылатын негізгі интерфейс рөлін МS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады.Бұл жол арқылы МS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі,ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар,пернелерден енгізіліп барып орындалады.Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады,кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді.Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де,көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.

Осыдан барып,адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады.Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі –Norton Commander)жұмыс істейтін еді. Бұларды бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңідетті, яғни қажет информацяны жылдам әрі жеңіл тауып оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

DEC фирмасы компьютерлерінің операцялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің МS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы-оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті.

80-ші жылдардың ортасында МS(PС)-DOS-тың мұндай кемшідігінен арылу үшін, Microsoft фирмаcы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды,солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын.Алайда,осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.

80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады.80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы МS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.

Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып,ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес,сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады.Осылайша Windows 95,Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің,сондай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфеис стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді,бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows 95-ке әрине МS-DOS-тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.

Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері МS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары,ал графйктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай WINDOWS жүйесі деген сөзді Windows 3.1х (кез келген сан)және Windows 95, Windows98 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет