Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негіздерін меңгеру пәнінен модульді бағдарламаның ОҚУ-Әдістемелік кешені //І курс// //48 сағат// Дайындаған: Құнапия Н.Қ 2021-2022 оқу жылы «келісілді»



бет6/106
Дата15.01.2022
өлшемі1.47 Mb.
#454595
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
УМК Кәсіби АКТ1

Терезе шекаралары-бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар.Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан.Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын әзгертуге арналған батырмалар бар.Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар.Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан –терезенің жұмыс аумағы деп аталады.Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады:орындалатын программа,өңделуге арналған мәліметтер,басқа кішігірім терезелер және т.б.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады,сондықтан информация көп болса,ол терезеге сыймай қалады.Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде де)айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады.Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бар екендігін көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

-толық экранды терезе,яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

-қалыпты күйдегі терезе,яғни терезе зкранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

-белгіше(пиктограмма)түрінде,яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет