Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған


Дәріс-8. Компьютер архитектурасына кіріспе



бет14/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Введение в спец лекция

Дәріс-8. Компьютер архитектурасына кіріспе.
Компьютер архитектурасының дамуы. Компьютер типтері.

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен компьютерлерді дербес компьютер деп атаймыз. Қазіргі кездегі оқу орындар дербес компьютерлермен қамтамасыз етілген. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына негізделген.


Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың және программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері.
Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), (1-сурет) және программалық жабдықтар (Sоftwаге)

1- сурет. Дербес компьютердің аппараттық құрылғылары


Жүйелік блокпроцессор, жад, адаптер, жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі, олар орналасқан тақша - жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал пернетақта, монитор, принтер, т.б. - сыртқы құрылғылар деп аталады.
Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы, яғни жұмыс өнімділігі - процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған. Такт – тізбекті берілген екі сигнал арасындағы уақыт, яғни процессор орындайтын ішкі операцияға жұмсалған уақыт. Тактілік жиілік – процессорде 1 секунтта орындалатын такт саны, өлшем бірлігі – мегагерц (мгц). Процессор барлық есептеу және ақпарат өңдеу істерін орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор - микропроцессор деп аталады.
Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді. Микропроцессор өңдей алатын сандардың максимум ұзындығы (разрядтар саны) - оның разрядтылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет