Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған
Ақпарат түрлеріекіге бөлінеді – үзіліссіз (аналогты)және дискретті (цифрлық).Ақпараттың қабылдаушыға жетуі үшін ақпаратты тасушы қажет. Тасушы арқылы берілетін ақпаратты сигнал деп атаймыз. Ақпаратты жіберу процессін сигнал параметрлерідеп аталады. Сигнал параметрлері белгілі бір уақыт ішінде реттелген болса (олар нөмірленуі мүмкін), сигнал дискреттік болады, ал осындай сигналдармен жіберілетін ақпарат – дискреттік ақпарат деп аталады. Ал егер ақпарат көзінен үзіліссіз ақпарат шығып жатса (сәйкесінше сигнал параметрі –үзіліссіз функция болса), үзіліссіз ақпарат деп аталады. ЭЕМ-ді компьютер деп, ал автоматты құрылғының немесе адамның өңдеуіне бейімделіп қолайлы дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т.б. ақпаратты деректер немесе берілген мәліметтер деп атайды. Информатика – ақпарат қасиеттерін, оның көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын кешенді ғылым. ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақпараттық технология деп атайды. Жаңа ақпараттық технологиялар депдербес компьютерлердің көмегімен, әсіресе олардың желілері арқылы ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуын интернет желісінсіз, электрондық поштасыз көзге елестету мүмкін емес. Информатикада жаңа ақпараттық технологиялармен қатарақпараттық жүйелер ұғымы да кеңінен пайдаланылып келеді. Ақпараттық жүйелер – басқару функцияларын іске асыратын объект жөнінде ақпаратты алуды, беруді және өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Оны пайдалану түрлері: берілген мәліметтерді басқаруды ұйымдастыру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, автоматты түрде жобалау, технологиялық процестерді басқару. Қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің халқы Интернетті пайдалану мүмкіндігін меңгерген. Компьютерлік сауаттылық - Интернеттен қажетті ақпаратты іздеу және дербес компьютерді түрлі жұмыстарға пайдалана білу. Есептеу техникасының дамуы ертеден басталды. XVII ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль (1613-1662 жж.) сандарды қоса алатын құрылғы ойлап тапты. XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды бөле алатын, көбейте алатын және алу, қосу операцияларын бірнеше есе қайталап орындайтын механикалық калькулятор жасап шығарды. XIX ғасырда Ч.Бэббидж (1792-1871 жж.) механикалық машинаны бағдарлама арқылы басқару жүйесімен біріктірді. XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. В.Лейбниц 1666 жылы алғаш рет кез-келген санның екілік санау жүйесінде жазылатыны туралы ұсынысын енгізіп, есептеу құрылғысына екілік жүйені пайдалануға болатындай мүмкіндік барын білді. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару бағдарламалары - бәрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit(Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е ® 10000101, / ® 00101111, 8 ® 00111000 т.с.с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт өлшемдері де пайдаланылады. Ақпарат өлшем бірліктері: 1 байт =8 бит 1024 байт=1 Кбайт (килобайт) 1024 Кбайт=1 Мбайт (мегабайт) 1024 Мбайт=1Гбайт (гигабайт) 1024 Гбайт=1Тбайт (терабайт) Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, оналтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен жұмыс істейді. Олардың ішіндегі екілік санау жүйесі негізгі, қалған екеуі қосымша санау жүйесі ретінде пайдаланылады. Біздің елде дербес компьютер үшін ИАК-8 - кеңейтілген ASCII кодының кестесін пайдаланады. ASCII кодтар (American Standart Code for InformationInterchange) - ақпаратты алмастыруға арналған, символдар кодтарының негізі болып саналатын, америкалық кодтар стандарты, ол арнайы құрастырылған кестеде беріледі. жүктеу/скачать 277.21 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |