Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған


Магниттік дискіде жинақтауыш (дискіжетек)



бет17/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Введение в спец лекция

Магниттік дискіде жинақтауыш (дискіжетек) – ақпаратты қатты магниттік дискіге немесе иілгіш магниттік дискіге жазуға, не онда жазылған ақпаратты машина жадына енгізуге арналған құрылғы. Қатты магниттік дискі мен иілгіш магниттік дискілерді сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды. Диск түрлері:

  1. Иілгіш магниттік диск немесе дискет (табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск), көлемі: диаметрі

89 мм болатын 3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде ақпарат жазылады - 1,44 Мб және 720 Кб;
2) Қатты магниттік диск (орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады, ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады). Өте көп ақпарат сақтауға болады. Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) ақпаратты тұрақты сақтауға арналған. Винчестер компьютердің ішіне орналастырылған дискіжетекке бекітіліп қойылған, сондықтан ол дискіжетектен алынып-салынбайды. 80286 процессорлы ІВМ РС-де катты дискінің мәлімет сиымдылығы 20 - 40 Мб, ал Pentuim - 6 Гб-қа дейінгі деңгейде немесе одан да жоғары болады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда, винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Жазу құрылғыларын дискіжетек деп, жинақты (компакт) дискілерге жазатын, не олардан оқитын құрылғыны CD-ROM деп атайды. Бұл құрылғыны компьютерге арнайы орнату қажет. Ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстармен жұмыс істеу үшін кеңінен пайдаланылады.
3) Компакт-диск (CD-R), қарапайым компакт-дискінің көлемі 650 Мб, яғни 650 миллион символ сияды, бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады, ал жазуға болмайды.
Соңғы кездерде магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты. Стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы. Олар үлкен көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы баяу жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет