Энергияға тәуелсіз жад – СMOS технологиясы бойынша жасалған, аналық тақшада орналасқан микросхема. Бұл микросхема аналық тақшада орналасқан шағын батареямен қоректенеді. Компьютер өте ұзақ уақыт іске қосылмаса да батарея зарядын жоғалтпайды. Күнтізбе мен уақытқа арналған жүйелі сағат осы жадта орналасқан.
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары көмекші операцияларды орындауға арналған. Олар мынадай түрлерге бөлінеді:
Мәліметтерді енгізу құрылғысы;
Мәліметтерді шығару құрылғысы;
Мәліметтерді сақтау құрылғысы;
Мәліметтерді алмастыру құрылғысы.
Мәліметтерді енгізу құрылғысы. Ақпарат пен басқару командаларын енгізетін негізгі құрылғыларға пернетақта (клавиатура), графикалық курсормен басқарылатын құрылғы "тышқан" қолтетігі және графикалық немесе мәтінді ақпараттарды оқуға арналған оптикалық құрылғы - сканер жатады. Енгізу функцияларын жарық қаламұштары, жарық сезгіш планшеттер, компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік - джойстик те орындайды.
Мәліметтерді шығару құрылғысы - бейнемонитор. Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Бейнеадаптер (Видеокарта) - бейне құрушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема.
Монитор - ЭЕМ-ге міндетті түрде қажет сыртқы құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын ақпарат түрлеріне байланысты символдық (тек символдық ақпарат) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік ақпарат) болып бөлінеді. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы.
Экранда бейненің көріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі-түсті боялып көрсетілуі бейнеадаптердің үлгісіне байланысты (2-кесте).
2 - кесте Бейнеадаптер үлгілері
Бейнеадаптер
үлгілері
|
Экран сыйымдылығы
|
Мәтіндік режим
|
Графикалық режим
|
CGA - Color graphics Adapter
|
80х25,
16 түс
|
320x200,
4 түс
|
EGA - Enhanced Graphics Adapter
|
80х25,
16 түс
|
640-350,
16 түс
|
VGA - Video Grapich Array
|
80х25,
16 түс
|
720х350,
16...256 түс
|
SVGA - SuperVGA
|
80х25,
16...256 түс
|
800х600,
16..256 түс
|
Соңғы кездерде көбірек пайдаланатын бейнеадаптер – SVGA, басқа адаптерлерге қарағанда бағасы қымбат, онда пайдаланатын түстердің саны көп және мониторда символдар мен нүктелер экранда анығырақ көрінеді. Соңғы кездерде шығарылған Pentium типті дербес компьютерлерде осы бейнеадаптер орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |