Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған



бет20/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
Введение в спец лекция

Сканер - құжаттан шығарылған сәулені қабылдап, олардан цифрлы сигналдар құрастыратын, түрлі мәтіндерді, суретті, графикалық кескіндерді, фотосуреттерді қағаз бетінен компьютерге енгізуге арналған оптикалық құрылғы. Сканермен жұмыс істеу үшін арнайы драйвері болуы тиіс. Сканер арқылы компьютерге енгізілген мәтінді редакторлеп, өзгеріс жасау үшін, мәтінді Fine Reader программасы арқылы Word мәтіндік редакторының терезесіне жіберу керек.
Плоттер (график сызғыш) - мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға, плакаттарға шығарады.

График сызғыштар жобалау жұмыстарын автоматтандыруда әртүрлі сызба түріндегі бейнелерді басып алу үшін қажет. Бұлар бір түсті, түрлі түсті болып, сызу сапасына қарай бірнеше топтарға жіктеледі.
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы, мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған принтерлер түрі мен олардың мүмкіндіктері 3-кестеде қарастырылды.

3-кесте Баспаға шығару құрылғысының мінездемесі



Принтер типі

Құрылғының баспаға
басып шығару тәсілі

Шығару жылдамдығы



Матрицалық принтер

Символдарды қағазға нүктелер жиынтығы түрінде бояғыш лента арқылы 9, 18, 24 инелі бастикпен басып шығарады

200-400
(символ/сек)

Сия бүріккіш (Струйный) принтер

Ақпаратты қағазға арнайы сия тамшыларын бүркіу арқылы шығарады, жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді

200-500
(символ/сек)

Лазерлік принтер

Ақпаратты қағазға лазерлік сәулелер арқылы басып шығарады, ксерография принціпін қолданатын құралдарға жатады

1000-5000
(символ/сек)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет