Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған



бет37/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Введение в спец лекция

2. Аймақтық таратылған желілер (АТЖ) – WAN (Wide Area Network – широкомасштабная сеть). АТЖ – жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқарыла алады. Ол үшін модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.
АТЖ-дің көмегімен электрондық пошта арқылы мәліметтер қабылдау-жөнелтуге, Интернетпен байланысуға болады.
3. Қалалық масштабтағы желі – MAN (Metropolitan Area Network);
4. Ауқымды (глобальдық) желі – GAN (Global Area Network) – бұған желілердің желісі болып келетін Интернет желісі жатады. Интернеттің артықшылығы – ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар, медициналық, комерциялық және банкілер саласында қызмет көрсету, қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. күрделі мәліметтер студенттердің кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізері сөзсіз.
Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме – Провайдер деп аталады. Интернетке қосылатын компьютер үшін: пароль, желілік арнайы адрес, телефон нөмірі және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдері айқын болдуы керек.Интернетке қосылудың бірнеше түрлері бар, олар:

  • Провайдермен модемдік қосылу;

  • Бөлінген арна бойынша қосылу;

  • Интернетке спутниктік өту;

  • Ақпаратты ұялы телефон арқылы дестелік жөнелту технологиясын (GPRS - General Packet Radio Service) пайдалану.

Интернет – желілердің желісі, ол көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, әлемдегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Интернет желісінің атқаратын негізгі қызмет функциялары 12.2-суретте және 12.3 -суретте көрсетілді.



12.2-сурет. Интернет желісінің қызмет функциялары

Windows-тың жұмыс столынан Internet белгішесін екі рет шерткенде, Интернетті бапқа келтіру терезесі көрінеді, онда провайдермен келіскен шартбелгілер енгізілсе, Internet Explorer терезесі көрінеді, бұл Интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын, браузер деп аталатын арнайы бағдарлама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет