Сурет 12.1 Желілер архитектурасы
Сервер. Клиент/сервержелісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы бағдарламаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе NOS (Network Operating System) орнатылып, ол сыртқы құрылғыларды да басқара алады.
Коммутатор - телефон арқылы байланысу мүмкіндігін тудырады, мұнда компьютерлер бір-бірімен TCP/IP (Transfert Control Protocol/Internet Protocol) хаттамасы арқылы мәлімет алмаса алады, мұндағы TCP – транспорттық деңгейдегі хаттама, ал IP – адрестік хаттама. Бір-бірімен өзара ақпарат алмасу үшін байланысқан әрбір компьютердің IP адресі 0- ден 255-ке дейінгі, нүктемен ажыратылған, төрт сан арқылы өрнектеледі, мысалы: 123.0.12.200.
Маршрутизатор – объектілердегі бірдей деректерді алмастыру хаттамаларымен біріктіру қызметін атқарады. Жүйені басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер бірдей тең құқықты болып жасалады. Яғни әрбір желі торабындағы компьютер мәліметтерді қабылдау–жөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан келіп түскен хабарларды ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу (маршруттау) ісін де жүргізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |