Браузер (browser) - қарап шығушы, оның атқаратын қызмет түрлері:
Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған, әркімнің таңдауы бойынша мәтіннің, бейненің немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етедін бағдарлама;
Желіде жұмыс істеуге арналған қосымша бағдарламалық жасақтама;
3) Web-беттерін қарап шығуға, құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнатуға, Web – беттерді пішімдеуге, бейнелеуге, Web – беттердің іздестіруін жеделдетуге, т б. арналған бағдарлама.
Браузерді компьютерге орнатпайынша, Интернетпен байланыс орнату мүмкін емес, бағдарлама көрсетілген URL-адрес бойынша керекті әріптеспен байланыс орнатуы, бүкіл World Wide Web бойынша керекті Web-бетті іздеуді және келіп түскен ақпаратты ыңғайлы түрде көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.
12.3-сурет.Интернет желісінің қызмет функциялары
Web–сайт – бір тақырып бойыншабіріктірілген және гиперсілтемелер бойынша байланыстырылған Web-беттер жиынтығы, әдетте Web–сайт аты мен адресі жазылған бума түрінде серверде орналастырылып қойылады. Сайтқа Web-беттер енгізу қиын емес.
WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін браузер, навигатор, көрсеткі, шолушы деп аталатын бағдарламалар қолданылады, мысалы:mail.ru, yandex.ru, google.com, rambler.ru, aport.ru, yahoo.com, қазіргі кезде MicrosoftInternetExplorer, NetscapeNavigator тәрізді браузерлер жиі қолданылады. World Wide Web-те ақпарат іздестірудің екі түрлі моделі бар:
іздестіру каталогтары, мысалы: www.ru, aport.ru, one.ru, yahoo.com;
іздестіру нұсқағыштары, мысалы: yandex.ru, rambler.ru т.б.
E-Mail -электрондық пошта, бұл электрондық поштаның ағылшынша аталуы, компьютерде хат-хабарларды сақтау, тасымалдау қызмететтерін жылдам орындайды, желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықта тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |