Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы


«Мемлекеттiк орган функцияларын автоматтандыру»



бет3/6
Дата30.06.2016
өлшемі413.5 Kb.
#167280
1   2   3   4   5   6

6. «Мемлекеттiк орган функцияларын автоматтандыру»
критериясы бойынша бағалау 

      83. Бағалау келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi:


      1) Мемлекеттiк орган автоматтандырылған функцияларының (үрдiстерiнiң) үлесi;
      2) Есептi мерзiмде мемлекеттiк орган автоматтандырылған функцияларының (үрдiстерiнiң) үлесi;
      3) Мемлекеттiк орган автоматтандырылған функцияларының (үрдiстерiнiң) iшiнара-толықтай үлесi.

Параграф 1. «Мемлекеттiк органның автоматтандырылған
функцияларының үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      84. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар санының мемлекеттiк органның автоматтандырылуға жататын функциялардың жалпы санына қатынасы жатады. Автоматтандырылуға жататын функциялардың (үрдiстер) тiзбесi Министрлiкпен анықталады және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк органдармен бекiтiледi.


      85. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында мемлекеттiк органның функцияларының автоматтандырылу дерегiн ведомстволық ақпараттық жүйелердi зерттеу жолымен тексередi.
      86. Бағалау мәнi мемлекеттiк органның автоматтандырылған функциялар санын мемлекеттiк органның автоматтандырылуға жататын функцияларының жалпы санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен 25 көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, мемлекеттiк органның автоматтандырылуға жататын функцияларының жалпы саны 50 құрайды, мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар саны 20 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 20/50*25=10 балл. Осылай «Мемлекеттiк органның автоматтандырылған функцияларының үлесi» көрсеткiшi бойынша баға 10 баллды құрады. 

Параграф 2. «Есептiк мерзiмде мемлекеттiк органның
автоматтандырылған функцияларының (үрдiстерiнiң) үлесi»
көрсеткiшi бойынша бағалау

      87. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға есептiлiк кезеңiнде мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар санының мемлекеттiк органның автоматтандырылған функциялардың жалпы санына қатынасы жатады.


      88. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында есептiлiк кезеңде мемлекеттiк органның функцияларының автоматтандырылу фактiсiн растайтын, мемлекеттiк орган ұсынған құжаттарды тексередi.
      89. Бағалау мәнi мемлекеттiк органның есептiк кезеңде автоматтандырылған функциялар санын мемлекеттiк органның автоматтандырылған функцияларының жалпы санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен 10 көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, мемлекеттiк органның автоматтандырылған функцияларының жалпы саны 20 құрайды, оның iшiнде мемлекеттiк органның есептiк кезең iшiнде автоматтандырылған функциялар саны 5 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 5/20*10=2,5 балл. Осылай «есептiк кезең iшiнде мемлекеттiк органның автоматтандырылған функцияларының үлесi» көрсеткiшi бойынша баға 2,5 баллды құрады. 

Параграф 3. «Мемлекеттiк органның iшiнара/толық
автоматтандырылған функциялар үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      90. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға мемлекеттiк органның функцияларының автоматтандырылу дәрежесi, оның iшiнде бөлiктеп автоматтандырылған функциялар үлесi мен мемлекеттiк органның толық автоматтандырылған функциялары жатады.


      91. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында мемлекеттiк органның функцияларының автоматтандырылу дәрежесiн ведомстволық ақпараттық жүйелердi зерттеу жолымен тексередi.
      92. Бағалау нәтижесi мемлекеттiк органның жартылай автоматтандырылған функциялары (үрдiстер) үлесiнiң мәнiн және мемлекеттiк органның толық автоматтандырылған функциялары (үрдiстер) үлесiнiң мәнiн қосып, алынған нәтиженi кейiннен 5 көбейту жолымен анықталады. Жартылай автоматтандырылған функциялар үлесi жартылай автоматтандырылған функциялар (үрдiстер) санының мемлекеттiк органның автоматтандырылуға тиiстi функциялар (үрдiстер) санына қатынасын кейiннен 0,5 коэффициентке көбейтуiне тең. Толық автоматтандырылған функциялар (үрдiстер) үлесi толық автоматтандырылған функциялары (үрдiстер) санының мемлекеттiк органның автоматтандырылуға тиiстi функциялары (үрдiстер) санының қатынасын кейiннен 1 коэффициентке көбейтуiне тең.
      Мысалы, мемлекеттiк органның автоматтандырылған функциялардың жалпы саны 15 құрайды, мемлекеттiк органның толық автоматтандырылған функциялар саны 5 құрайды, мемлекеттiк органның жартылай автоматтандырылған функциялар саны 10 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: ((5*1+10*0,5)/15)*5=3,33 балл. Осылай «мемлекеттiк органның бөлiктеп/толық автоматтандырылған функциялар үлесi» көрсеткiшi бойынша баға 3,33 баллды құрады. 

7. «Ақпараттық жүйелердiң енгiзiлу сапасы»
критериясы бойынша бағалау 

      93. Осы көрсеткiш бойынша бағалау ақпараттық жүйелердi құру сатыларының ақпараттық технологиялар облысындағы стандарттарға сәйкес келмеушiлiктi сипаттайтын төменде аталған көрсеткiштердi анықтау мақсатында жүзеге асырылады:


      1) Есептiк кезең iшiнде бизнес-үрдiстердi оңтайландыру бойынша талдамалық деректерсiз әзiрленетiн және өндiрiстiк пен тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелер үлесi;
      2) Есептiк кезең iшiнде мемлекеттiк органның өндiрiстiк және тәжiрибелiк пайдалануға уақытында енгiзiлмеген ақпараттық жүйелердiң үлесi;
      3) Есептiк кезең iшiнде тәжiрибелiк және өндiрiстiк пайдалануға бекiтiлген нормативтiк техникалық құжаттамасыз енгiзiлген ақпараттық жүйелер үлесi;
      4) Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес ақпараттандыру саласында Министрлiкпен келiсiлмеген нормативтiк техникалық құжаттамасыз, есептiлiк кезең iшiнде әзiрленетiн, тәжiрибелiк және өндiрiстiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелер үлесi;
      5) Заңға және «Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған және ақпараттық қауiпсiздiктi талаптарына сәйкес мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интегралдалатын мемлекеттiк ақпараттық жүйелер және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердiң iскерлiк сараптауының өткiзулерi ережелерiнiң бекiтiлуi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30-шы желтоқсандағы № 2280 Қаулысына сәйкес өндiрiстiк пайдалануда орналасқан және ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiк аттестаттары жоқ ақпараттық жүйелер үлесi;
      6) Заңға және «Электрондық ақпараттық қорлар және ақпараттық жүйелердiң мемлекеттiк регистрi және депозитарийдың жүргiзуi ережелерiнiң бекiтуi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21-шi қарашадағы № 1124 Қаулысына сәйкес мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелер тiркелiмiнде және Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнiмдер, бағдарламалық кодтар және нормативтiк техникалық құжаттамалар депозитарийiнде тiркелмеген немесе депозитке салынбаған ақпараттық жүйелер үлесi;
      7) Заңға сәйкес мемлекеттiк тiлде интерфейсi жоқ өндiрiстiк пайдалануда орналасқан ақпараттық жүйелер үлесi;
      8) Электрондық үкiметтiң құрамдас бөлiктерiмен ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйелер үлесi.
      Ақпараттық жүйелердi құру сатыларының ақпараттық технологиялар облысында стандарттарға сәйкес келмеушiлiктi сипаттайтын көрсеткiштердi айқындаған жағдайда, Әдiстемеге 4 қосымшаның кестесiне сәйкес баллдарды төмендету жүргiзiледi. Әдiстемеге 4 қосымшасының кестесiне сәйкес баллдарды азайту сомасында 15 баллды құрайды және 100 баллға тең максималды балл санынан асырылады.

Параграф 1. «Есептiк кезең iшiнде бизнес-үрдiстердi
оңтайландыру бойынша талдаулық деректерсiз жасалған және
өндiрiстiк пен тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық
жүйелер үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      94. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы санында есептiк кезең iшiнде бизнес-үрдiстердi оңтайландыру бойынша талдамалық деректерсiз өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелер үлесi жатады.


      95. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 4.1 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      96. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында есептiлiкте көрсетiлген мемлекеттiк органның ақпаратын бизнес-үрдiстердi оңтайландыру бойынша талдамалық деректердi талдау жолымен тексередi.
      97. Бағалау нәтижесi мемлекеттiк органның есептiк кезең iшiнде бизнес-үрдiстердi оңтайландыру бойынша талдамалық деректерсiз әзiрленген ақпараттық жүйелер санын есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы санына бөлiп, кейiннен алынған нәтиженi (-2) көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы саны 2 құрайды; есептiк кезеңiнде бизнес-үрдiстердi оңтайландыру бойынша талдамалық деректерсiз әзiрленген және өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелер саны 1 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 1/2*(-2)= -1 балл. Осылай, осы көрсеткiш бойынша баға -1 баллды құрады.

Параграф 2. «Есептiк мерзiм iшiнде мемлекеттiк органның
өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға уақытында
енгiзiлмеген ақпараттық жүйелердiң үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      98. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы санында есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзу бойынша акт күнi техникалық экономикалық негiздемелерде, техникалық тапсырмаларда немесе техникалық маманданымда (бұдан әрi – нормативтiк техникалық құжаттама) көрсетiлген күнге сәйкес келмейтiн ақпараттық жүйелер үлесi жатады.


      99. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 4.2 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      100. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында есептiлiкте көрсетiлген мемлекеттiк органның ақпаратын нормативтiк техникалық құжаттаманы және ақпараттық жүйелердi өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзу бойынша актiлердi талдау жолымен тексередi.
      101. Баға мемлекеттiк органның есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк және тәжiрибелiк пайдалануға уақытында енгiзiлмеген ақпараттық жүйелер санын есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы санына бөлiп, кейiннен алынған нәтиженi (-2) көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы саны 2 құрайды, есептiк кезеңiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзу бойынша акт күнi нормативтiк техникалық құжаттамада көрсетiлген күнге сәйкес келмейтiн ақпараттық жүйелер саны 1 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 1/2*(-2)= -1 балл. Осылай «Мемлекеттiк органның есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк және тәжiрибелiк пайдалануға уақытында енгiзiлмеген ақпараттық жүйелер үлесi» көрсеткiшi бойынша баға -1 баллды құрады. 

Параграф 3. «Есептiк мерзiм iшiнде тәжiрибелiк және
өнеркәсiптiк пайдалануға бекiтiлген нормативтiк техникалық
құжаттамасыз енгiзiлген ақпараттық жүйелер үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      102. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы санында есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген және бекiтiлген нормативтiк техникалық құжаттамасы жоқ ақпараттық жүйелер үлесi жатады.


      103. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 4.3 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      104. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында есептiлiкте көрсетiлген мемлекеттiк органның ақпаратын нормативтiк техникалық құжаттаманы талдау жолымен тексередi.
      105. Баға кейiннен алынған нәтиженi (-2) көбейтумен, есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк және тәжiрибелiк пайдалануға бекiтiлген нормативтiк техникалық құжаттамасыз енгiзiлген ақпараттық жүйелер санын есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы санына бөлу жолымен анықталады.
      Мысалы, есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк немесе тәжiрибелiк пайдалануға енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы саны 2 құрайды, есептiк кезең iшiнде өндiрiстiк және тәжiрибелiк пайдалануға бекiтiлген нормативтiк техникалық құжаттамасыз енгiзiлген ақпараттық жүйелер саны 1 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 1/2*(-2)= -1 балл. Осылай «Есептiк кезең iшiнде тәжiрибелiк және өндiрiстiк пайдалануға бекiтiлген нормативтiк техникалық құжаттамасыз енгiзiлген ақпараттық жүйелер үлесi» көрсеткiшi бойынша баға -1 баллды құрады. 

Параграф 4. «Нормативтiк-техникалық құжаттаманы ақпараттандыру
аясында Министрлiкпен келiспей ақпараттық жүйенiң есептiк
периодында тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзген,
әзiрленген үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      106. Берiлген көрсеткiш бойынша бағалауға есептiк кезеңде тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға құрылған, енгiзiлген, ақпараттық жүйенiң жалпы санының нормативтiк-техникалық құжаттамасының сараптамасының нәтижелерi бойынша ақпараттандыру аясында Министрлiктен терiс эксперттiк қорытынды алған, есептiк кезеңде тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға құрылған, енгiзiлген ақпараттық жүйенiң бөлiгi жатады.


      107. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 4.4 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      108. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi нормативтiк-техникалық құжаттандырудың сараптамасының нәтижелерi бойынша эксперттiк қорытындыларды қарастыру жолымен есептiлiкте көрсетiлген мемлекеттiк органның ақпаратын тексередi.
      109. Осы көрсеткiш бойынша жүйе нормативтiк-техникалық құжаттаманы ақпараттандыру аясында уәкiлеттi органмен келiспей ақпараттық жүйенiң есептiк периодында тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзген, өңделген санын есептiк периодында тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға енгiзiлген, құрылған ақпараттық санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен (-2) көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, нормативтiк-техникалық құжаттаудың сараптамалық нәтижелерi бойынша ақпараттандыру аясында Министрлiктiң терiс қорытындысын алған, есептiк кезеңнiң тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға құрылған, енгiзiлген ақпараттық жүйенiң жалпы саны 1 құрайды, есептiк кезеңнiң тәжiрибелiк және өнеркәсiптiк пайдалануға құрылған, енгiзiлген ақпараттық жүйелердiң жалпы саны 3 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 1/3*(-2) = -0,67 балл. Осылай бағалау бойынша көрсеткiш -0,67 баллды құрады.

Параграф 5. «Өнеркәсiптiк пайдалануға жататын және ақпараттық
қауiпсiздiк талаптарына сәйкес аттестаты жоқ ақпараттық жүйе
үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      110. Берiлген көрсеткiш бойынша бағалауға 2010 жылдан өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiнiң бөлiгi мен ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн аттестаттары жоқ, 2010 жылдан өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйенiң жалпы саны жатады.


      111. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 4.5 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      112. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi өнеркәсiптiк пайдалану мен ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн аттестатының ақпараттық жүйенiң енгiзу актiсiн талдау жолымен есептiлiкте көрсетiлген мемлекеттiк органның ақпаратын тексеру.
      113. Осы көрсеткiш бойынша өнеркәсiптiк пайдалану мен ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн аттестатының болмауы санын 2010 жылдан өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйенiң жалпы санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен (-2) көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, 2010 жылдан өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйенiң жалпы саны, 4 құрайды, 2010 жылдан өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан және ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн аттестаты жоқ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнiң саны 1 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 1/4*(-2)= -0,5 балл. Осылай «Өнеркәсiптiк пайдалануға жататын және ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес аттестаты жоқ ақпараттық жүйе бөлiгi» бағалау бойынша көрсеткiш -0,5 балл құрады. 

Параграф 6. «Тiркелмеген немесе электрондық ақпараттық
ресурстар мен ақпараттық жүйенiң Мемлекеттiк тiркелiмiнде
депозитке салынбаған және ақпараттық жүйенiң, бағдарламалық
өнiмнiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық
құжаттамалардың Депозитарияларында ақпараттық жүйесiнiң үлесi»
көрсеткiшi бойынша бағалау 

      114. Тiркелмеген немесе электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйенiң Мемлекеттiк регистiрiнде депонирленбеген және ақпараттық жүйенiң, бағдарламалық азық-түлiктiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамалардың ақпараттық жүйесiнiң бөлiгi, өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануға жататын ақпараттық жүйенiң жалпы саны жатады.


      115. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң, бағдарламалық азық–түлiктер, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамалардың электронды ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйенiң Мемлекеттiк регистiрiнде және бағдарламалық кодтар мен мәлiметтер базасының нормативтiк-техникалық құжаттамалардың Депозитарияларының болуын тексередi.
      116. Осы көрсеткiш бойынша тiркелмеген немесе электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйенiң Мемлекеттiк регистiрiнде депонирленбеген және ақпараттық жүйенiң, бағдарламалық азық-түлiктiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамалардың Депозитарияларының ақпараттық жүйесiнiң санын өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйенiң жалпы санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен (-1) көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, өнеркәсiптiк және тәжiрибелiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйенiң жалпы саны 5 құрайды, тiркелмеген немесе электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйенiң Мемлекеттiк регистiрiнде депонирленбеген және ақпараттық жүйенiң, бағдарламалық азық-түлiктiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттамалардың Депозитарияларының ақпараттық жүйесiнiң саны 3 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 3/5*(-1)= -0,6 балл. Осылай, осы көрсеткiштi бағалау бойынша көрсеткiш -0,6 баллды құрады.

Параграф 7. «Мемлекеттiк тiлде интерфейссiз өнеркәсiптiк
пайдалануда жатқан ақпараттық жүйе үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      117. Осы берiлген көрсеткiш бойынша бағалауға Мемлекеттiк тiлде интерфейссiз өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйе үлесi, өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiнiң жалпы саны жатады.


      118. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 4.6 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      119. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мемлекеттiк тiлде интерфейсiнiң болуына ақпараттық жүйесiн талдау жолымен мемлекеттiк органның есептiлiкте көрсеткен ақпаратын тексередi.
      120. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк тiлде интерфейсi жоқ өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйе санын өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйенiң жалпы санына бөлу, алынған нәтиженi кейiннен (-2) көбейту жолымен анықталады.
      Мысалы, өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйенiң жалпы саны 5 құрайды, мемлекеттiк тiлде интерфейссiз өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйе саны 3 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 3/5*(-2)=-1,2 балл. Осылай, «Мемлекеттiк тiлде интерфейссiз өнеркәсiптiк пайдалануда жатқан ақпараттық жүйе үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау -1,2 баллды құрады. 

Параграф 8. ««Электрондық үкiмет» құрауыштарымен
ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйе үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау

      121. Осы берiлген көрсеткiш бойынша бағалауға ықпалдастыруға жататын, ведомствалық ақпараттық жүйенiң жалпы санының «электронды үкiмет» компоненттерiмен ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйесiнiң үлесi жатады.


      122. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 4.7 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
      123. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi «электронды үкiметтiң» компоненттерiмен ықпалдастырылуын растайтын, электронды үкiметтiң компоненттерiмен ықпалдастырылу қажеттiлiгi пәнiн және құжаттарын ведомствалық ақпараттық жүйенi талдау жолымен есептiлiкте көрсетiлген ақпаратты тексередi.
      124. Осы көрсеткiш бойынша «электронды үкiметтiң» компоненттерiмен ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйенiң санын ықпалдастыруға жататын ведомствалық ақпараттық жүйенiң жалпы санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен (-2) көбейту жолымен анықталады.
      Тексерiс кезiнде «электронды үкiмет» компоненттерiмен ақпараттық жүйенi ықпалдастыруды қажет етпеуi немесе ықпалдастыру қызметiне «электрондық үкiмет» компонентiне иеленушi – мемлекеттiк органның дәлелсiз бастартуы есепке алынады.
      «Электрондық үкiмет» компоненттерiмен ақпараттық жүйенi ықпалдастыруды қажетсiңбеу кезiнде, берiлген көрсеткiш бойынша балл қойылмайды. «Электрондық үкiмет» компонентiне иеленушi – мемлекеттiк органның «электронды үкiмет» компонентiмен ықпалдастыру қызметтерiн қажет ету туралы сұранымды растайтын және «электронды үкiмет» компонентiне иеленушi – мемлекеттiк органның дәлелсiз бастартуын растайтын құжаттың бар болуы кезiнде «электронды үкiмет» компонентiне иеленушi – мемлекеттiк органның баллы берiлген көрсеткiш бойынша 20% төмендейдi. 

8. «Қызмет ететiн ведомстволық ақпараттық жүйенiң нәтижелiлiгi»
критериясы бойынша бағалау

      125. Осы критерий бойынша бағалау кезiнде Әдiстемедегi 5 қосымшадағы кестеде көрсетiлген ақпараттық жүйенiң мемлекеттiк органдарымен құрастырылған жұмыс iстеу сұрақтары қарастырылады.


      126. Осы критерий бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу бойынша Министiрлiкпен анықталған критериялар бойынша ақпараттық жүйенiң функционалдылығын тексередi.
      127. Осы критерий бойынша бағалау Әдiстемедегi 5 Қосымшадағы кестеде көрсетiлген ақпараттық жүйенi қолданудың тиiмсiздiгi байқалған кезде баллдарды төмендету жолымен анықталады. Баллдарды азайту сомада 10 балл құрайды және 100 баллға тең максималды балл санына асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет