5.1. «Iс жүргiзуде электрондық құжат айналымы жүйелерiн
пайдалану» iшкi критериясы бойынша бағалау
32. Бағалау келесi көрсеткiштер бойынша жүргiзiледi:
1) Электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесi;
2) Электрондық түрде ғана iшкi электрондық құжат айналымының үлесi;
3) Уақытылы тiркелген электрондық құжаттардың үлесi;
4) «Электрондық үкiмет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тiркелген электрондық өтiнiштерiнiң үлесi;
5) Мемлекеттiк органның iшiнде ведомствоаралық құжаттарды келiсу үлесi;
6) Электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi – ЭҚАБЖ) мұрағатына электрондық құжаттарды шығынға жазудың үлесi.
33. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органды - ЭҚЖ қатысушысыны ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi есептi күнтiзбелiк жыл үшiн ЭҚАБЖ/ЭҚЖ ведомстволық жүйесiнен статистикалық есептердi қарау жолымен мемлекеттiк орган - ЭҚЖ қатысушысы ақпаратының есептiлiгiнде көрсетiлгендi тексередi.
Параграф 1. «Электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау
34. Осы көрсеткiш бойынша бағалау мемлекеттiк органмен немесе лауазымды тұлғалармен – ЭҚЖ қатысушылармен жөнелтуге жататын және 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен электрондық құжат форматында мемлекеттiк органның – ЭҚЖ қатысушының қызметiнде пайда болатын мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн құжаттардың жалпы санынан электрондық түрде ғана жөнелтiлген құжаттардың үлесi жатады.
35. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпараттың көзi Әдiстемедегi 1 қосымшаға сәйкес Министрлiкпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 3.1.1 жолындағы 3 бағанда көрсетiлген ақпарат болып табылады.
36. Осы көрсеткiш бойынша бағалау нәтиже электрондық түрде ғана жөнелтiлген құжаттардың санын мемлекеттiк органның – ЭҚЖ қатысушының қызметiнде пайда болатын мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн ведомствоаралық құжаттардың санына бөлiп, кейiннен алынған нәтиженi 2-ге көбейту жолымен анықталады.
Мысалы мемлекеттiк органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жөнелтуге жататын және 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен электрондық құжат форматында мемлекеттiк органның – ЭҚЖ қатысушының қызметiнде пайда болатын мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн құжаттардың жалпы саны 500 құрайды, оның iшiнде басқадай мемлекеттiк органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына ЭҚАБЖ Орталығы арқылы жолданған құжаттардың саны 200 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 200/500*2=0,8 балл. Осылай қағаз тасығышта қайталаусыз электрондық түрде ғана ведомствоаралық құжат айналымының үлесi 0,8 баллды құрады.
Параграф 2. «Электрондық түрде ғана iшкi электрондық құжат
айналымының үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау
37. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға мемлекеттiк басқарудың сәйкесiнше саласының бiр мемлекеттiк орган - ЭҚЖ қатысушысының құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында корреспонденция алмасуды асыру үшiн электрондық құжат айналымның ведомстволық жүйесiн (ЭҚАБЖ/ЭҚЖ) пайдалану тиiмдiлiгi, атап айтқанда iшкi құжаттардың, оның iшiнде мемлекеттiк басқарудың сәйкесiнше саласында бiр мемлекеттiк орган- ЭҚЖ қатысушысы iшiнде құрылымдық бөлiмшелер арасында сақтау мерзiмi 5 жылға дейiнгi электрондық құжат форматында мемлекеттiк органның – ЭҚЖ қатысушысының қызметiнде қалыптасатын, мемлекеттiк орган – ЭҚЖ қатысушысымен бекiтiлетiн құжаттар тiзiмi мен iс номенклатурасының құрамына кiретiн нормативтiк актiлер мен ұйымдық рұқсат ету құжаттардың («Қызметтiк пайдалану үшiн» белгiсi бар шектелген таралымды, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясын құрайтын құжаттарды қоспағанда) жалпы санында тек электрондық түрде жөнелтiлген ЭҚАБЖ/ЭҚЖ деректер қорындағы құжаттардың үлесi жатады.
38. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес Министрлiкке, және Министрлiкпен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берiлетiн есептiлiк нысанының 3.1.2 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
39. Осы көрсеткiш бойынша алынған нәтиже электрондық түрде ғана жөнелтiлген құжаттардың санын мемлекеттiк органның – ЭҚЖ қатысушының қызметiнде пайда болатын мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн ведомствоаралық құжаттардың санына бөлiп, кейiннен 2-ге көбейту жолымен анықталады.
Мысалы мемлекеттiк органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жөнелтуге жататын және 5 жылға дейiн сақтау мерзiмiмен электрондық құжат форматында мемлекеттiк органның – ЭҚЖ қатысушының қызметiнде пайда болатын мемлекеттiк органмен бекiтiлген құжаттар мен iстердiң номенклатурасы тiзбесiнiң құрамына кiретiн құжаттардың («Қызметтiк пайдалану үшiн» белгiсi бар шектелген таралымды, немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясын құрайтын құжаттарды қоспағанда) жалпы саны 500 құрайды, оның iшiнде басқадай мемлекеттiк органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына ЭҚАБЖ Орталығы арқылы жолданған құжаттардың саны 200 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 200/500*2=0,8 балл. Осылай қағаз тасығышта қайталаусыз электрондық түрде ғана ведомствоаралық құжат айналымының үлесi 0,8 баллды құрады.
Параграф 3. «Уақтылы тiркелген электрондық құжаттардың үлесi»
көрсеткiшi бойынша бағалау
40. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға ЭҚАБЖ Орталығы арқылы мемлекеттiк органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен күнi сыртқы/iшкi кiрiс корреспонденциясының тiркелуi, атап айтқанда ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесiне түскен электрондық iшкi/сыртқы кiрiс құжаттардың жалпы санына уақытылы тiркелген электрондық құжаттардың үлесi жатады. Сыртқы/iшкi кiрiс корреспонденциясының мемлекеттiк органда – ЭҚЖ қатысушысында бекiтiлген қабылдау уақытының аяқталғаннан кейiн түскен кезде, құжаттың тiркелу күнi – келесi жұмыс күнi уақытылы деп санау.
41. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Министрлiкпен және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 3.1.3 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
42. Осы көрсеткiш бойынша алынған нәтиже ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесiне түскен электрондық iшкi/сыртқы кiрiс құжаттардың санын ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесiнде уақытылы тiркелген электрондық iшкi/сыртқы кiрiс құжаттардың санына бөлiп, кейiннен 2-ге көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесiне түскен электрондық iшкi/сыртқы кiрiс құжаттардың жалпы саны 500 құрайды, олардың iшiнде ЭҚАБЖ/ЭҚЖ жүйесiнде уақытылы тiркелген электрондық iшкi/сыртқы кiрiс құжаттардың саны 200 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 200/500*2=0,8 балл. Осылай «уақытылы тiркелген электрондық құжаттардың үлесi» 0,8 баллды құрады.
Параграф 4. «Электрондық үкiмет» порталынан түскен жеке және
заңды тұлғалардың тiркелген электрондық өтiнiштерiнiң үлесi»
көрсеткiшi бойынша бағалау
43. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға мемлекеттiк органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтiнiмдердiң жалпы санында «электрондық үкiметтiң» порталынан түскен, жеке және заңды тұлғалардың тiркелген электрондық өтiнiштердiң үлесi жатады.
44. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Министрлiкпен және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 3.1.4 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
45. Осы көрсеткiш бойынша нәтиже «электрондық үкiметтiң» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тiркелген электрондық өтiнiштердiң санын мемлекеттiк органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтiнiштердiң жалпы санына бөлiп, кейiннен 1-ге көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, мемлекеттiк органға – ЭҚЖ қатысушысына түскен электрондық өтiнiштердiң жалпы саны 500 құрайды, олардың iшiнде тiркелген электрондық өтiнiштер саны 200 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 200/500*1=0,4 балл. Осылай «электрондық үкiметтiң» порталынан түскен тiркелген электрондық өтiнiштердiң үлесi 0,4 баллды құрады.
Параграф 5. «Мемлекеттiк органның iшiнде ведомствоаралық
құжаттарды келiсу үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау
46. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға кейiннен мемлекеттiк органдарға – ЭҚЖ қатысушыларына жолданатын ЭҚАБЖ/ЭҚЖ-де электрондқ құжаттардың жобаларын келiсу (келiсудiң бiр немесе бiрнеше сатылары) және қол қою үрдiстерiн пайдаланудың толықтығы, атап айтқанда электрондық құжаттардың қол қойылған жобалардың жалпы санында электрондық түрде келiсiлген электрондық құжаттардың қол қойылған жобалардың үлесi жатады.
47. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Министрлiкпен және Министрлiкке берiлетiн есептiлiк нысанының 3.1.5 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
48. Осы көрсеткiш бойынша бағалау мәнi электрондық түрде келiсiлген, қол қойылған электрондық құжаттардың жобалары санын электрондық құжаттардың қол қойылған жобалардың жалпы санына бөлiп, кейiннен алынған нәтиженi 2-ге көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, электрондық түрде келiсiлген, сыртқы корреспонденттерге жөнелтiлген электрондық құжаттардың қол қойылған жобалар саны 200 құрайды, электрондық құжаттардың қол қойылған жобалар саны 500 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 200/500*2=0,8 балл. Осылай келiсiлген ведомствоаралық электрондық құжаттардың үлесi 0,8 баллды құрады.
Параграф 6. «Мұрағатқа тапсыруға даярланған электрондық
құжаттардың үлесi» критериясы бойынша бағалау
49. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға мұрағатқа тапсыру үшiн (iс жүргiзiлуi жабылған) құжаттарды дайындау, атап айтқанда орындалған электрондық құжаттардың жалпы санында мұрағатқа жiберу үшiн дайындалған электрондық құжаттардың үлесi жатады.
50. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес Министрлiкке, және Министрлiкпен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берiлетiн есептiлiк нысанының 3.1.6 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
51. Мемлекеттiк органның – ЭҚЖ қатысушысының ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн осы көрсеткiш бойынша бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мұрағаттар мен құжаттамаларды басқарудың уәкiлеттi органымен бекiтiлген, нормативтiк құқықтық актiлермен анықталған, құжаттаманы жедел сақтау мерзiмiнiң өтуi бойынша мұрағатқа жiберiлуге даярланған құжаттар бойынша ЭҚАБЖ/ЭҚЖ ведомстволық жүйесiнен статистикалық есептердi қарау жолымен мемлекеттiк орган - ЭҚЖ қатысушысы ақпаратының есептiлiгiнде көрсетiлгендi тексередi.
52. Осы көрсеткiш бойынша бағалау мәнi электрондық құжаттар мұрағатына жiберу үшiн дайындалған ЭҚАБЖ/ЭҚЖ-де электрондық құжаттардың санын орындалған электрондық құжаттардың жалпы санына бөлiп, кейiннен алынған нәтиженi 1-ге көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, орындалған электрондық құжаттардың жалпы саны 500 құрайды, оның iшiнде мұрағатқа дайындалған электрондық құжаттардың саны 200 құрайды. Есептесi келесi түрде жүргiзiледi: 200/500*1=0,4 балл. Осылай «мұрағатқа жаздырылған электрондық құжаттардың үлесi» көрсеткiшi бойынша бағалау 0,4 баллды құрады.
5.2. «Мемлекеттiк органдардың Интранет-порталын пайдалану»
iшкi критериясы бойынша бағалау
53. МОИП келесi сервистерiн пайдалану бойынша бағалау жүргiзiледi:
1) Нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу;
2) Iс–шаралар жоспары;
3) Мемлекет қызметкерiнiң санын бақылау;
4) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк органдардың атына ескерту;
5) Мемлекеттiк органдардың анықтамасын актуальдандыру.
Параграф 1. «Келiсiлген нормативтiк құқықтық актiлер» көрсеткiшi бойынша бағалау
54. Осы көрсеткiш бойынша «Нормативтiк құқықтық актiлердi келiсу» сервисiнде келiсуге жолданған және келiсiлген нормативтiк-құқықтық актiлердiң (бұдан әрi – НҚА) жобалар саны бағаланады.
55. Бағалау орталық мемлекеттiк органдарда - НҚА өңдеушiлерде жүргiзiледi. НҚА өңдеушi болып келмейтiн жергiлiктi атқарушы органдарда, және орталық мемлекеттiк органдарда бағалау НҚА жобаларын келiсуге бағыттаумен ғана жүргiзiледi.
56. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi НҚА келiсуге және келiсiлген жобаларды жiберiлген санын Мемлекеттiк органдардың Интранет-порталы (бұдан әрi - МОИПҚ қарастырумен мәлiметтер алады.
57. НҚА өңдеушi болып келетiн орталық мемлекеттiк органдар үшiн бағалау, осы көрсеткiш 2 құраушыдан тұрады: 1 балл басқа мемлекеттiк органдарға келiсiмге бағытталуға жататын НҚА жобаларының 100% бағытталуы (келiсiм пайызы бағытталған НҚА санын бағытталуға дайын НҚА санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен 1-ге көбейту жолымен анықталады) және басқа мемлекеттiк органдардан келiсiмге түскен, НҚА жобаларының 100% келiсуден өткiзгенi үшiн 1 балл (келiсiм пайызы келiсiлген НҚА санын бағытталуға дайын НҚА санына бөлiп, алынған нәтиженi кейiннен 1-ге көбейту жолымен анықталады).
НҚА өңдеушi болып келмейтiн орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар үшiн осы көрсеткiш бойынша бағалау келесi түрде жүргiзiледi:
1) басқа мемлекеттiк органдардан келiсiмге түскен НҚА жобаларының бар болуы кезiнде, келiсiмге түскен НҚА жобаларының 100% келiсiлген кезiнде 2 балл құрайды. (келiсу пайызы 2-ге алынған нәтиженi кейiннен көбейтумен келiсуге дайын НҚА санына, келiсiлген НҚА санын бөлу жолымен анықталады);
2) басқа мемлекеттiк органдардан түскен НҚА жобалардың келiсулер жоқ болғанда максимал бағасы, 2 балл, қойылады.
Параграф 2. «Iс-шаралар жоспары» көрсеткiшi бойынша бағалау
58. Осы көрсеткiш бойынша iс-шаралар жоспарлары мен iс-шаралар жоспарының тармақтарының жарияланған санын, сонымен қатар МОИП «Iс–шаралар жоспары» модулiнде орындалуы бойынша ақпараттардың болуы бағаланады.
59. Бағалау орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда жүргiзiледi.
60. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi iс-шаралар жоспары мен жоспарлар тармақтарының жарияланғаның iс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау бойынша ақпаратты, МОИП қарастыру жолымен мәлiметтердi алады.
61. Осы көрсеткiш бойынша орталық мемлекеттiк органдар үшiн бағалау жарияланған iс шаралар жоспарының бар болуымен 0,5 балл және жарияланған iс шаралардың тармақтарының орындалуы бойынша 0,5 балл көрсеткiшiнен тұрады. Жарияланған iс шаралар жоспарының бар болуын бағалау кезiнде балл тек қана төмендегiлердiң кемiнде бiреуiнiң бар болуында ғана қойылады.
62. Жергiлiктi атқарушы органдар үшiн бағалау жарияланған iс шаралар жоспарының бар болуымен 0,5 балл және жарияланған iс шаралардың тармақтарының орындалуы бойынша 0,5 балл көрсеткiшiнен тұрады. Жарияланған iс шаралар жоспарының бар болуын бағалау кезiнде балл тек қана төмендегiлердiң кемiнде бiреуiнiң бар болуы кезiнде ғана қойылады: аймақты дамыту бағдарламалары, стратегиялық жоспарлар, операциондық жоспарлар. жарияланған iс шаралар жоспарының тармақтарын орындау бойынша белгiлердiң бар болуы кезiнде, егер жоспардың барлық тармақтары орындалмаса, орындалған тармақтар санын орындалу деңгейi орындалуға дайын тармақтар санына бөлiп, жолымен анықталады 0,5.
Параграф 3. «Мемлекеттiк қызметшiлер санының мониторингi»
көрсеткiшi бойынша бағалау
63. Осы көрсеткiш бойынша ҚР МҚ ЖА қабылданған мемлекеттiк қызметкерлер саны туралы есептердiң саны бағаланады.
64. Бағалау орталық мемлекеттiк органдарда жүргiзiледi. Өйткенi жергiлiктi атқарушы органдар мемлекеттiк қызметкерлер саны туралы есептiлiктi ҚР МҚ ЖА аймақтық бөлiмшесiне жiбередi, жергiлiктi атқарушы органдарды бағалау жүргiзiлмейдi, сәйкес баллдар МО анықтамаларын актуальдауына берiледi.
65. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi ҚР МҚIА мемлекеттiк қызметкерлер саны бойынша алған есептiлiкпен қарастырылады.
«Мемлекеттiк қызметкерлер санын бақылау» бойынша бағалау 2 балл құрайды, есептiлiктi жiберу мен тоқсандық мемлекеттiк қызметкерлер санының есептiлiгiн ҚР МҚIА қабылдауы туралы статустың бар болуы, ҚР МҚIА есептiлiк нысанының бекiтiлген санына сәйкес. Егер қабылдау туралы белгiлер жоқ болса 1 балл алынып тасталады.
Параграф 4. «Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң
мемлекеттiк органдардың атына ескерту» көрсеткiшi бойынша бағалау
66. «Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк органдардың атына ескерту» сервисiне мемлекеттiк органдардың пайдаланушылар саны.
67. Бағалау орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда жүргiзiледi.
68. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi деректердi МОАП-да пайдаланушылардың «Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк органдардың атына ескерту» сервисiне өтiнiмдер санын және МОИП-да «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк органдардың атына бақылау тапсырыстарын орындау бойынша ескертулер» сервисiне қолжетiмдiлiк құқықтарына ие, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiнiң жалпы бөлiмнiң меңгерушiсiмен бекiтiлетiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тiзiмiн қарау жолымен алады.
69. Осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органдар үшiн баға кейiннен МОИП-тiң «Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк органдардың атына ескерту» сервисiне қолжетiмдiлiк құқықтарына ие орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды тiзiмi бойынша қызметкерлер санына бөлумен, есептiк кезең iшiнде сервиске өтiнiмдер санын есептiк кезең iшiнде жұмыс күндер санына бөлу жолымен анықталады. Егер алынған нәтиже бiр қызметкердiң бiр күнде сервиске өтiнiмдердiң минималды қажеттi өтiнiмдер санына тең немесе одан асатын болса, онда өтiнiмдер саны 1-ге тең деп алынады. Алынған нәтиже 2 көбейтiледi.
Параграф 5. «Мемлекеттiк органдардың анықтамалығын өзектiлеу»
көрсеткiшi бойынша бағалау
70. Осы көрсеткiш бойынша бағалауға Мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi туралы анықтамалығында жарияланған мемлекеттiк органдардың ақпаратының толықтығы мен өзектiлiгi жатады.
71. Бағалау орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарында жүргiзiледi.
72. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi осы көрсеткiш бойынша мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында деректердi МОИП-да «Мемлекеттiк органдардың анықтамалығы» сервисiнде мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметкерлерi бойынша ақпаратты қарау жолымен алады. Деректердiң дәйектiлiгiн қайта тексеру таңдалып жүргiзiледi (кем дегенде 10 қызметкерлердiң деректерi).
73. Анықтамалықта мемлекеттiк органдардың штаттық қызметкерлерiнiң кем дегенде 90% жөнiнде толық және өзектi ақпарат болса орталық мемлекеттiк органдар үшiн баға 2 баллды құрайды. Анықтамалықта мемлекеттiк органдардың 90% төмен штаттық қызметкерлерi жөнiнде ақпарат болса баға 1 баллды құрайды, мемлекеттiк органдардың 50% және одан төмен қызметкерлерi жөнiнде ақпарат болған жағдайда баға 0 баллды құрайды.
74. Анықтамалықта мемлекеттiк органдардың штаттық қызметкерлерiнiң кем дегенде 90% жөнiнде толық және өзектi ақпарат болса жергiлiктi мемлекеттiк органдар үшiн баға 4 баллды құрайды. Анықтамалықта мемлекеттiк органдардың 90% төмен штаттық қызметкерлерi жөнiнде ақпарат болса баға 2 баллды құрайды, мемлекеттiк органдардың 50% және одан төмен қызметкерлерi жөнiнде ақпарат болған жағдайда баға 0 баллды құрайды.
5.3. «Электрондық құжаттар мұрағатын қолдану»
iшкi критериясы бойынша бағалау
75. Осы iшкi критерия бойынша бағалаумен электрондық құжаттардың ведомстволық мұрағатының жүйесiнiң бар болуы түсiндiрiледi.
76. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес Министрлiкке, және Министрлiкпен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берiлетiн есептiлiк нысанының 3.2 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
77. Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн осы кiшi критериясы бойынша бағалау барысында қарау жолымен мемлекеттiк органның ақпарат есептiлiгiнде көрсетiлгендi тексередi:
1) iстердiң электрондық тiзбегi, тұрақты сақталудағы құжаттар;
2) iстердiң электрондық тiзбегi, жеке құрам бойынша құжаттар;
3) iстердiң электрондық тiзбегi, уақытша сақталудағы құжаттар;
4) құжаттарды жоюға бөлу туралы электрондық актi сақтауға жатпайды.
78. Осы iшкi критерия бойынша барынша балл 2 баллды құрайды. Осы iшкi критерия бойынша бағалау 0,5 балл салмақтық мәнмен iстердiң электрондық тiзбегi, тұрақты сақталудағы құжаттардан, 0,5 балл салмақтық мәнмен iстердiң электрондық тiзбегi, жеке құрам бойынша құжаттардан, 0,5 балл салмақтық мәнмен iстердiң электрондық тiзбегi, уақытша сақталудағы құжаттардан, 0,5 балл салмақтық мәнмен құжаттарды жоюға бөлу туралы электрондық актiден тұрады.
5.4. «Е-лицензиялау» Мемлекеттiк деректер қоры» Ақпараттық
жүйесiн және «Электрондық мемлекеттiк сатып алу»
автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн толтыру»
iшкi критериясы бойынша бағалау
79. Осы iшкi критерия бойынша бағалауға:
- мемлекеттiк органның «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесiн толтыру үлесi;
- мемлекеттiк органның «Электрондық мемлекеттiк сатып алулар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн толтыру үлесi жатады.
80. Көрсеткiштi бағалау үшiн ақпарат көзi Әдiстеменiң 1 қосымшасына сәйкес Министрлiкке, және Министрлiкпен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне берiлетiн есептiлiк нысанының 3.3 жолындағы 3 бағанында көрсетiлген ақпарат болып табылады.
81. Мемлекеттiк органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау барысында Министрлiк және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мемлекеттiк органның есептiлiкте көрсетiлген ақпаратты мемлекеттiк органның ақпараттық жүйелердi толтыру бойынша статистикасын қарау жолымен тексередi.
82. Осы көрсеткiш бойынша барынша балл 4 баллды құрайды. Осы көрсеткiш бойынша бағалау мемлекеттiк органның «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесiн толтырудың үлесiн 2 балл салмақтық мәнмен және мемлекеттiк органның «Электрондық мемлекеттiк сатып алулар» ақпараттық жүйесiн толтыру үлесiн 2 балл салмақтық мәнмен қосу жолымен жүргiзiледi. Лицензияар болып табылмайтын мемлекеттiк органдарда «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйенi толтыру бойынша бағалау жүргiзiлмейдi, және бұл үлестiң салмақтық мәнi мемлекеттiк органның «Электрондық мемлекеттiк сатып алулар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн толтырудың үлесiнiң салмақтық мәнiне қосылады.
«Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесiн пайдаланудың үлесi кейiннен алынған нәтиженi 2 көбейтумен, есептiк кезең iшiнде Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесiнде қалыптастырылған лицензиялар санын есептiк кезеңде берiлген лицензиялардың жалпы санына бөлу жолымен анықталады. Егер ақпараттық жүйе есептiк кезеңнiң басынан ендiрiлмеген болса, онда есептеу кезiнде ендiру мезетiнен есептiк кезеңнiң аяқталуына дейiнгi берiлген лицензиялар саны мен Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесiнде қалыптастырылған лицензиялар саны ескерiледi. «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры» ақпараттық жүйесiн 2012 жылда ендiрлуге жоспарланған мемлекеттiк органдардың бағасы 0,5 баллды құрайды.
«Электрондық мемлекеттiк сатып алулар» автоматтандырылған ақпараттық жүйенi толтырудың үлесi кейiннен алынған нәтиженi 2 көбейтумен, есептiк кезең iшiнде электрондық мемлекеттiк сатып алулар шеңберiнде пайдаланған қаржы көлемiн, есептiк кезеңiнде мемлекеттiк сатып алулар шеңберiнде пайдаланылған қаржының жалпы көлемiне бөлу жолымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |