-
Бағалау МОИП келесі сервистерін пайдалану бойынша жүргізіледі:
1) нормативтік құқықтық актілерді келісу;
2) Мемлекеттік органдардың анықтамалығын өзектілеу.
Параграф 1. « Нормативтік құқықтық актілерді келісу» көрсеткіші бойынша бағалау -
Нормативтік құқықтық актілерді келісу ретінде «Нормативтік құқықтық актілерді келісу» модулінде ҚР Үкіметінің Қаулыларын (ҚРҮҚ) келісуге жолданған және келісілген жобалар саны деп түсініледі.
-
Бағалау орталық мемлекеттік органдарда – НҚА әзірлеушілерде жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдарда бағалау жүргізілмейді.
-
Осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі келісуге жіберілген және келісілген ҚРҮҚ жобаларының саны бойынша мәліметтерді МОИП қарастырумен, ал жолдауға жататын ҚРҮҚ жобаларының саны бойынша мәліметтерді ҚР Әділет министрлігінен ақпаратты сұрау жолымен алады.
-
НҚА әзірлеушісі болып табылатын орталық мемлекеттік органдар үшін осы көрсеткіш бойынша бағалау екі құраушыдан тұрады: 1,5 балл басқа мемлекеттік органдарға келісімге бағытталуға жататын ҚРҮҚ жобаларының 100% бағытталуы (келісім пайызы бағытталған ҚРҮҚ санын бағытталуға дайын ҚРҮҚ санына бөлу жолымен анықталады) және басқа мемлекеттік органдардан келісімге түскен ҚРҮҚ жобаларының 100% келісуден өткізгені үшін 1,5 балл (келісім пайызы келісілген ҚРҮҚ санын келісілуге жататын ҚРҮҚ санына бөлу жолымен анықталады).
ҚРҮҚ әзірлеуші болып келмейтін орталық мемлекеттік органдар үшін осы көрсеткіш бойынша бағалау келесі түрде жүргізіледі:
1) басқа мемлекеттік органдардан келісімге түскен ҚРҮҚ жобаларының бар болуы кезінде, келісімге түскен ҚРҮҚ жобаларының 100% келісілген кезінде бағалау 3 балл құрайды. (келісу пайызы келісілген ҚРҮҚ санын келісуге дайын ҚРҮҚ санына бөліп, алынған нәтижені кейіннен 3-ке көбейту жолымен анықталады);
2) басқа мемлекеттiк органдардан келiсуге түскен ҚРҮҚ жобаларының жоқ болғанда, ең үлкен баға, 3 балл, қойылады.
Параграф 2. «Мемлекеттік органдардың анықтамалығын өзектілеу» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға МО қызметкерлері туралы МО анықтамалығында жарияланған ақпараттының толықтайтығы мен өзектілігі жатады.
-
Бағалау орталық және жергілікті мемлекеттік органдарында жүргізіледі.
-
Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның қызметін бағалау барысында деректерді МОИП-да «Мемлекеттік органдардың анықтамалығы» модулінде мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бойынша ақпаратты қарау жолымен алады. Деректердің шынайылығын тексеру таңдалып жүргізіледі (кем дегенде 10 қызметкерлердің деректері).
-
Анықтамалықта мемлекеттік органдардың штаттық қызметкерлерінің кем дегенде 90%-і жөнінде толықтай және өзекті ақпарат болса, орталық мемлекеттік органдар үшін баға 2 баллды құрайды. Анықтамалықта мемлекеттік органдардың 50%-нан аспайтын, бірақ 90% төмен штаттық қызметкерлері туралы ақпарат болса, баға 1 баллды құрайды, мемлекеттік органдардың 50% және одан төмен қызметкерлері жөнінде ақпарат болған жағдайда, баға 0 баллды құрайды.
-
Анықтамалықта мемлекеттік органдардың штаттық қызметкерлерінің кем дегенде 90% жөнінде толықтай және өзекті ақпарат болса жергілікті мемлекеттік органдар үшін баға 5 баллды құрайды. Анықтамалықта мемлекеттік органдардың 50%-нан аспайтын, бірақ 90% төмен штаттық қызметкерлері туралы ақпарат болса, баға 2 баллды құрайды, мемлекеттік органдардың 50% және одан төмен қызметкерлері жөнінде ақпарат болған жағдайда, баға 0 баллды құрайды.
6. «Мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыру» критериясы бойынша бағалау
-
Бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) Мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының (үдерістерінің) үлесі;
2) Есепті мерзімде мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының (үдерістерінің) үлесі;
3) Мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының (үдерістерінің) ішінара/толықтайтай үлесі.
Параграф 1. «Мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының (үдерістерінің) үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері, бағдарламалық қамтамасыз ету, қораптық шешімдері арқылы автоматтандырылған функциялар санының мемлекеттік органның автоматтандырылуға жататын функциялардың жалпы санына қатынасы жатады. Автоматтандырылуға жататын функциялардың (үдерістердің) тізбесі Министрлікпен анықталады және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша мемлекеттік органдармен бекітіледі.
-
Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиіміділігін бағалау барысында мемлекеттік органның функцияларының (үдерістерінің) автоматтандырылу дерегін ведомстволық ақпараттық жүйелерді зерттеу жолымен тексереді.
-
Бағалау мәні мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған функциялар (үдерістер) санын мемлекеттік органның автоматтандырылуға жататын функцияларының (үдерістерінің) жалпы санына бөліп, алынған нәтижені кейіннен 25 көбейту жолымен анықталады.
Мысалы, мемлекеттік органның автоматтандырылуға жататын функцияларының (үдерістерінің) жалпы саны 50 құрайды, мемлекеттік органның ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандырылған функциялар (үдерістер) саны 20 құрайды. Есептеме келесі түрде жүргізіледі: 20/50*25=10 балл. Осылай «Мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының (үдерістерінің) үлесі» көрсеткіші бойынша баға 10 баллды құрады.
Параграф 2. «Есептік мерзімде мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының (үдерістерінің) үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға есепті мерзімде мемлекеттік органның автоматтандырылған функциялар (үдерістер) санының мемлекеттік органның автоматтандырылған функциялардың (үдерістердің) жалпы санына қатынасы жатады.
-
Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау барысында есепті мерзімде мемлекеттік органның функцияларының (үдерістерінің) автоматтандырылу фактісін растайтын, мемлекеттік орган ұсынған құжаттарды тексереді.
-
Бағалау мәні мемлекеттік органның есепті мерзімде ішінара/толықтай автоматтандырылған функциялар (үдерістер) санын мемлекеттік органның есепті мерзімде ішінара/толықтай автоматтандырылған және автоматтандыруға жататын функцияларының (үдерістерінің) сандарының сомасына бөліп, алынған нәтижені кейіннен 10 көбейту жолымен анықталады.
-
Егер есепті мерзімге дейін мемлекеттік органның барлық функциялары (үдерістері) толықтай автоматтандырылған болса, онда мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 10 балл қойылады.
Мысалы, мемлекеттік органның есепті мерзімде ішінара/толықтай автоматтандырылған және автоматтандыруға жататын функцияларының (үдерістерінің) саны 20 құрайды, оның ішінде мемлекеттік органның есепті мерзім ішінде автоматтандырылған функциялар (үдерістер) саны 5 құрайды. Есептеме келесі түрде жүргізіледі: 5/20*10=2,5 балл. Осылай «есепті мерзімде мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларының үлесі» көрсеткіші бойынша баға 2,5 баллды құрайды.
Параграф 3. «Мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы көрсеткіш бойынша бағалауға мемлекеттік орган функцияларын (үдерістерін) автоматтандыру дәрежесі, оның ішінде ішінара автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі мен мемлекеттік органның толықтай автоматтандырылған функциялары (үдерістері) жатады.
-
Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиіміділігін бағалау барысында мемлекеттік органның функцияларының (үдерістерінің) автоматтандырылу дәрежесін ведомстволық ақпараттық жүйелерді зерттеу жолымен тексереді.
-
Бағалау нәтижесі мемлекеттік органның ішінара автоматтандырылған функциялары (үдерістері) үлесінің мәнін және мемлекеттік органның толықтай автоматтандырылған функциялары (үдерістер) үлесінің мәнін қосып, алынған нәтижені кейіннен 15 көбейту жолымен анықталады. Ішінара автоматтандырылған функциялар үлесі мемлекеттік органның ішінара автоматтандырылған функциялар (үдерістер) санының автоматтандырылған функциялар (үдерістер) санына қатынасын кейіннен 0,3 коэффициентке көбейтуіне тең. Толық автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі мемлекеттік органның толықтай автоматтандырылған функциялары (үдерістер) санының автоматтандырылған функциялары (үдерістер) санының қатынасын кейіннен 1 коэффициентке көбейтуіне тең.
Мысалы, мемлекеттік органның автоматтандырылған функциялардың жалпы саны 15 құрайды, мемлекеттік органның толықтай автоматтандырылған функциялар саны 5 құрайды, мемлекеттік органның ішінара автоматтандырылған функциялар саны 10 құрайды. Есептемесі келесі түрде жүргізіледі: ((5*1+10*0,3)/15)*15=8 балл. Осылай «мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі» көрсеткіші бойынша баға 8 баллды құрады.
7. «Қолданыстағы ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі» критериясы бойынша бағалау
-
Осы критерий бойынша бағалау кезінде Әдістеменің 6-қосымшасындағы кестеде көрсетілген, мемлекеттік органдарымен құрастырылған ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуінің мәселелері қарастырылады.
-
Мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиіміділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы критерия бойынша ақпараттық жүйенің функционалдылығын оларды пайдалануға енгізу кезінде күтілетін (жоспарланған) нәтижелеріне сәйкестігін тексереді. Ақпараттық жүйенің нәтижелігі көрсеткішінің тізбесі (бұдан әрі – нәтижелік көрсеткіш) ақпараттық жүйенің бекітілген нормативтік техникалық құжаттамасы (бұдан әрі – НТҚ) бойынша Министрліктің мемлекеттік органдарда бағалауды жүргізетін сарапшыларымен (бұдан әрі – сарапшылар) қалыптасады. Нәтижелік көрсеткіш келесілерді көрсетуі тиіс:
-
жүйенің функцоналын толықтай іске асыру;
-
жүйедегі деректерді өзектілеу;
-
жүйені пайдалану және т.б.
-
Бағаланатын ведомстволық ақпараттық жүйелердің, дайын шешімдерді қоспағанда, НТҚ болмаған жағдайда, осы критерий бойынша 0 балл қойылады.
-
Егер бағаланатын ведомстволық ақпараттық жүйе мемлекеттік органның бірде бір функциясын автоматтандырмаса, онда осы критерий бойынша 0 балл меншіктеледі.
-
Егер мемлекеттік органда ведомстволық ақпараттық жүйе болмаса, онда осы критерия бойынша бағаланбайды және осы критерияның салмақтық мәні «Мемлекеттік органның функцияларының (үдерістерінің) толықтай/ішінара автоматтандырылған үлесі» көрсеткіші «Мемлекеттік органдардың функцияларын (үрдістерін) автоматтандыру» критериясының салмақтық мәніне қосылады.
-
Осы критерий бойынша бағалау іске асырылған нәтижелік көрсеткіш қалыптастырылған нәтижелік көрсеткіш жалпы санына бөліп, кейіннен 10-ға көбейту арқылы бағаланады.
-
Мысалы, 2 ведомстволық ақпараттық жүйесі бағалануға жатады. Олар бойынша 15 нәтижелік көрсеткіш қалыптастырылды, олардан 9 нәтижелік көрсеткіш іске асырылды. Есептеме келесідей жүргізіледі: 9/15*10= 6 балл. Сонымен, «Қолданыстағы ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелігі» критериясы бойынша бағалау 6 баллды құрайды.
8. «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің ықпалдастыру үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау
-
Осы критерий бойынша бағалауға, ведомствалық ақпараттық жүйенің жалпы санының «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен және/немесе МО АЖ ықпалдастыруға жататын, бірақ ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйелері жатады.
-
Критерийді бағалау үшін ақпараттың көзі Әдістеменің 1-қосымшсына сәйкес Министрлікпен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Министрлікке берілетін есептілік нысанының 2.1 жолындағы 3 бағанда көрсетілген ақпарат болып табылады.
-
Осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдану тиіміділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен және/немесе МО АЖ ықпалдастырылуын растайтын құжаттарды және электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерімен және/немесе МО АЖ ықпалдастырылу қажеттілігіне ведомстволық ақпараттық жүйелерін талдау жолымен есептілікте көрсетілген ақпаратты тексереді. Бағалау барысында сарапшылар мемлекеттік органның ведомстволық ақпараттық жүйесін талдау арқылы қосымша ықпалдастыру қажеттілігін көрсете алады.
-
Бағалау «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен ықпалдастырылмаған ақпараттық жүйенің және/немесе МО АЖ санын ықпалдастыруға жататын ведомствалық ақпараттық жүйенің жалпы санына бөліп, алынған нәтижені кейіннен (-5) көбейту жолымен анықталады.
-
Мысалы, «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен және/немесе МО АЖ ықпалдастыру талап етілетін мемлекеттік органдағы ақпараттық жүйелердің саны 3-ке тең. «Электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен және/немесе МО АЖ қажетті ықпалдастырудың жалпы саны 9. 3 ақпараттық жүйелер бойынша ықпалдастыруы жүзеге асырылмағанның саны 5-ке тең. Есептеме мынадай түрде жүргізіледі: 5/9*(-5) = 2,7 балл. Осылай «ведомстволық ақпараттық жүйелердің ықпалдастыру үлесі» критериясы бойынша бағалау 2,7 баллды құрайды.
«Электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен және/немесе МО АЖ ақпараттық жүйені ықпалдастыру қажет болмаған кезінде, осы критериясы бойынша мемлекеттік орган бағаланбайды.
Қайтадан тексеру барысында ықпалдастыру талап етілетін АЖ жеке иеленушісі – мемлекеттік органның ықпалдастыру әрекетіне – мемлекеттік органның дәлелсіз бастартуы есепке алынады. Мемлекеттік органның «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен және/немесе МО АЖ ықпалдастыру қызметтерін қажет ету туралы сұранымды растайтын және мемлекеттік органның дәлелсіз бастартуын растайтын құжаттың бар болуы кезінде мемлекеттік органның – АЖ иеленушісінің баллы осы критериясы бойынша 20% төмендейді.
9. Ақпараттық технологияларды пайдалануды бағалау бойынша мемлекеттік органмен есептілікті толтыру нысаны
-
Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органмен ұсынылатын есептілік, келесі әдіс бойынша толтырылады:
-
«электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану» ішкі критериясы бойынша:
1.1.1 жолдағы 3 бағаада электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесі көрсетіледі;
1.1.2 жолындағы 3 бағанда электрондық түрде ғана ішкі электрондық құжат айналымының үлесі көрсетіледі;
1.1.3 жолындағы 3 бағанда уақытылы тіркелген электрондық құжаттардың үлесі көрсетіледі;
1.1.4 жолындағы 3 бағанда «электрондық үкімет» порталынан түскен жеке және заңды тұлғалардың тіркелген электрондық өтініштерінің үлесі көрсетіледі;
1.1.5 жолындағы 3 бағанда келісілген ведомствоаралық электрондық құжат айналымының үлесі көрсетіледі.
2. «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру үлесі» критериясы бойынша:
2.1 жолындағы 3 бағанда «электрондық үкіметтің» құрамдас бөліктерімен немесе мемлекеттік органнын ақпарттық жүйесімен ықпалдастырылуға жататын ақпарттық жүйенің атауы және «электрондық үкімет» құрамдас бөліктері мен мемлекеттік органның ақпарттық жүйесінің атауы көрсетіледі;
3)«Мемлекеттік органның функцияларын (үрдістерін) автоматтандыру» критериясы бойынша:
3.1 жолындағы 3 бағанда мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларынның (үрдістерінің) үлесі көрсетіледі;
3.2 жолындағы 3 бағанда есепті мерзімде мемлекеттік органның автоматтандырылған функцияларынның (үрдістерінің) үлесі көрсетіледі;
3.2 жолындағы 3 бағанда мемлекеттік органның ішінара/толықтай автоматтандырылған функцияларынның (үрдістерінің) үлесі көрсетіледі.
-
Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органмен ұсынылатын электрондық құжат айналым жүйесін пайдалану бойынша есептілік келесі әдіспен толтырылады:
1 бағанда басқа мемлекеттік органға ЭҚБЖ орталығы арқылы бағытталған ЭҚЖ қатысушылар электронды түрдегі құжаттар саны көрсетіледі9(мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 1010 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы);
2-бағанда басқа мемлекеттік органға ЭҚБЖ орталығы арқылы бағытталатын ЭҚЖ қатысушылар электронды түрде құжаттар саны көрсетіледі11(мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 1012 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы);
3-бағанда қағаз тасығыштарда көшірусіз мемлекеттік басқаруға қатысты ЭҚЖ қатысушы – мемлекеттік органдардың ішінде құрылымдық бөлімшелерге бағытталған2 ішкі құжаттардың жалпы саны көрсетіледі, оның ішінде нормативтік актілер мен ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалардың (құпиялық сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшін құжаттамалардан басқа), мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 101 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы);
4 бағанда қағаз тасығыштарда көшірусіз мемлекеттік басқаруға қатысты ЭҚЖ қатысушы – мемлекеттік органдардың ішінде құрылымдық бөлімшелерге бағытталуға жататын2 ішкі құжаттардың жалпы саны көрсетіледі, оның ішінде нормативтік актілер мен ұйымдастыру-өкімдік құжаттамалардың (құпиялық сипаттағы және қызмет бабында пайдалану үшін құжаттамалардан басқа), мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 101 жылға дейін сақтау мерзімімен мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы);
5 бағанда СЭД (ЭҚЖ) қатысушысында – мемлекеттік органға келіп түскен сыртқы/ішкі кіріс құжаттардың жалпы саны көрсетіледі;
6 бағанда уақытында тіркелген электрондық сыртқы/ішкі кіріс құжаттардың жалпы саны көрсетіледі;
7 бағанда «электрондық үкіметтің» порталынан ЭҚЖ қатысушысына – мемлекеттік органға келіп түскен, тіркелген электрондық өтінімнің жалпы саны көрсетіледі;
8 бағанда «электрондық үкіметтің» порталынан ЭҚЖ қатысушысына – мемлекеттік органға келіп түскен электрондық өтінімнің саны көрсетіледі;
9 бағанда электрондық түрде келісілген және сыртқы корреспенденттерге жолданған электрондық құжаттардың қол қойылған жобаларының саны көрсетіледі;
10 бағанда сыртқы корреспенденттерге жолданған электрондық құжаттардың қол қойылған жобаларының жалпы саны көрсетіледі.
-
Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік органмен ұсынылатын мемлекеттік органның функцияларын (үрдістерін) автоматтандыру бойынша есептілік келесі әдіспен толтырылады
1-бағанда мемлекеттік органның бекітілген функциялар тізіміне сәйкес автоматтандыруға жататын функциялардың (үрдістердің) реттік номірі көрсетіледі;
2-бағанда автоматтандыруға жататын мемлекеттік органның бекітілген функциялар тізіміне сәйкес функциялар (үрдістер) атауы көрсетіледі;
3-бағанда мемлекеттік органның автоматтандырылатын функцияларының (үрдістерінің) дәрежесі (ішінара/толықтай) көрсетіледі;
4-бағанда функцияны (үрдісті) автоматтандыратын ақпарат жүйенің атауы көрсетіледі;
5-бағанда функция (үрдіс) есепті мерзімде автоматтандырылған жағдайда, «иә» деп көрсетіледі, функция есептілік кезеңге дейін автоматтандырылған жағдайда, немесе жалпы автоматтанырылмаған жағдайда «жоқ» деп көрсетіледі.
10. Бағалау нәтижелерін қайта тексеру
-
Бағалауды жүргізу үшін Министрлікке мемлекеттік органдармен ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы тікелей сол органдармен қамтамасыз етіледі.
Бағалау көрсеткіштері бойынша деректерді қайта тексеру үшін Министрлікпен қабылданатын ұйымдастырушылық шараларының кешені, т.б. мыналарды қамтиды:
1) Министрлікпен ұсынылған деректердің нақты деректерге сәйкестігін анықтау бойынша осы Әдістемеде көзделген шараларды жүргізу;
2) бағаланатын және өзге де мемлекеттік органдарға қосымша мәліметтерді ұсыну туралы осы Әдістемеде көзделгенге сәйкестігін орнату жөніндегі сұраныстарды бағыттау.
-
Министрлікпен мемлекеттік органдарда қайта тексеру шараларын өткізу 88-тармақта көрcетiлген тәртіпте мемлекеттiк органдардың шағымы қарастырылғаннан кейiн үш апта iшiнде жүзеге асырылады.
-
Критерияның нақты көрсеткіші бойынша мемлекеттік орган ұсынған мәліметтердің рас еместігі айқындалған кезде, мемлекеттік органның жалпы бағасы жаңа деректермен сәйкес келтіріледі.
-
Есептілік ақпаратты уақытылы емес, толық емес, немесе дұрыс емес ұсынылған жағдайда, осы бағыты бойынша айыппұл баллы мемлекеттік органның қорытынды бағасынан алынады.
-
Министрілікке Кестемен көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақытылы берілмеді деп есептеледі. Мемлекеттік органмен уақытында берілмеген есептік ақпарат үшін 1,5 айыппұл баллын шегеру көзделуде.
-
Әдістеменің қосымшаларына сәйкес есептілік ақпарат құрылымына белгіленген талаптарымен көзделген элементтері (қосымшалары, бөлімдері, басты бөлімдері, кестелері, көрсеткіштерінің мәні және т.б.) болмаған есептілік ақпарат толық емес деп есептеледі. Мемлекеттік органмен толық емес есептілік ақпарат берілгені үшін 2 айыппұл баллдарын шегеру көзделуде.
-
Қайта тексеру кезінде нақты фактілерінің сәйкес еместігі анықталған жағдайда, есеп беру ақпараты дұрыс емес деп есептеледі.
-
Аталған фактілер бағаланатын мемлекеттік органдардың есеп беру ақпаратындағы деректерді қайта тексеру нәтижелері бойынша 9-қосымшаға сәйкес құрастырылған тексеру актісінде жазылуы тиіс.
-
Есеп беруінде дұрыс емес ақпарат ұсынған мемлекеттік орган үшін әрбір тіркелген фактісі үшін 0,2 айыппұл шегеріледі. Дұрыс емес ақпартты ұсынған үшін шегерілетін баллдарының сомасы 5 баллдан аспауы тиіс.
-
Анықталған фактілер бойынша ақпарат мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындының «Шешімдер мен ұсыныстар» бөлімінде көрсетілуі тиіс.
87. Кайта тексеру іс-шаралары бағаланатын мемлекеттік органдардың растаушы құжаттармен шағымдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
88. Бағалаудың объективтілігін және шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органның бағалау нәтижелерін қайта тексеру үшін Министрлікте арнайы комиссия қалыптастырылады, оның құрамына мемлекеттік органды бағалауда қатысқан қызметкерлер кіре алмайды.
11. Қайта ұйымдастырылған және қысқартылған мемлекеттiк органдардың бағалауды өткiзудің тәртібі
-
Бағаланатын жылдың бірінші жарты жылдығында бағаланатын мемлекеттік орган қайта құрылған немесе таратылған жағдайда, осы органның бағалануы мемлекеттік органды – құқықтық мұрагерді бағалау аясында жүзеге асырылады және мемлекеттiк органды – құқықтық мұрагерді бағалаудың қорытынды баллын есептеу кезінде есепке алынады.
-
Бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында бағаланатын мемлекеттік орган қайта құрылған немесе таратылған жағдайда, осы орган бағаланбайды.
-
Бағаланатын жылдың екінші жарты жылдығында қайта құрылған және таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау мемлекеттік органды – құқықтық мұрагерді бағалау аясында есепке алынып, ұсыныс ретінде пайдаланылады және мемлекеттік органның – құқықтық мұрагердің қорытынды баллына кірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |