Int бүтін сандар типі
Int типін стандарт бекітпеген, ол компьютерге немесе компиляторға байланысты өзгеріп отырады. 16-разрядты процессорда ол 2 байт, ал 32- разрядтысында – 4 байт.
Егер int алдында short спецификатор сөзі тұрса, онда ол әрқашан 2 байт, ал егер спецификаторы long болса, 4 байт болады. Санға компьютер жадында берілген орынға қарай олардың мәндері өзгереді.
short int – 2 байт, оның диапазоны -32768 ..+32767;
long int – 4 байт, оның диапазоны -2 147 483 648..+2 147 483 647.
Int типі 16-разрядты компьютер үшін short int типімен бірдей, ал 32- разрядты компьютер үшін long int типімен бірдей.
Signed және unsigned модификаторлары да сандар шамасына әсер етеді, олар:
unsigned short int – 2 байт, оның диапазоны – 0 ..65536; unsigned long int – 4 байт, диапазоны – 0..+4 294 967 295.
Айнымалыларды сипаттау кезінде бүтін тұрақтылар – костанталар мәндерін де көрсетуге болады. Мысалы:
int k=0; (бір ғана сан сипатталған және оған мән берілген) int k1,k3=0; (біреуі сипатталған, екіншісіне мән берілген)
Unsigned типі int, long, short түйінді сөздерімен сипатталатын типтердің модификаторы ретінде қолданылады. Мысалы:
unsigned int sum=0;
Char типі
Char типін 0 – 255 аралығындағы таңбасыз бүтін сандарды сипаттауда қолдануға болады, компьютер жадында бұларға бір байт орын бөлінген.
Мысалы:
char c1;
char ck = „k‟;
Бұл тип мәндері реттелген символдар жиыны болып табылады. Әрбірсимволға бір бүтін сан сәйкес келеді, ол символ коды деп аталады. Символдық тип ені – 1 байт. Char типі де signed және unsigned спецификаторларымен қолданылады. Signed char типі диапазоны –128 ..
+127. Unsigned char типін қолданғанда, оның мәндер диапазоны 0 .. 255 болады. Символдарды кодтау үшін ASCII (American Standard Code for International Interchange) стандарты негізге алынған. Символдардың 0 .. 31 кодтары басқару кодтарына жатады, олар тек енгізу-шығару кезінде ғана қолданылады. Сhar типі символдарды олардың бүтін сан түріндегі кодтары арқылы сақтап, басқа шамалардың көрсетілген диапазоны сандарын да көрсету үшін де қолданыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: |