Есеп 1. Берілген формуланың мәнін есептейтін программа.
#include #define n 10 main()
{
int i; float s=0;
for(i=1,i<=n;i++) s+=i*i/2;
printf (“нәтиже= %f\n”,s);
}
Есеп 2. х тұрақты қадаммен х0-ден хk-ға дейін өзгергенде, функция мәндері кестесін алу прогарммасы. (х0, хk, dx (қадам) пернелерден енгізіледі)
#include #include #include main() {
float x,y,x0,xk,dx;
clrscr();/* экранды тазалау */
printf ("х-тің бастапқы, соңғы мәндері: "); scanf ("%f%f",&x0,&xk);
printf ("х-тің өзгеру қадамы dх-ті енгізіңіз: ");
scanf ("%f",&dx);
printf (" \n");
printf(" x | y\n");
printf(" \n"); x=x0;
while (x<=xk)
{
y=-2.4*x*x+5*x-3*sqrt(fabs(x)); printf ("%6.2f | %6.2f\n",x,y); x=x+dx;
}
printf(" \n"); getch();
}
Есеп 3. Енгізілген бүтін санның тақ немесе жұп екендігі анықтайтын программа.
#include #include main() {
int k; /* енгізілетін сан */ char symbol; textcolor(RED); textbackground(WHITE); clrscr();
printf("\n* Санның жұп/тақ екендігін анықтау *\n"); do
{ printf("\nБір бүтін сан енгізіңіз : "); scanf("%i",&k);
printf("Бұл %i саны -",k); if (k % 2 == 0) printf("жұп сан.");
else
printf("тақ сан.");
printf("\nТағы да енгізесіз бе? Иә-'Y',Жоқ-'N':"); scanf("%s",&symbol);
}
while ((symbol=='Y')||(symbol=='y'));
}
Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар:
1-ден N-ге дейiнгi сандардың көбейтiндiсiн есептейтiн программа құрыңдар. N-нiң мәнi пернетақтадан енгiзiледi.
Пернетақтадан N сан енгiзiледi. Енгiзiлген сандардың iшiндегi терiс, оң сандардың және нөлдердiң санын анықтайтын программа құрыңдар.
Ұзындықтың 1-ден 20 дюймге дейiнгi мәндерiн сантиметрге (1 дюйм = 2,54 см) айналдыратын және оны экранға шығаратын программа құрыңдар.
Банктегi жылдық өсiмi 9 пайыздық салымға S теңге салынды. N жылдан кейiн салынған ақша неше теңгеге жетедi?
Пернетақтадан 10 бүтін сан енгiзiп, солардың квадраты мен кубын анықтаңдар.
20-дан 50-ге дейiнгi натурал сандар берiлген. Олардың iшiндегi 3-ке бөлiнетiн, бiрақ 5-ке бөлiнбейтiн сандарды анықтаңдар.
35-тен 87-ге дейiнгi натурал сандар берiлген. Олардың iшiнде 7-ге бөлгенде, 1-ге, 2-ге немесе 5-ке тең қалдық қалатын сандарды табыңдар.
1-ден 50-ге дейiнгi натурал сандар берiлген. Олардың iшiндегi 5-ке немесе 7-ге бөлiнетiн сандардың қосындысын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |