Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Еуропада алхимияның  дамуы



Pdf көрінісі
бет19/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Фармация тарихы

Еуропада алхимияның  дамуы 
 
Орта  ғасырларда  Еуропалық  мемлекеттерінде  эпидемиялар  өршеленді. 
Індет  әсерінен  көптеген  аймақтар  адамсыз  қалды:  тұрғындар  індет  белгілерін 
байқаса  болды,  ол  жақтан  қаша  жөнелген.  Медицинада    сол  уақытта  жұқпалы 
аурулармен  күресетін  белсенді  дәрілер  болмады.  Обаны  емдеуге  науқастың 
үстіне  кептірілген  бақаны  жапсырған,  олар  денеден  уды  тартып  алады  деп 
ойлаған.  Анда  санда  еуропалық  дәрігерлер  араб  дәрігерлерінің  кеңесіне  құлақ 
қойып, ірінді жаруға шешім қабылдаған. Бұл ауруды емдейтін дәрілер алдымен 
алхимиктердің зертханаларында жасалынды.  
Алхимия  көптеген  уақыт  бойы  медицинаға  қатысы  болмады.  Олардың 
қолданған терминдері медицинаға жақын еді. Мысалы, көз алдына елестетейік, 
балқыған  мысқа  мырыштың  кішкене  бөлігін салып  жіберді.  «Жасанды  алтын» 
(латунь, мыс мен мырыш балқымасы) түзелді. Бұл «жасанды алтында» бір ғана 


 
45 
кемшілігі бар: ол уақыт өткеннен соң «ауырады» (мыс тотығады), оның бетінде 
бөртпе пайда болады немесе жасыл түсті ойық жара. Бұл «ауруды» алхимиктер 
адамды емдегендей, дүға оқып және емдік препараттармен емдеген  - микстура, 
жағар  май  және  алхимиктердің  (өсімдік  және  жануар  материалдар  негізінде 
жасалынған)  эликсирлерімен.  Эликсир  орнына  олар  кейде  «медикамент» 
терминін қолданған. 
Алхимиктерлік 
операциялар 
көбінесе 
«емдеу» 
деп 
аталған, 
қосындыларды  зерттеу  –  «анатомирование»,  философтық  тас  –  «әмбебап 
медикамент»,  «мәңгі-бақилық  эликсирі»,  ол  тек  ғана  ауруды  емес,  кәрілік  пен 
өлімді жеңеді деп ойлаған. 
Ең  алғашқы  алхимиктерлік  дәрілер  арабтармен  жасалынды.  Еуропалық 
алғашқы  алхимигі  –  Арнольд  Вилла-нова  дәрігері.  Алхимиямен  сол  кезде 
көптеген  дәрігер    қызығып    айналысқан.    Араб  алхимиктер  ілімі  бойынша, 
«медикаменттерді»  дайыдау  үшін  «төрт  рухы»  қажет:  күкірт,  күшән,  сынап 
және  нашатырь.  Науқастардан  бөлек,  дәріханалар  қызметкерлері  де  бұл 
дәрілерге күмәнданған, себебі күшән дәстүрлі емдеуде у негізі болып саналды. 
Жаңа өрлеу кезеңде осы дәрілерден көптеген адамдар уланып тұрды. Сол кезде 
бұндай жағдайлар көбейіп  кетсе, алхимиктің  кітаптарын өртеп, өздері қуғынға 
ұшырайды, кейде өліп те кетеді.  
Бұл  заманда  емдеуде  жаңа  бағыт  «ятрохимия»  қолданды.  Ауруларды 
дәстүрлі өсімдіктер  препараттарымен емдеуде, минералдар пайдалануға көшті. 
Ятрохимия  негізін  қалаушы  Парацельс  (1493-1541  жж.).  Шын  аты  Филипп 
Ауреол  Теофраст  Бомбаст  фон  Гогенгейм  1493  жылы  Швейцарияда 
Эйнзидельна  қаласында  дүниеге  келді.  Жас 
кезінде өз әкесінен, тәжірибесі бар Вильгельм 
Гогенгеймнен 
сабақ 
алды. 
Әкесі 
минералогияда  және  химияда  хабары  болған. 
Жас  Теофраст  медицинаны  Падуе,  Ферраре 
мен Болоньеде оқыған, өзіне псевдоним алды 
«Парацельс» 
(Цельсті 
асып 
түскен). 
Университет  бітірген  соң,  Шпангеймнің 
әйгілі алхимигі, сиқыршысы, астрономияда  
хабары  бар  Иоанн  Тритемиден  білім  алды. 
«Ағзаның  өзгерістері  –  химиялық  өзгерістер, 
дене  ауруларын  химиялық  препараттармен 
емдеу  қажет.  Өмір,  негізінде,  химиялық 
процесс,  ал  ағза-химиялық  зертхана,  онда 
күкірт, сынап және тұздар принципі бойынша 
араласады, 
әрекеттеседі, 
ауру 
немесе 
Парацельс 
Сурет.10 Парацельс 


 
46 
денсаулық  алып  келеді»  -  деп  Парацельс 
жазды.  Бұл  емдеу  бұрынғы  емдеу 
практикасында  қолданған  төрт  галендік 
«ағза  сөлі»  принципына  қарама-қарсы 
принципы  болды:  күкірт,  сынап  пен  тұз. 
Парацельс  және  оның  жақтаушылары 
химиялық 
заттармен 
емдеу 
әдісін 
қолданған.  Парацельс  емдеуге  сынаптан, 
қорғасын,  темір,  мырыштан  жасалған 
жағармай  сыртқа  жағуға  қолданған.  Тері 
жараларын 
емдеуге 
жағармайларға 
күшәнді да қосқан.  
Көп  жылдар  бойы  Германияда, 
Францияда,  Италияда  жұмыс  жасады. 
Көп  елдерді  аралады:  Нидерланды, 
Англия,  Швеция,  Ресей,  Польша,  Венгрия  мен  Словакия,  Индия  мен 
Контантинопольде болған.  10 жыл ел аралап жүрді, дәрігер  болып іс атқарды, 
сиқырлық мен алхимияны оқып үйренді, 32 жасында Германияға қайтып келді. 
Көп  ұзамай  ауруларды  емдеп  атағы  шықты.  1527  жылы  қала  әкімшілігі  оған 
қалалық дәрігер лауазымын берді және  дәріс оқуға құқығы болды. Дәріс оқуда 
оның  тәсілдері  басқаша  болды:  ол  тек  ғана  өз  тәжірибесіне  негізделді,  атақты 
Галеннің  кітаптарын  менсінбеді.  Дәрістерді  латын  тілінде  емес,  неміс  тілінде 
оқыды.  Білімді  тек  ғана  аурудың  қасында  алуға  болады  деген  ұғыммен, 
оқушыларды  емханаға,  өсімдіктерді  зерттеуге  далалыққа  апарған.    Дәстүрлі 
сабақ  беру  түрі  әдісін  бұзды,  сол  себептен  онымен  бірге  жұмыс  істеген 
қайраткерлер  арасында  түсінбеушілік  болғандықтан,  университеттен  кетуге 
мәжбүр болды. Ол 1528 жылы Базель қаласына кетті.  
1536  жылы  Парацельстің  «Үлкен  хирургия»  шығармасы  шықты.  Оның 
қолынан  «Ұлы  астрология»,  «Жараны  емдеуге  арналған  улы  дәрілер»  кітаптар 
шықты. Көп шығармалы ол өлген соң басылып шықты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет