Ќараѓанды мемлекеттік медицина академиясы


Араб елдерінде медицинаның дамуы



Pdf көрінісі
бет17/45
Дата02.01.2022
өлшемі1.88 Mb.
#454097
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Фармация тарихы

Араб елдерінде медицинаның дамуы 
Ежелгі заманнан бері араб тайпалары  Аравия түбегінде орналасты. Б.д.д I 
мыңжылдықта  алғашқы  қоныс-мекендері  пайда  болды.  Аравия  түбегінің 
оңтүстік  жерлерінде  (қазіргі  Йемен  аумағы)  егін  шаруашылық  мәдениеті 
дамуына  байланысты  кейіннен  алғашқы  араб 
қалалар-мемлекеттер  тұрғызылды.  Оңтүстік 
аумақтарының  дамуына  мүмкүндік  берген:  егін 
шаруашылығында 
 
ирригация 
жүйесінің 
қолдануы,  алтынды  өндіру,  хош  иісті  заттарды 
шығару, қолөнер қәсібінің дамуы, Жерорта және 
Шығыс  елдерімен  -  Үндістан  мен  Эфиопиямен 
сауданың өркендеуі. 
VI-VII 
ғғ.  мүліктік  теңсіздік  және 
әлеуметтік 
жіктеліс 
рулық 
құрылыстың 
ыдырауына  және  ертефеодалдық  қоғамның 
қалыптасуына 
әкелді. 
Тайпалалардың 
бірікпеушілігін  жеңу,  сыртқы  шапқыншыларға 
қарсы  тұру,  біртұтас  араб  мемлекетін  құру 
бағыттағы  талпыныстары      бір  дінге  уағыздау 
және 622 жылы ислам дінін пайда болуына себеп болды (араб тілінен аударма  
ислам  -  бағыныштылық).  Ислам  діннің  негізін  қалаушы  Мухаммед  (570-632) 
алғашқы  мұсылман  қауымын  (умма)  құрды,  бірінші  ислам  мемлекетінің  ірге 
тасын қалады. VII ғ. басында арабтар Аравия түбегі шегінен тысқара  көптеген 
елдерін  жаулап  алды,  байтақ  феодалдық  мұсылман  мемлекетін  құрды  – 
Халифат. 
Халифат тарихында үш кезеңді аталып келді. 
Бірінші  кезең  (632-750)  -  тарихта  халифтер  Абу-Бекра  (632-634),  Омар 
(634-744),  Осман  (644-756),  Али  (656-761)  патшалығы  және  Омейяд  әулетінің 
(661-750) басқарумен байланыстырады. 
Бұл кезеңде Халифатқа Сирия, Палестина, Кипр, Египет, Иран, Армения, 
Грузия,  Испания,  Орта  Азияның  бір  бөлшегі,  Африканың  барлық  солтүстүк 
жағалауы кірді. VII-VIII ғғ. Халифат астанасы Дамаск болды. 
Жаулап  алған  елдерде  араб  тілі  және  ислам  діні  таралды.  Қалаларды 
бағындырып,  арабтар  сол  жердің  тұрғындарына  күш  жұмсап  ислам  дініне 
қаратқан  жоқ,  төзімділік  көрсетті,  оларға  (христиан,  иудей)  өз  дініне  сеніп, 
Халифаттың шаруашылық және ғылыми өміріне белсенді қатысуларына рұқсат 
берді.  Кейбір  ғалымдар  исламды  өз  еркімен  қабылдады,  олар  мұсылман 
мәдениетінің  дамуына  үлкен  үлес  қосты.Екінші  кезең  (750  –  ІХ  ғ.  ортасы)  – 
Халифат  тарихында    Аббаидтер  әулетінің  басқарумен  байланыстырады.  Бұл 
Сурет.8 Әл-Рази 


 
39 
ұлы  араб  елінің  гүлденген  дәуірі:    ірі  халықаралық  сауданың  қалыптасуы,  
астраномия,  математика,  философия,  география,  медицина  ғылымдары  мен  
фармация  саласының  дамуы,    кешенді  құрылыстардың  жүзеге  асырылуы, 
егіншіліктің, малшылықтың, қолөнердің дамуы. 
Үшінші  кезең  (ІХ  –ХІІІ  ғ.ғ.)  –  бұл    дәуірді  ұлы  Халифаттың  ыдыраумен 
байланыстырады.  Ұсақ  халифаттар  құрылды  (Багдад,  Египет,  Кордов)  және 
ұлттық  мемлекеттер  (мысалы,  Орта  Азияда    Саманидтер  мемлекеті). 
Халифаттың ыдырауына монгол мен түрік-сельджуктердің шабуылдары әсерін 
тигізді.  Ақырында  1258  жылы  Аббасидтер    әулетінің  құлауымен  Багдат 
халифаты жойылды. 
Арабтар  антик  ғылымына,  мәдениетіне  зор  маңыз  берген,  сол  себептен 
халифтер  маңызды  грек  шығармаларын  араб  тіліне  аударуға  жәрдем  берген. 
VIII ғ. аяқ жағында халиф ал-Мамун (813-833) патшалығында, Багдадта арнайы 
 «Даналық үй» (араб, bait al-hikma) салынды, онда аударушылар қызмет етті. IX 
және X ғғ. бұл аудармашылық қызмет жалғастырылды. Платон мен Аристотель, 
Соран мен Орибасий, Руф пен Эфес, Эгин аралынан  Павел шығармаларын араб 
тіліне  аударылды.  Астрономия,  медицина,  математика  саласында  үлес  қосқан 
ғалымдарының кітаптары перс және үнді тілдерден аударылды. Аудармашылық 
қызмет  баға  жетпес  ролін  атқарды,  ортағасырлық    Еуропаға  көптеген  ежелгі 
ғылыми жұмыстар тек ғана араб аудармасында белгілі болды. 
 Араб  дәрігерлерінің  шығармаларында  алғашқы  рет  көптеген  минералды 
текті  дәрілік  заттар  сипатталды.  Араб  ойшыл  арасында,  батыс  алхимиясы  мен 
медицинасына    ықпалын  тигізген,  ғалымдарының  бірі  Гебер  (Абу-Мусса-Джа-
фар-ал-Сифи),  дәрігер  және  алхимик.    Гебер  (Джабир)  атыменен  аталған 
еңбектері  жүз  жыл  өткеннен  соң  Еуропа  халқына  белгілі  болды.  Джабир  өз 
еңбектерінде  күкірт  пен  сынаптың  қатысуымен  металлдардың  өзгеру 
теориясын  жетілдірді.  Ол  натрий  хлориды,  селитра,  аммоний  тұздарынының 
қасиеттерін  зерттеді.  Джабир  еңбектерінде  азот  пен  күкірт  қышқылын,  күміс 
нитратын, хлорлы сынапты алуы жазылған.  
Әйгілі философ және дәрігер Абу Бакр Мухаммад ибн Закарийа Әл-Рази 
(850-923),  Разес  есімімен  Еуропаға  белгілі  болған.  Өмірінің  біраз  бөлігін 
Багдадта  өткізді,  емхана  ашты,  оны  басқарды.  Емхананың  жанында 
медициналық  мектеп  болды,  оны  да  Әл-Рази  басқарды.  Ол  химиялық 
препараттардың  маймылдарға  тигізген  әсерін  зерттеген.  Сонымен  қатар  Әл-
Рази  арнайы  хирургиялық  жабдықтар  еңгізген,  жараны  емдеуге,  байқауда, 
мақтаны  қолданған.  Қан  кетуді  емдеуге  жұмыртқа  ақуызын,  алоэ,  ладан  және 
басқа заттар қолданған. 
Әл-Рази  25  томдық  алғашқы  араб  медициналық  энциклопедиялық 
шығармасын      («Kitab  al-Hawi»)    жазды.  Әл-Рази  шығармаларында  химиялық 


 
40 
ыдыс  және  әр  түрлі  лабораторлық  әдістерді  сипаттаған:  дистилляция, 
сублимация,  тұндыру,  кристалдау.  Барлық  заттарды  үш  топқа  бөлді: 
минералды,  өсімдіктер  және  жануар  текті.  Минералды  заттарды  алты  топқа 
бөлді: 1) спирттер (сынап, нашатырь және т.б.) , 2) денелер (алтын, күміс және 
т.б.),  3)  тастар,  4)  купоростар,  5)  бура,  6)  тұздар.  Әл-Рази  медицинада 
саласында 200 жуық еңбек қалдырған.  
Араб  халифатында  көптеген  емханалар  ұйымдастырылды,  олардан  кейін 
алғашқы  дәріханалар  ашылды.  Бірінші  регламентелген  дәріхана  Багдад 
қаласында  754  жылы  ашылды  (Еуропада  алғашқы  дәріханалар  VIII-Х  ғғ. 
ұйымдастырылды).  Дәріханаларда дәрілік түрлерді арнайы жазылған ережелер 
«караба-дини»  бойынша  дайындаған.  «Караба-дини»  фармакопея  түрінде 
шыққан,  онда  пилюлалар,  ботқалар,  шырыштар,  жабыстырғыштар,  хош  иісті  
дәрілік  түрлерді  дайындауында,  қолданылатын  ингредиенттердің  сипаттамасы 
берілген.  Дәрілерді  арабтар    күрделі  60-қа  жуық  ингредиенттері  бар  рецепт 
бойынша  дайындаған.    Фармацевтикалық    тәжірибеде  балдың  орнына  шекер 
еңгізді,  дәрілік  шәрбат  қолданды.  Көптеген  сөздер-терминдер  араб  текті: 
алкоголь,  юлеп,  лоох,  нафта,  безоар  және  т.б.    Дамаск  қаласында 
фармацевтикалық өнім шығаратын өндіріс ұйымдастырылды, онда жұпар иісті  
жағар майлар дайындаған,  хош иісті  сулар айдауын меңгерген.  
Халифатта  дәріханалық  істің  дамуын  химия  саласының  жетістіктерімен, 
жаңа  дәрілерді  алуда  химиялық  әдістерін  қолданумен  байланыстырады. 
Көптеген  емханалар  мен  дәріханалардың  ұйымдастырылуы  медициналық 
білімнің  дамыуна  үлкен  ықпал  тигізді.  Айта  кетсек,  1160  жылда  Багдадта  60 
астам аурухана халыққа қызмет көрсеткен. Сонымен қатар  көзге түсетін үлкен 
кітапханалар  медициналық  білімді  жетілдірді.  Орта  Азияда  ірі  ұйымдардың 
ішінде - Бұхарада Х ғ. Саманидтер кітапханасы, Хорезмде ХІ ғ. басында Мамун 
хорезмшахтың «Академиясы». 
Ортағасырлық  Шығыс  медициналық  істің  ұйымдастыру  деңгейі  гигиена 
мен аурулар профилактикасымен тығыз байланысты. Мәйіттерді союға  тыйым 
салыну, бір жағынан, акушерлік істің, анатомияның, хирургияның дамуына шек 
қойды,  ал  екінші  жағынан  –  дәрігерлердің  ізденістерін  басқа  жолдар  іздеуге  
бағытыттады:  денсаулықты  сақтау  және  гигиеналық  рационалды  шараларды 
іздестіруге әкелді.  
 
 
 
 
 
 


 
41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет