47
басып алды, мектеп әскери госпиталь мен қарулы күштерге жіберетін
дәрігерлерді дайындайтын болды. Сол себептен сабақ беру мен қоса медицина
әдістерін унификациялау мезгілі туды.
ХІ ғ. басында Салерно мектебінде алғашқы «Антидотарий» дәрілік заттар
энциклопедиясы құрастырылуы басталды. Кітапқа мектепте пайдаланатын
барлық дәрілік заттар еңгізілді. Қолданып жүрген рецептер мен дәрілер қайта
қаралды, жинақталынды.
1140 жылы мектеп ректорының «Николай антидотариясы» атты кітабы
шықты. Кітапта 60 рецептуралық жазбалар кірді, дәрілік заттардың құрамы,
ингредиеттердің қасиеттері, емдік әсері, қолдану әдістері жазылды. Бұл тізім
үнемі кеңейтіліп тұрды және толықтырылды.
Шын мәнінде, бұл алғашқы фармакопея болды. Онда заттар массасын
(гран, скрупул, драхма, унция) салмақ бірлігінде берілді: бір ұнтақтың бір
реттік мөлшері – 20 гран (немесе 1 скрупул); тәуліктік мөлшер– 3 скрупул
(немесе 1 драхма); апталық мөлшер – 8 драхма (немесе 1 унция). Бұл
мөлшерлерге дейін дәрілерді көздеп өлшеді - бір уыс, шымшым және т.б.
Мектеп бітіргендер мамандықтың төрт деңгейін меңгерді: 1 деңгейі –
лиценцзиат, ұсақ операцияларды және таңуды өндеу, дәрілік түрлерді
дайындау, науқастарды күту жұмыстарына рұқсат беріледі; 2 деңгейі –
бакалавр (жетекші), басқа оқушыларды оқытуға рұқсаты бар; 3 деңгейі –
магистр (ұстаз), ғылымды меңгерген, білімдерін басқаларға жеткізе алатын
тұлғалар; 4 деңгейі – доктор (ғалым), өзгеше жеке теория дамытқан немесе
жалпы база теориясына негізделіп тәжірибелік тұжырым жасайтын тұлға.
Алдағы дәрігерлердің тәжірибелік жұмыстары Үкімет бақылауында болды.
Достарыңызбен бөлісу: