Араб елдерінің қазіргі кезеңіндегі идеологиясы мен қоғамындағы жаңа үрдістері Орындаған: Жақан Ф



бет4/5
Дата20.05.2022
өлшемі73.39 Kb.
#458264
1   2   3   4   5
шығыс түрк 9

3. Араб қоғамы
Қазіргі уақытта араб елдерінің зайырлы саясаткерлері азаматтық қоғам құрудың тарихи қажеттілігін түсініп отыр. Сонымен бірге Шығыс елдерінде қажетті экономикалық институттардың болмауы мен олардың тарихи даму ерекшеліктері Батыс үлгісіне сəйкес қоғамды құру мүмкін емес екендігін көрсетеді. Саясаткерлердің ойынша, Таяу жəне Орта Шығыстың кейбір мұсылман елдерінде Батыстағыдай азаматтық қоғам құрудың жалғыз қолжетімді жолы — ислам фундаментализмі болып табылады . Ал басқа пікірге жүгінетін болсақ, қазіргі кезеңде авторитаризмнің негізгі қызметі өз мәресіне жетті. Өнеркәсіптік дәуірдің шынайылығы жаңа саяси тәртіпті қажет етеді. Бұл үдерістің жеделдетуіне жаһанданудың ықпалы бар. Нәтижесінде авторитарлық мемлекеттердің көпшілігі, ең алдымен, саяси белсенді бөлігі демократия бағытындағы өзгерістерді талап етеді. Сарапшының пікірінше, Латын Америкасы, Оңтүстік Корея, Тайвань, Филиппин, Индонезия жəне басқа да Азия мен Мұхиттың басқа да көптеген елдері авторитаризм үшін осы сын кезеңінен өтті жəне ендігі кезек — араб әлемінде.
Діни көңіл-күйдің өсуі, қоғамның исламдануының тереңдеуі аймақтағы демократиялық үдерістерге кері ықпал етеді. Сонымен қатар егер XX ғасырдың екінші жартысына дейін ислам әлемі ғаламдық шешімдерді қабылдау орталығынан бөлектенсе, қазіргі кезде ислам әлемдік қоғамдастықтың геосаяси үдерістеріндегі ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ислам факторы көптеген қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жəне экономикалық мәселелерді реттеу мен шешу жолында ғана емес, сондай-ақ мұсылман жəне мұсылман емес елдердің мемлекетаралық қарым-қатынастарына зор ықпалын тигізіп отыр. Соңғы онжылдыққа тəн ерекшеліктің бірі — ислам факторының геосаяси үдерістерде ықпалының күшеюі. Егер бұрын саяси ислам идеологиясы ұлттық сипатқа ие болып, сол мемлекеттердің тоталитарлық режимдеріне қарсы бағытталған болса, қазір бұл саяси қозғалыс өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда саяси ислам идеологиясы аймақтық шеңберден ауытқып, трансұлттық саяси сипатқа ие болды. Ислам факторының ықпалы биліктің теократиялық негіздемесінде, мемлекет пен саяси үдерістерде көрініс табады. Бәрі де Құдайдың заңына, дін қағидаларына жəне оның ережелеріне қызмет ету керек. Исламдану желісі биліктің заңдылығын біріктіреді, бұл Құранның ережелеріне сəйкес үкімет тарапынан шариғат заңдарына жəне әділеттілікке құрметпен қарауды талап етеді.

Қорытынды
Қорыта айтар болсам,  араб елдерінде ислам діннің алатын орны ерекше, оның саясаттануы, кейде экстремизмге жетуі соңғы онжылдықта саяси өмірдің маңызды факторына айналып отыр. Исламның алатын орны мен рөлі оның жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің барлық аспектілерін, соның ішінде сыртқы саясатты реттей бастағанынан байқауға болады. Сондай-ақ мұсылмандар әртүрлі мемлекеттерде өмір сүріп жатқандықтарына, тарихына, әртүрлі этносқа жататынына қарамастан, өздерін бірыңғай діни қауымдастыққа жатқызу сенімімен ерекшеленеді, яғни ислам біріктіруші функциясын атқарады. Нәтижесінде, исламдық ынтымақтастық факторы қоғамда да, араб мемлекеттерінің саяси элиталарында да белгілі бір рөл атқарады. Ислам иудаизм мен христиандықтың бұрмалануларынан босатылған ең «таза» жəне «әділ» дін ретінде түсініледі.
Өткен ғасырдың соңғы ширегінде демократиялық ағымдар дамушы жəне бұрынғы коммунисгік əлемнщ көп бөлігін қамтиды. Дегенмен осы уақытқа дейін араб əлемí осы революциядан зардап шеккен жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы басып шығарған, араб зиялыларының көрнекті тобы дайындаған Адам дамуы туралы бірінші араб есебіне сүйенсек, араб елдерінде саяси жүйе «барлық азаматтарға ашық болған жоқ» жəне «бас бостандығының тапшылығы» сипатталған, бұл шын мəнíнде өкініш білдірумен қатар, араб əлемíндегí саясатқа қатысу өзге дамушы аймақтарға қарағанда бəсеңдеу дамығанын көрсетеді. Кейінгі есептерде бұл бағалау расталды. Томас Карозерс пен Марина Оттевей халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорының мүшелері, демократия бағытында араб елдерінің көбісінде демократия бағытында жетістіктер аз екенін жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет