Қарағанды қаласы білім бөлімі Келісілді Бекітемін «Қарағанды қаласының білім бөлімі»



бет115/122
Дата04.04.2024
өлшемі1.88 Mb.
#497586
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122
8-10 кл. сор соч каз яз -готовый (6)

1-тапсырма. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.[3]
Қажетті сөздер: қызметтер ала алу/ жаңа индустрияларды/«Сандық Қазақстан» бағдарламасы
1)Екінші: сандық коммерцияны пайдалану. Оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен _______________________ қабілетінің болуы.
2)«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын __________________өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет».
3) ________________________________аясында халықтың сандық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды.


2-тапсырма. Екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен (сөйлеммен) беріңіз.
[3]



Сұхбат берушілер пікірі [1]
1-сұхбат беруші
2-сұхбат беруші




Ұқсастығы [1]

Айырмашылығы [1]









3-тапсырма. Сіз бірінші сұхбат берушінің сандық сауатты азамат туралы көзқарасын мәтінмен байланыстыра отыра, 2-3 сөйлемнен тұратын өз көзқарасыңызбен толықтырыңыз.
4-тапсырма. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, жол картасының 17-ші тармағына сәйкес, министрлік жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесе отырып, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың сандық сауаттылығын арттыру шараларын қарастырды. Министрдің қандай шаралар туралы айтқысы келіп отырғанын анықтап, ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]


Оқылым:
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген.
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз түрде 100 % етіп алсақ, оның 20%-ы тектік факторларға, 20%-ы экологиялық факторлардың әсеріне, 10%-ы денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулықтың 50%-ының жақсы болуы адамдардың өздеріне байланысты болатынын медицина және биология ғылымдары дәлелдеп шықты. Сонда, жастардың денсаулығының нашар болуы немен байланысты?
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда, ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Екіншіден, компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Қимыл-қозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қауіп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туындауына себеп болады.
Еліміздің нарығында көптеген энергетикалық сусындар пайда болды. Сондықтан, денсаулықты бұзбау үшін энергетикалық сусындарды белгіленген мөлшерге сай тұтыну қатаң талап етіледі. Мөлшерден асыру – қан қысымының немесе қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы. Яғни, біз өз энергия қорымызды пайдаланамыз. Көптеген энергетикалық сусындардың құрамында көп мөлшерде В дәрумені болады. Бұл жүрек соғысын жиілетіп, аяқ-қолдардың дірілдеуіне себеп болуы мүмкін. (254 сөз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   122




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет