8-сынып, І – тоқсан
БЖБ №1 «Білім. Ғылым. Инновация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы
негізгі ойды анықтау;
8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтін құрау.
Бағалау критерийі: Білім алушы
Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде анықтайды;
Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданады.
Сөйлесім әрекеттері:Тыңдалым, Айтылым
Ойлау дағдыларының деңгейі:Қолдану
Орындау уақыты: 20 минут
І-нұсқа
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мәтіндегі ең маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз.
___________________ , ______________________ , ______________________
Автордың көзқарасы берілген сөйлемді табыңыз.
А) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
В) Жаңа технологиялар бактерияларды жояды.
С) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.
Д) Нан өте тез көгеріп кетеді.
3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстың адам игілігі үшін пайдасы туралы ауызша мәтін құрыңыз. Ауызша мәтінде көркемдеуіш құралды және болжалдық сан есімді қолдаңыз (8-10 сөйлем)
Тұрақты тіркестер: үш ұйықтаса түсіне кірмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын алатын, қас пен көздің арасында.
ІІ-нұсқа
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мәтіндегі ең маңызды 3 тірек сөзді жазыңыз.
___________________ , ______________________ , ______________________
Автордың көңіл-күйі берілген сөйлемді табыңыз.
А) Болашақта жаңа өнертабысқа сұраныс артатын сияқты.
В) Жаңа технологиялар екі аптаға дейін нанды сақтай алады.
С) Әдіс азық-түлікті үнемдеу үшін пайдалы.
Д) Наннан басқа да азық-түліктерді сақтауға болады.
3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстың адам игілігі үшін пайдасытуралы ауызша мәтін құрыңыз. Ауызша мәтінде көркемдеуіш құралды жәнеболжалдық сан есімді қолдаңыз (8-10 сөйлем)
Тұрақты тіркестер: айы оңынан туып, бес саусақтай білу, жарғақ құлағыжастыққа тимей, жұлдызы оңынан туу, маңдай тер, бес аспап
Тыңдалым мәтіні
Күнделікті өмірде нан тез арада көгеріп кететіні белгілі. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығынхабарлады.
Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс- жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбденмүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |