Бағалау критерийі: Білім алушы
Мәтіндегі жанрға қатысты ерекшеліктіанықтайды;
Эссе құрылымын сақтайды, мәселенің шешу жолдарын ұсынады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану.Жоғары деңгей дағдылары
Сөйлеу әрекетінің түрлері: Оқылым.Жазылым
Орындау уақыты: 20 минут
I –нұсқа
Тапсырма:
1. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз
Қазақ халқының негізгі кәсібі мал шаруашылық болған. Қазақ өзінің малын қой, ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөлген.Осы төрт түлік малдың әрқайсысын шаруалар барынша өнімді, орынды пайдалана білген.Мал бағудың өзіндік әдістерін, малды күтіп - баптаудың тәсілдерін жете меңгерген. Жайылымдарды жыл мезгілінің төрт мезгіліне байланысты тиімді пайдаланып, көшіп - қонып отырған.Жайылымдар қыстау, көктеу, жайлау, күзеу деп аталған.
Қазақ халқы егіншілікпен де айналысқан.Оңтүстік өңірде ежелгі Сауран, Тараз, Отырар қалаларының маңайында ескі арықтардың ізі сақталған.Егінші қазақтың ертеден өсірген дақылдары – тары, күріш, жүгері, арпа, сұлы. Сонымен бірге бау-бақша да еккен.
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз
А) мақала В) әңгіме С) сұхбат Д) очерк
2. Мәтіннің жанрға қатысты ерекшелігін анықтаңыз
______________________________________________________________________
3. Мәтіннен 3 етістікті бұйрық рай тұлғасына қойып жазыңыз
______________________________________________________________________
2.«Бүркітшілік – аңшылықтың белгісі» атты тақырыпта пікір білдіріп, 2 аргумент келтіре отырып, эссе құрылымында шартты райды қолданыңыз.
IІ –нұсқа
Тапсырма:
1. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз
«Еңбекпен келген нан тәтті» деген сөздің мағынасы өте үлкен.Қазіргі кезде ата-ананың алдында балалардың негізгі атқаратын еңбегі – сабақ оқу, мектепте, үйде қолғабыс жасау және уақытын тиімді пайдалану.Баланың ата-анасына тигізетін пайдасы – осылар болып есептеледі.
Мен қарапайым жұмыскер агрономмын.Жақында өз кәсібімді ашқым келеді.Ол кәсіп жылыжай ашып, жеміс-жидек өсірсем деп ойлаймын.Ол үшін осы саланы жетік меңгерген іскер, сенімді әрі кәсіпқой мамандарды жұмысқа тартсам, қажетті құрал- жабдықты сатып алып, мамандарға жоғары еңбекақы төлесем деген жоспарым бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өтімді игеріп, өнімдеріміз туралы жарнама дайындаймын.Жарнама дайындау балаларымның міндеті болады. Жұмысымыз оңға басса, әлі-ақ сый-құрметке ие болып, еңбегіміздің зейнетін көреміз.
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз
А) мақала В) әңгіме С) сұхбат Д) очерк
2. Мәтіннің жанрға қатысты ерекшелігін анықтаңыз
______________________________________________________________________
3. Мәтіннен 3 шартты рай формасындағы етістіктерді жазыңыз
______________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |