Қарағанды қаласының әкімдігі
Қарағанды қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№439 сессиясының шешімімен бекітілген
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ
2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қарағанды қаласы, 2010ж.
Мазмұны
-
Бағдарлама төлқұжаты
-
Ағымдағы жағдайды талдау
-
Қала дамуының келешегі
-
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері және қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары
-
Бағдарламаны жүзеге асыру сатылары
-
Қажетті ресурстар
-
Бағдарламаны басқару
-
Бағдарлама төлқұжаты
Бағдарлама атауы
|
Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Бағдарламаны құрудың негіздемесі
|
«Қазақстан Респубикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы
|
Аймақтың негізгі мінездемесі
|
Қала аумағының ауданы – 497,8 ш.км. Әкімшіліктік-аумақтық бөлініс екі ауданмен сипатталады. Халық саны – 471,8 мың адам. Қала аумағында облыс халқының 34,9% тұрады.
|
Бағыттар
| -
Қаланың экономикалық саласын дамыту
-
Әлеуметтік саланы дамыту
-
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту
-
Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту
-
Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту
|
Бағдарлама мақсаттары
|
Қаланың экономикалық саласын дамыту:
-
Жедел диверсификациялау жолымен Қарағанды қаласының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету
-
Инвестицияларды тарту және қала экономикасының инновациялық құраушысын дамыту
-
Бизнес-ортаны жақсарту, сауда және кәсіпкерлікті дамыту
Әлеуметтік саланы дамыту:
-
Білім алудың сапасы мен оған деген қол жетімділікті қамтамасыз ету, балалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру
-
Қала азаматтарының денсаулықтарын күшейту саясатын жүргізу арқылы адамдық капиталдың сапасын арттыру
-
Бұқаралық спорт, дене шынықтыру, денсаулықты жақсарту қозғалысын және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту
-
Ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, Қазақстандағы халықтардың бірігу факторы ретіндегі толеранттік тілдік ортаны қалыптастыру
-
Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі
-
Қала көшелеріндегі және т.б. қоғамдық жерлердегі құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту
-
Қылмыстың өзімен және оның ұйымдастырылған формаларымен күрес, заңсыз есірткі айналымына және нашақорлыққа қарсы тұру, азаматтардың заңдық мүдделері, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау
-
Қарағанды қаласының Мұрағаттық саласының дамыту
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:
-
Жол-көліктік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту
-
Қаланың энергетикалық кешенінің тұрақты дамуы
-
Халықты тиісті сапасы бар коммуналдық жағдаймен қамтамасыз ету
Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту
-
Тұрғын-үй құрылысын дамыту
-
Мемлекеттік және халықаралық нормативтер мен стандарттардың талаптарынан ауытқуға жол бермеу мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларда жұмыс істейтін субъектілердің қызметіне мониторинг пен бақылау жүргізу
-
Қаладағы сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік саясатты жүргізудегі ұйымдастыру, бақылау және бағдарлау функциясын жүзеге асыру
-
Оралмандар мен босқындарға қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
-
Қала құрылысы жобаларын іске асырудың тиімді механизмін құру
-
Қаланың абаттану деңгейі мен экологиялық жағдайын жақсарту
-
Жер ресурстары туралы пайдаланушыларға берілетін ақпараттың толық және дұрыс болуын қамтамасыз ету
-
Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету
Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту
-
Қалалық мәслихат аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру
-
Мәслихат аппараты қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен кәсіптілігінің арттыру
-
Қала әкімінің аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру
-
Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару функцияларын іске асырудың тиімділігін арттыру
-
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
-
Бюджетті орындаудың сапасын арттыру
-
Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін сатылап енгізу
|
Бағдарлама міндеттері
|
Қаланың экономикалық саласын дамыту:
-
Қаланың индустриалдық дамуы
-
Қала экономикасының аграрлық секторын дамыту
-
Қала экономикасының инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру
-
Қала экономикасының инвестициялық құраушысын дамыту
-
Бизнес-ортаны жақсарту мен кәсіпкерлікті дамыту
-
Ішкі сауда тиімділігін арттыру
Әлеуметтік саланы дамыту:
-
Мектепалды ұйымдар желісін үлкейту мен мектепалды білім берудің сапасын жақсарту
-
Мектептегі білім беру сапасын жақсарту
-
Электронды оқыту жүйесін енгізуге жағдай жасау
-
Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігі мен мұғалім мамандығының беделін көтеру
-
Дамуында қабілеті шектеулі балаларға білім алу жеңілдігін қамтамасыз ету
-
Панасыздық, қадағалаусыздық және әлеуметтік жетімдікті болдырмау, сонымен қатар жетім балалар мен ата-аналар қарауынсыз қалған балалардың жанұялы болуына ықпал ету
-
Азаматтардың денсаулығын жақсарту арқылы қала гендік қорын жақсарту
-
Денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру жүйесін жақсарту, медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру
-
Дәрі-дәрмектердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру
-
Салауатты өмір салтын дамыту
-
Бұқаралық спорт, дене шынықтыру және денсаулықты жақсартатын қозғалыстарды дамыту
-
Тіл нормаларын іске асыру, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік әрекетін ұлғайту, сонымен қатар полисинтетикалық тілдерді іске асыру үшін жағдай жасау мен ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізу
-
Мәдениет саласының даңқын арттыру
-
Тұрақты жұмысбастылықты қамтамасыз ету
-
Гендерлік теңдікті нығайту
-
Әлеуметтік серіктестік шеңберінде қала өнеркәсіптеріндегі ұжымдық-келісімдік қатынастарды дамыту
-
Халықтың аз қамсыздандырылған қабаттарына әлеуметтік көмектің атаулы түрде берілуін және тиімділігін арттыру
-
Мүгедектер мен ардагерлердің ҮЕҰ тұрақты дамуына ықпал ету, сонымен қатар олардың әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуын күшейту
-
Мүгедектер қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыру
-
Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу
-
Қоғамдық тәртіпті күшейту және азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын, денсаулық, өмір сүру қауіпсіздігін қажетті деңгейінде ұстау; қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі алдын алу шараларының көбейту
-
Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету
-
Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру, нашақорлық пен есірткі бизнесімен күресу
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының бүтіндей сақталуын қамтамасыз ету және құрамы мен мазмұнын байыту
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:
-
Қарағанды қаласының жүк және жолаушы тасымалының жылдамдығын тездететін жол-көліктік жүйені дамыту
-
Электроэнергетиканы дамыту
-
Коммуналдық жүйелерді жаңарту және дамыту
-
Тұрғын үй қорының тиісті пайдаланылуын қамтамасыз ету
-
Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығының тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету
Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту:
-
Үй-жайға қолжетімділікіті қамтамасыз ету
-
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында қызмет ететін ұйымдар қызметінің лицензияландырылуын бақылау
-
Өндірістік және өндірістік емес мақсатта салынатын объектілердің сапасын арттыру
-
Халықтың қолайлы өмір сүруі мақсатында қала аумағын дамыту
-
Қала құрылысы жобаларын жасау және бекіту
-
Өмір сүру орнын таңдаудың бостандығы жайында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтарын жүзеге асыру
-
Қала аумағында тиімді түрде құрылыс салу және дамыту
-
Мемлекеттік қалақұрылыстық кадастрын қалыптастыру
-
Қала көшелерінің тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету
-
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау
-
Жер телімдері мен қалалық жер қоры жайындағы мәліметтер жинағын қалыптастыру, сонымен қатар мөлшерлік есепті жақсарту
-
Техногендік апаттар мен табиғи апаттардан болатын шығындарды мейлінше азайту мен қауіптерді төмендету бойынша жағдай қалыптастыру
Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту:
-
Қазіргі қолданыстағы заңдар базасына қала мәслихаты депутаттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету
-
Қалалық мәслихат қарауына шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер жобаларының құрылу сапасын арттыру
-
Қалалық мәслихат депутаттарына құқықтық білім беру
-
Мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау
-
Мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру
-
Электрондық құжат айналымы жүйесін тиісті деңгейде пайдалана білу
-
Қала әкімі аппаратының қызметкерлер құрамын сапасына қарай түгендеу
-
Электрондық түрде көрсетілетін ақпараттық қызметтердің ұлғаюы
-
Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру
-
Ақпараттық жүйелерді құрастыру мен дамыту
-
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
-
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен дамыту
-
Бюджетке түсетін қаражаттар мен оның атқарылуы тиімділігін арттыру
-
Электрондық мемлекеттік сатып алулар тиімділігін арттыру
-
Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлауды енгізу
|
Бағдарламаны жүзеге асыру сатылары
| -
1 саты – аралық (3 жыл) – 2011-2013жж. – алдыңғы қатардағы әрі дағдарысқа қарсы бағытталған шараларды іске асыру, қаланы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау
-
2 саты – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015жж. – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған шараларды іске асыру және қаланың кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз қалыптастыру
|
Мақсаттық индикаторлар
|
Қаланың экономикалық саласын дамыту:
-
2011-2015жж. тұтынушылық бағалар индексі жылына 8%-дық көрсеткіштен аспайды
-
2015ж. қарай өндірістегі еңбек өнімділігі 47,9 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 48,8 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай тау-кен өнеркәсібі өнімін өндіру көлемі 73,5 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай көмір өндіру көлемі 3500 мың тоннаға дейін өсуі
-
Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру өнімі көлемінің орта есеппен алғанда өткен жылға қарағанда іс жүзінде 14,7 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай өңдеуші сала өндірісінің көлемі 40 %-ға дейін өсуі
-
Өңдеуші өнеркәсіп өндірісі көлемінің орта есеппен алғанда өткен жылға қарағанда іс жүзінде 8 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату көлемінің 56,6 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай жыл сайынғы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2009ж. деңгейге қарағанда 2,7 %-ға дейін өсуі
-
2011-2015жж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімдер өндірісінің өсуі жылына 1,8 %-ды құрайтын болады
-
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, қаланың жүйе құрушы кәсіпорындарының сатып алуларындағы Қазақстанда жасалынған өнімдердің бар болуы қатынасын – тауарларда 60 %-ға дейін, жұмыстар мен қызмет көрсетулерде 90 %-ға дейін көтерілуі
-
2015ж. қарай тау-кен өндірісі саласындағы еңбек өнімділігінің 71,6 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай өңдеуші өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігінің 39,5 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату саласындағы еңбек өнімділігінің 55,7 %-ға дейін өсуі
-
2015ж. қарай қала кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар көлемінің іс жүзіндегі жыл сайынғы өсуі 3,1%-ды құрайтын болады
-
2015ж. қарай инновациялар саласындағы кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 10 %-ды құрайтын болады
-
2015ж. қарай кіші және орта бизнес өнімдерінің шығарылу көлемі 20 %-ға дейін өсуі
-
2014ж. бизнесті тіркеу және жүргізумен байланысты операциялық шығындар (лицензияға рұқсат, сертификат, консультация алу), уақыт пен ақшалай шығындардың да 30 %-ға дейін төмендеуі
Әлеуметтік саланы дамыту:
-
2015ж. қарай 100 %-ға** дейін балалардың мектепалды тәрбиемен және білім алумен қамтылуына жағдай жасау
-
2015ж. қарай 12 жылдық білім беру бағдарламасымен жұмыс істейтін мектептер санын 100 %-ға*** дейін жеткізу
-
2015ж. қарай орта білім беретін мекемелерде электрондық оқыту жүйесін қолдануды 53,8 %-ға*** дейін жеткізу
-
2015ж. қарай барлық педагогтардың ішіндегі жоғарғы немесе бірінші санаты бар мұғалімдер санын 49 %-ға*** дейін жеткізу
-
2015ж. қарай барлық білім беру мекемелерінің ішіндегі инклюзивтік білім беруге жол ашқан мекемелер санын 19,8 %-ға*** дейін жеткізу
-
2015ж. қарай халық өмір сүруінің орта ұзақтығы 70 жыл
-
1000 адамға жалпы өлім-жітім, 2015 жылы – 1000 адамға жалпы өлім-жітім 7,7 адам
-
2015 жылға қарай АМСК шеңберінде медициналық қызметтің 30% жалпы тәжірибелі дәрігерлер ұсынатын болады
-
2015 жылға қарай АМККМ шеңберінде дәрілер мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудің 80% дейін тиімді жүйесін енгізу
-
2015 ж. жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын барлық жас аралығындағы адамдары қамту - 20 %
-
2015 ж. БЖӨСМ-де, спорттық және аулалық клубтарда, жалпы білім беретін мекемелердегі спорт үйірмелерінде жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдердің саны 35 % (22500 адам)
-
2015ж қалалық деңгейде өткізілетін шаралардың саны – 245-ке дейін
-
2015ж. қарай жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатындардың санынан (72637 адам) дәрежесі бар спортышлардың санын 10 %-ға дейін көбейту
-
2015ж. қарай мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдардың үлесі – 68 %-ға дейін
-
2015ж. қарай орыс тілін меңгерген ересек адамдардың үлесі – 98 %-ға дейін
-
2015ж. қарай ағылшын тілін меңгерген ересек адамдардың үлесі – 6 %-ға дейін
-
2015ж. қарай мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасымен тұтынушылардың қанағаттану деңгейі – 48 %-ға дейін
-
2015ж. қарай жұмыссыздық деңгейі – 7,6 %-ға дейін
-
2015 жылы жұмысқа тұрғызуға өтініш білдірген тұлғалардың жалпы санының ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі - 95% дейін
-
2015 жылы жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастағы этникалық оралмандар үлесі– 70 %-ға дейін
-
2015ж. қарай атаулы әлеуметтік көмек алатындар арасындағы еңбекке жарамды адамдар үлесі – 29,8 %-ға дейін
-
2015 жылға қарай әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдардың жалпы санынан арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың үлесі – 100% дейін
-
2015ж. қарай мүгедектер мен ардагерлердің көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі – 95 %-ға дейін
-
Ішкі істер органдарына халықтың сенім артуының болжамды деңгейі, 2015 жылға қарай 50% төмен емес деңгейде
-
2015ж. қарай жалпы қылмыстардың (10 мың адамға шаққанда) болжамдық деңгейі 75-тен жоғары емес
-
Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың сауалнамаларына оң жауап қайтару пайызы 2015ж. 80 %-ға дейін құрайды
Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:
-
2015ж. қарай қалалық маңызды бар автокөліктік жолдардың 31 %-ға дейінгілері жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
-
2015ж. қарай жүк айналымының өсуі 15 %-ға дейін
-
2015ж. қарай жолаушылар айналымының өсуі 5 %-ға дейін
-
2015ж. апаттар саны 10 %-ға дейін төмендейді
-
2015ж. қарай жылумен қамту желілерінің істен шығу деңгейінің 50 %-ға дейін төмендеуі
-
2015ж. қарай ЖЭО-1, ЖЭО-3 қуаттылығының есебінен өндірілетін электр қуатының жиынтық деңгейін 37,5 %-ға дейін көтеру
-
2015ж. қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік деңгейін 85 %-ға дейін көтеру
-
2015ж. қарай тұтынушылардың көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі 51,5 % кем емес
-
2015ж. қарай электр қуатымен қамту желілерінің істен шығу деңгейін 45 %-ға дейін төмендету
Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту:
-
Жыл сайынғы тұрғын үй құрылысының көлемін орта есеппен алғанда 1,7 %-ға дейін өсіру
-
2015ж. құрылысы аяқталған, пайдаланылуға берілген объектілердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ережелерге сәйкес болуын 100 %-ға дейін өсіру
-
Өтініш беру мөлшеріне қарай халықты жер телімдері мен жер қатынастарының субъектілері жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді 100 %-ға дейін жеткізу
-
Қаланың жасыл аймағын 100 %-ға дейін сақтау
-
Оралмандар мен босқындарды жаңа орындарында жайластыру бойынша көмек көрсетуді 100 %-ға дейін жеткізу
-
2015ж. қарай Қарағанды қаласы аумағындағы қала құрылысын дамыту сызбаларын жасауды 100 %-ға дейін жеткізу
-
2015ж. базалық деңгейдегі қала құрылысы кадастрын жасау және жүргізу – 20 %
-
2015ж. қарай рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастаудың көлемін 2010ж. деңгейге қарағанда 88 %-ға дейінгі деңгейге жеткізу
-
Ғылыми-зерттеу аймақтық даму институтымен ұсынылатын өсімдіктік отырғызу нормасына, яғни өсімдіктерді отырғызу ауданын 1 адамға 15,8 ш.м. дейін үлкейту
-
2015ж. қарай жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау көрсеткішін өсіруді 27 %-ға дейін жеткізу
-
12,4 мың га дейін аумақтағы Қарағанды қаласының жер телімдері мен қалалық жер қоры жайындағы мәліметтер жинағын қалыптастыру, сонымен қатар мөлшерлік есептің жақсаруы
-
Халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақталу деңгейін 60 %-ға дейін көтеру
-
Техногендік және табиғи апаттар кезіндегі эвакуациялық көшуді талап ететін халықтың жалпы бөлігінен көшірілген адамдар бөлігін 100 %-ға дейін көтеру
-
Алдын алу шараларын өткізудің сапасын 95 %-ға дейін көтеру
Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту:
-
Аппарат көрсететін қызметтер сапасымен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін
-
2015ж. қарай мәслихат қолданатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы заңдармен сәйкестігін қамтамасыз етуді 100 %-ға дейін жеткізу
-
Қалалық мәслихатты ұйымдастырушылық және басқа да қамтамасыз ету жайындағы жүргізілетін шаралардың сапасы әрі тиімділігімен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін
-
2015ж. қарай қала әкімі аппараты көрсететін қызметтер сапасымен жеке және заңды тұлғалардың қанағаттану деңгейі – 90 %-ға дейін жеткізу
-
Жыл сайынғы кадрлар тұрақсыздығын 10 %-ға дейін төмендету
-
2015ж. стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуді 100 %-ға дейін жеткізу
-
2015ж. қарай аппараттар көрсететін қызметтер сапасымен әкімнің қанағаттану деңгейі 90 % дейін жеткізу
-
Электрондық түрде көрсетілетін қызметтер санының өсуі 37 %-ға дейін көтеріледі
-
2015ж. қарай электрондық үлгіде көрсетілетін әлеуметтік маңыздылығы бар мемлекеттік қызметтер бөлігі 50 %-ға дейін жетеді
-
2015ж. қарай халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 40 %-ға дейін жетеді
-
2015ж. қарай мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің жалпы санынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қолданылатын арнайы бағдарламалық сүйемелдеулермен жұмыс істей білетіндер қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ға дейінгі бөлігін қамтитын болады
-
2015ж. қарай жергілікті өзін-өзі басқару дамуының үдерісіне қаланың аумақтық-әкімшіліктік бірліктерінің қатысуын 100 %-ға дейін өсуі
-
Жыл сайынғы бюджеттік бағдарламаларды игеруді 100 %-ға дейін жеткізу
-
2011ж. нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық және методологиялық базасын 100 %-ға дейін енгізу
-
2011жылы нәтижеге бағытталған жоспарлау жүйесіне 100 %-ға дейін сатылап көшу
|
Қаржыландырудың көздері мен көлемі*
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, заемдік қаражат.
Қаржыландыру көлемі:
2011 жыл – 69 391,1 млн. теңге:
Республикалық бюджет – 4021,5 млн.теңге;
Облыстық бюджет – 742,5 млн.теңге;
Жергілікті бюджет – 6986,3 млн.теңге;
Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 48640,8 млн.теңге.
2012 жыл – 74 310,9 млн.теңге:
Республикалық бюджет – 2047,7 млн.теңге;
Облыстық бюджет – 858,7 млн.теңге;
Жергілікті бюджет – 4658,0 млн.теңге;
Инвесторлар қаражаттары мен қарыздық қаражаттар – 59176,0 млн.теңге;
Мемлекеттік-жеке серіктестік қаражаттары – 7570,5 млн.теңге.
2013 жыл – 83 340,5 млн.теңге:
Республикалық бюджет – 2642,6 млн.теңге;
Облыстық бюджет – 850,7 млн.теңге;
Жергілікті бюджет – 4895,5 млн.теңге;
Инвесторлардың жеке қаражат мен заемдік қаражат – 74951,7 млн.теңге.
2014 жыл – 82 918,4 млн.теңге:
Республикалық бюджет – 2144,1 млн.теңге;
Облыстық бюджет – 909,7 млн.теңге;
Жергілікті бюджет – 5353,7 млн.теңге;
Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 74510,9 млн.теңге.
2015 жыл – 83 082,6 млн.теңге:
Республикалық бюджет – 2039,6 млн.теңге;
Облыстық бюджет – 790,0 млн.теңге;
Жергілікті бюджет – 5513,8 млн.теңге;
Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 74739,1 млн.теңге.
Барлығы: 384 043,5 млн.теңге:
Республикалық бюджет – 12895,5 млн.теңге;
Облыстық бюджет – 4151,6 млн.теңге;
Жергілікті бюджет – 27407,3 млн.теңге;
Инвесторлардың жеке қаражаты мен заемдік қаражат – 332018,6 млн.теңге;
Мемлекеттік- жеке меншік әріптестігінің қаражаты – 7570,5 млн.теңге.
|
Достарыңызбен бөлісу: |