Құқық тәртібі күзеті, жол апаты қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес. Толығымен қарағанда Қарағанды қаласының қылмыстық жағдайы қалыпты болып қалуда, бұл Қарағанды облысының ішкі қауіпсіздігінің оңтайлы дамуына әсер етеді. Бұл көрсеткішке жыл сайын жүргізілген (2006-2008 жыл) құқық бұзушылық пен қылмыстыққа қарсы күрестің алдын алу облыстық бағдарлама оңтайлы әсерін тигізді.
Соңғы жылдары қоғамдық жерлерде, көшелерде қылмыс санының азаюы сақталуда, бұл қоғам тәртібі мен жалпы қауіпсіздік жағдайының басты индикаторлары.
Қылмыстың таралған түрі көбінесе отбасылық, алкогольды және нашақорлық жағдайларда кездеседі.
Қарағанды қаласы ІІБ жедел қызметінің басты басымдылығын анықтайтын жалпы тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз ету күзет жүйесінде бір қатар шешілмеген мәселелер бар.
Жоғарғы қылмыскерлікпен қоғамдық орындар сипатталуда, 2009 жылы ғана 654 қылмыс жасалған, оның 84 пайызы – көшеде болған. Тұрмыс қылмысына қатысты шаралар жеткіліксіз болуда.
Көбінесе тұрмыс жағдайында өлім және денсаулыққы аса ауыр залал тигізу ішімдікті көп пайдаланудың нәтижсінде болады.
Сарань қаласындағы ем беру мекемесі (МЕПМ), спирт өнімдерін өте көп қабылдаушыларды мәжбүрлеп емделуге бағыттай алмайды, соның арқасында адамды қоғамнан уақытша оғашалау мүмкіндіктері аз.
Соңғы жылдары жасөспірім қылмыстарының көрсеткіштері азайғанмен, бұл жүйедегі криминалдық әлеует елеулі болып қалуда. Мүлікке, яғни жат мүліктің кәмелеттік жасқа толмаған 14-16 жас аралығындағы балалардың қолымен жасалған қылмыскерлік мөлшері көбеюде.
Бұл жүйеде мектеп полиция инспекторларының жеткілікті болуын қаматамсыз ету керек, себебі қала бойынша олардың саны өте аз ( барлығы 64 адам, ал қалада орта мектептер саны - 90). Болжау бойынша полиция инспекторлары әр мектепте болуы қажет. Бұл қатысушылар арасында құқықбұзушылықты азайтуға көмектеседі.
Жол апаты көрсеткіштерінің соңғы жылдары азаюына қарамастан, жол-көлік уақиғаларының ауыртпашылықтары жоғарғы деңгейде болуда.
Халыққа деген тірек және азаматтық орта институтында құқық қорғау прафилактикасы бойынша құралған тиімді жүйемен жұмысты нығайта түсу керек.
2011-2015 жылдары Қарағанды қаласының дамуы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ішкі істер басқармасы қоғамдық жерлерде шылым шегу заңына, антиалкогольдық заңға қарсы келу, сонымен қатар заңсыз нашақорлық айналымына қатысты бір қатар мәселелерді шешпек. Бұл шаралар облыс бойынша шылым шегу, нашақорлық және маскүнемдіктің азаюына ықпал етеді.
Соңғы жылдары жол апаты көрсеткіші ірдісінің азаюын байқауға болады. Сонымен бірге, жол-көлік жүйесі өте қиын жағдайларда жұмыс істеуде. Заман талабына сай автокөліктердің автопрак және жылдамдық характеристика қарқының мөлшері дала-жол жүйесінің қарқынынан асып кетеді. Республикалық деңгейдегі жол телімдері түбегейлі жаңартуды қажет етеді, яғни жүру бөлімінің енін үлкейту, тоқтауыл шегі және жол белгісімен қамтамасыз ету. Жергілікті жолдардың өте қанағатсыздандырарлық жағдайда екендігін айтып кету керек.
Жол қатысушыларының көліктік тәртіптері өте төмен жағдайда, ең алдымен бұл көлік жүргізушілері.
Осы және басқа да мәселелер жол-көлік уақиғаларының себепшілері болмақ.
Бір неше ішкі және сыртқы факторлар қатары қылмыстық қауіп-қатерден қала құқық сақтау, халық құқығын қорғау жүйесі, сонымен қатар мемлекеттік және жалпылау институттарына ықпал тигізуде.
Дүние жүзілік дағдарысқа байланысты экономикалық қиындықтар, халықтың жұмыссыз жүруі, оның ішінде жастардың жұмыссыз жүруі ұрлық, зорлық-зомбылыққа әкеп соқты.
Ең басты байыпты факторлардың бірі – ұрлық. Жалпы қылмыстық құрылым ішіндегі көптеген жылдар бойы жайттар ұрлықтан тұрады, олардың әр үшіншісі ашылмаған.
Қазақстанның басқа мемлекеттермен тұрақсыз әлеуметтік-саясат жағдайы нашақорлық, ұрлық және тағы басқа қылмыс санының өсуіне ықпал етеді.
Ішкі тұрақтылыққа келеңсіз жағдайдың әсер етуіне халықаралық қылмыстық бірлестік ықпал етеді, бұл бірлестік наркобизнес және қылмыстық кіріс үшін Қарағанды қаласының территориясын қолданады.
Сыртқы өктем саясаты ең алдымен Ауғаныстаннан келетін нашақорлық қылмысымен қарқындауда. Ал қалада басқа сыртқы нашақорлық жағдайының даму факторы Европа елінен келетін әр түрлі синтетикалық есірткенің жеткізілуі.
Қала Ішкі істер Басқармасының жоспарлаған іс-шаралары жүзеге асыру көрсеткіштері конституциялық құқық және халық мүддесі заңдылығының деңгейін көтеріп және ішкі істер органдарына деген сенімдерін арттырады.
Қала ішіндегі қылмыскерліктің азаюына байланысты басты мәселелер:
-
қылмыскеліктің жалпы мөлшері
-
жемқорлықпен күреске қатысты шаралардың аздығы
Еңбек нарығы. 2004 жылы экономикалық белсенділігі артқан халық саны – 228,8 мың адам, 2005 жылы – 224,7 мың адам, 2006 жылы – 228,3 мың адам, 2007 жылы- 229,2 мың адам, 2008 – 234,9 мың адам, 2009 жылы – 232,7 мың адам.
2004 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенділігі артқан халық саны көбейді.
Қарағанды қаласының жұмыссыздық деңгейі 2004 – 2009 жылдар аралығында 3,9 пайызға азайған, ал 2010 жылыдың 1 қаңтар айына 7,8 пайызын құрады.
Жұмыс істеушілердің саны жұмысқа зәру адамдарға қарағанда азаюда. Сөйтіп, 2004 жылы бұл көрсеткіш 98,4 пайыз, 2009 жылы – 80,1 пайыздық көрсеткішті құрады. Бұл көрсеткіштің азаюына экономикалық даму темпі әсер етті. 16-29 жас аралығындағы жұмыс іздеушілер саны 2004 жылы – 7455 адамды, 2005 жылы - 617– адамды, 2006 жылы – 5097 адамды, 2007 жылы – 6196 адамды, 2008 жылы – 6465 адамды, 2009 жылы – 7000 адамды құрады.
Мамандандырылған даярлыққа бағытталған жұмыссыздардың үлесі 2004 – 2009 жылдар аралығында көбейді (2004жылы -2380 адам., 2005жылы.-1743 адам., 2006жылы.-1746 адам., 2007жылы.-1514 адам., 2008жылы- 1652адам., 2009жылы-3117 адам), сөйтіп жұмыссыз адам оқу кезінде кіріс алмағандықтан мамандандырылған даярлау ауқымы азды көбеюде.
Нәтижесінде жұмыссыздар басты қызметтерден бас тартып, қоғамдық жұмыстарды бағалайды. Бұл жүйенің кемшілігі жұмыссыздарға мамандандырылған даярлау мекемелерінде таңдау құқығы берілмейді.
2009 жылы кәсіпкерлік дағдына дамыту мақсатымен 50 жұмыссыздарға жеке меншік кәсіп және дербес жұмыспен қамту үшін, 2004 жылы 261 жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетілді. Жеке меншік бизнес мекемелеріне көрсетілген әлеуметтәк көмек мөлшерлері алақандай. (20 дан 40 ең аз есеп айыратын көрсеткіш), 2004-2009 жылдар аралығындағы алушылар саны азайды, бұның себебі есеп айыру көрсеткіші өте төмен, сондықтан материалдық көмек алушылар азаюда. Нарыққа тауардың арзан бағамен әкелінуі және оны сату қиынға түсуде, ал дербес шығарылған тауарды өткізу одан да қиын балмақ.
Еңбек нарығында көбінесе жетіспейтін жұмыскерлер: мұғалімдер, медицина қызметкерлері, құрылыс-жинақтау жұмыскерлері, операторлар, аппаратчиктер, жүргізушілер, құрастыру слесарьлар, барлық категория жүргізушілері, автокран жүргізушілері, мұнара-көпір крандарының жүргізушілері.
2009 жылы қалаға 43 оралман отбасылары көшіп келді, оның ішінде 97 оралман еңбекке жарамды жаста.
Жыл сайын қала еңбегінің нарығы осы оралмандар арқасында толуда, оларға жұмыссыздық уақытында әлеуметтік қорғау басым сипатта көрсетіледі. Есеп беру кезеңіне жұмысқа тұру мәселесімен 2004 – 2009 жылдар аралығында 334 адам (2004жылы - 79 адам., 2005жылы.- 67 адам., 2006жылы. - 51 адам, 2007жылы.- 45 адам., 2008жылы.-47 адам., 2009ж.- 45 адам.) өтініп келді.
2010 жыл қаңтар айының 1 жұлдызына Қарағанды қаласындағы коллективті келісім-шарттары бар ірі және орта кәсіпорындар саны 461 немесе жұмыс істейтін ірі және орта кәсіпорындар (517) санынан 89,2 пайызын құрады.
Әлеуметтік жәрдем. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды қаласы халқының әлеуметтік-осал қабатына келесі әлеуметтік көмектер көрсетіледі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі, тұрмыстық көмек, 18 толмаған балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақысы, үй жағдайында оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалды қамтамасыз ету, жеке категориядағы халыққы тамақтың қымбаттауына байланысты әлеуметтік көмек, мүгедек адамдарға жеке көмекші және тіл мамандарының әлеуметтік қызметі, мүгедек адамдарды қосымша сақтандыру құралдарымен қамтамасыз ету, мүгедек қарт адамдарға, мүгедек балаларға үй жағдайында көмектесу.
Әлеуметтік қорғау бағдарламасы мемлекеттік және мемлекеттік емес бюджеттен қаржыландырылады.
Кедейлік деңгейі 2004-2009 жылдар аралығында 1,2 пайызға азайды (2004 ж. -1,7% пайыз; 2009ж.- 0,5%пайыз).
2010 жылдың 1-ші қаңтар айына есепте 742 аз қамтамасыздандырылған отбасылары тұр (2525 адам), бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың осы күніне қарағанда 9 пайызға аз (01.01.2009 ж. - 809 отбасылары /2775 адам).
2009 жылы әлеуметтік жәрдемақыны төлеу үшін 114,6 млн теңге бюджеттен жұмсалған болатын, оның ішінде республикалық бюджеттен 6,7 млн.теңге алынды.
2010 жылдың 1-ші қаңтар айына қала бойынша үй жағдайында қарт адамдарға, мүгедектерге көмектесетін 18 әлеуметтік көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді, мүмкіндіктеріне шек қойылған балаларға үй жағдайында көмек көрсететін 4 әлеуметтік көмек көрсету бөлімі және тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға әлеуметтік бейімделу орталығы бар.
Жылдың басынан бастап жалпы типті интернат үйлеріне 30 адам, психохрониктерге арналған интернат үйлеріне 4 адам бөлінді.
Тұрақты мекен-жайлары жоқ адамдардың әлеуметтік бейімделу орталығында 63 адам дағдыланудан өтті.
2010 жылдың 1 –ші қараша айын алғанда Қарағанды қаласында 17675 мүгедек тұрады, оның ішінде 1,2 топ мүгедектер саны – 11059 адам, 3 топ 5474 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедектер саны 1142 адамды құрады.
Осы адамдарға байланысты басты тырысулар әлеуметтік, мамандық және медицина сауықтандыру жолдарына бағытталған, яғни мүгедектерді заман талабына сай қосымша техникалық құралдармен, 1-ші топтағы мүгедектерді жеке көмекшілермен, тіл мамандарымен, құлағы естімейтін мүгедектерді қоғамдық бірлестіктермен және мүгедек адамдардың заңды түрде құқық қорғау мекемелерімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.
2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1-ші топ мүгедектерін жеке көмекшілермен, тіл мамандарымен қамтамасыз ету, құлағы естімейтін мүгедектерді, мұқтаж мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуіне бағыттылған мемлекеттік қаржыландыру көрсеткіші 220 пайызға көбейді.
2007 жылдан бастап Қарағанды қаласында мүгедектерді арнайы көліктерде тасымалдау әлеуметтік көмектері көрсетілді. Әлеуметтік көмекті мүгедектердің көп қолдануыныні арқасында 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 271 пайызға өсті. Мүгедектердің тасымалдауына қатысты әлеуметтік көмек көрсету қызметі әлеуметтік және көліктік инфроқұрылым мәселелерінің шешілуіне себеп болды.
Гендерлік даму. Қалада жыл сайын әйел адамдардың саяси және қоғамдық белсенділіктері өсуде. Шаралар қолданудың арқасында Қарағанды қаласында өкілді органдардың қолғабыс етуімен жыл сайын қызмет ететін әйел адамдардың саны ұлғаюда. 2009 жылы көмек сұраушылардың жалпы санынан алғанда 5146 әйел жұмысқа тұрғызылды, яғни 61,1 пайыз. Қоғамдық жұмыстардағы әйелдер саны 50,3 пайызды құрайды. Оқудан өткен жұмыс істемейтін әйелдер саны 830 адамды құрайды немесе 9,8 пайыз.
Мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыру мақсатында әйел және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы жұмыс істейді. Бұл комиссия әйел адамдарының белсенділігін арттыру мақсатында жұмыс істейді.
Қазақстан республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру мақсатында гендерлік саясатты насихаттау жұмысы белсендендірілген. Мерзімді баспасөз мекемелерінде, электронды СМИ мамандандырылған айдарлар қаланды.
2009 жылы «Қоғам және отбасында гендерлік қарым қарым-қатынастарды құру мәдениеті» жобасын жүзеге асыру мақсатында қаланың жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік құрылымында қызығушылық танытқан өкілдерінің, басқарма емес мекемелердің, студенттік жастар қоғамының қатысуымен гендерлік білімге, мәдени гендерлік қарым-қатынастың құрылуы және әйел адамадардың саяси жылжуына, бағыттылған семинарлар және тренингтер өткізілді.
Мұрағат ісі. Қарағанды қаласы мұрағат ісі жүйесінің үкілетіне Қазақстан Республикасының 22 желтоқсан 1998 жылғы «Халықаралық мұрағат қоры және мұрағат» заңына сәйкес халықаралық мұрағат қорының құжаттарының жартысымен қала аумағында иелену, қолдану және басқару кіреді.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік мұрағат келесі қызметтерді жүзеге асырады: мемлекеттік басқару саласы қарамғындағы қала мұрағат қорының жинақталуы және құжаттардың мемлекеттік есебі;
- Халықаралық мұрағат қорындағы құжаттардың сақталуы;
- Құжаттардың және ғылыми-анықтамаларының жүйелендірілуі
- Мемлекетті және қоғамды ретроалыпсатарлық құжатты
мәлеметтермен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының халықаралық мұрағат қоры құжаттарының көлемі Қарағанды қаласында 2010 жылдың 1-ші қаңтар айына 240 мың бірлікті құрайды.
Халықаралық мұрағат қорын толтыру көздері қала мемлекеттік мекемелер мұрағаттары, оның ішінде мемлекеттік емес жекеменшік формалары болып саналады.
Мұрағат саласының басты мәселелері:
-
мұрағат саласының жетілмеуі мұрағат құжаттарының цифрлік форматқа көшуіне кедергі жасайды, бұл мұрағат қызметкерлерінің жұмыстары жеңілдеуіне және халыққа керекті мәліметті тез тауып беруге ықпалын тигізуші еді;
-
Қағаз жүзіндегі құжаттардың аумағы көбеюде, бұл мұрағатсақтау қоры осыншама құжаттарды сидыруы мүмкін емес;
-
Жойылып кеткен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құжаттары сақталмауының нәтижесінде, қала халқы заңды зейнетақы жайлы мәлеметтерін растай алмайды.
2.2.3. Инфрақұрылымдық кешен
Жол-көліктік инфрақұрылымы
Жол — жайластырылған немесе лайықтандырылған және көлік құралдарының қозғалысы үшін қолданылатын жер алқабы немесе жасанды құрылыс беті. Жол бір немесе бірнеше жүргінші бөліктен, сонымен қатар трамвай жолдарынан, тротуарлардан, жол бойынан және бөлгіш сызықтардан тұрады.
2010 жыл қалпына Қарағанды қаласындағы жолдардың жалпы ұзындығы 9881,3 км құрап, олардың ішінде республикалық маңыздылығы бар – 2837,0 км, облыстық маңыздылығы бар – 6071,3 км және қалалық маңыздылығы бар жолдар – 973 км.
Қалалық жолдардың жалпы саны 724. Олардың ішінде ұзақтығы 346 км-ге созылған 165 жол қаралып, 3 978,7 мың м2 ауданы жиналады.
Қалалық маңыздылығы бар автокөліктік жолдар асфальт-бетон қабығы бар жолдардан (346 км), қиыршық-ұсақталған тастар қабығы бар жолдардан (145 км) және топырақ жолдардан (482 км) құралады. 2006 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі уақыт аралығында 242,2 км ұзақтығындағы, яғни 70% асфальт-бетон қабығы бар 138 жол орташа жөндеуден өткізілді.
Қалада алмаспайтын 25 магистральдік жолдар бар. Қаланың атокөліктік жолдарында 4 көпір, 13 өтпе жол, 592 нөсерқабылдағыш, 70,7 км ұзақтығы бар нөсерлік канализациялар, 107 бағдаршам, 65 суөткізгіш құбырлары бар.
Жыл сайынғы қаланың негізгі магистральдарында жүктемелердің өсуін есептегенде жол қабығының тозуы орын алып, қала жолдарында шұңқырлылық пайда болады.
2008 жылы орташа жөндеуге 58,0 км ұзақтығы бар 49 автожолда жұмыс жүргізуге 1 086,4 млн. теңге (оның ішінде 809,6 млн. теңге – облыстық бюджеттен түскен трансферт, 276,8 млн. теңге қалалық бюджет) бөлінді. 2007 жылмен салыстырғанда орташа жөндеу өткізу 24,8 %-ға көтерілді.
Сонымен қатар 2008 жылы облыстық бюджеттен ұзақтығы 1,8 км «Алматы-Астана» айналма автожолын капиталдық жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасын (ПСД) құруға 19 627 мың теңге бөлінген еді.
2009 жылы облыстық бюджеттен 809 300 мың теңге көлеміндегі қаражаттар жалпы ауданы 294932 м2 13 автожолдың, оның ішінде Қазыбек би атындағы ауданына – 411 480 мың теңге (ауданы – 162092 м2), Октябрь ауданына – 398520 мың теңге (ауданы – 132840 м2) орташа жөндеу өткізуге бөлінген еді.
Қосымша қала бюджетінен «Автокөліктік жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасына 58 653 мың теңге көлеміндегі қаражаттар Зональная көш., Молоков, Орлов көш. бойындағы әлеуметтік павильон қасындағы аумаққа, Крылов көш. бойындағы Кардиологиялық орталыққа кіреберіске, 12 мөлтек ауданға кіреберістегі автожолдарды орташа жөндеуге, Станиславский ат. театрының алдындағы тротуарды жөндеуге – 10 442 мың теңге; Алиханов көш. (Гоголь көш. бастап Төлепов көш. дейін) автожолды жөндеуге – 17 816 мың теңге бөлінген еді.
2010 жылы «Орташа жөндеу» бағдарламасына ұзақтығы 29,2 км 14 автожолды жөндеуге 810 771 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
2009 жылы бюджеттен жалпы ауданы 12000 м2 22 автожолды ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 29 428 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
«Голубые пруды» мөлтек ауданындағы Бала бақша, №77 мектеп, 108 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үй сияқты объектілерге әкелетін автожолдың жұмыстары 4 100 мың теңге сомасындағы ағымды жөндеуі жүргізілді.
2010 жылы «Ағымды жөндеу» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 57 м2 72 автожолды ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 115 102 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
2008 жылы ұзақтығы 2,7 км Майлин-Совхозная көш. автожолды ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 153 739 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
2007 жылы автожолдардың сапалы түрде сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылау схемасына алғашқы ретте «Инженер», яғни инжинирингтік қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және технологиялық көмек) жүзеге асыруды ұйымдастыру енгізілді.
Берілген бақылау жүйесін енгізумен байланысты автожолдарды ұстаудың технологиялық үдерісін қатаң сақтау мен бюджеттік қаражаттардың уақытында атқарылуы қамтамасыз етіледі.
Қажетті жұмыстардың барлығы 14.06.2004 жылы ҚР Көлік пен коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары мен инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің төрағасымен бекітілген №89 «Автомобиль жолдары мен жол құрылғыларын пайдалану барысындағы жұмыстарды санаттаудың нұсқаулығымен» сәйкес жүргізіледі.
«Қарағанды қаласының автомобиль жолдарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына сәйкес 2009 жылы жалпы ауданы 4 753,1 мың м2 195 автожол (807 795,2 мың теңге) мен 171 өтпе жолды (15 747 мың теңге) ұстауға 823 542,2 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
Мемлекеттік стандарттарды орындау мен автокөліктердің бөгетсіз жүруі мақсатында қала аумағы 7 секторға бөлінген еді: «Жаңа қала», «Оңтүстік-Шығыс», «Михайловка», «Майқұдық», «Пришахтинск-Жаңа өзен», ««Алматы-Астана» өтпе жолы», «Әлеуметтік маңыздылығы бар объектілерге өту жолдары».
2010 жылы жалпы ауданы 3 978 784 мың м2 165 автожолды ұстауға 835 270 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
Көлік инфрақұрылымын дамыту
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес көлік инфрақұрылымының дамуы Қазақстан Республикасы дамуының басыңқы бағыттарының бірі болып табылады.
Қарағанды қаласы дамуының генералдық жоспарымен қала аумағындағы 2015 жылға дейінгі көше-жол желісі мен жол жабдықтарын жоспарлы әрі сатылы қайта құрылуы мен жаңадан салынуы қарастырылады. Оған:
- көше-жол желісінің жаңадан салынуы мен қайта құрылуы;
- көпірлер өтпе жолдардың салынуы;
- көшелерден тыс жаяу адамдардың өткелдері құрылысы.
Қарағанды қаласының жол-көліктік схемасының сатылы құрылуы ұсынылады:
1 саты: пайдалануда бар көліктік байланыстар мен оларға жету жолдарын қайта құру, сонымен қатар қаланың әрекеттегі жол-көліктік схемасында жаңа көліктік дәліздерді құру.
2 саты: қаланың «№1 трасса» және «№2 трасса» атты басты жалпықалалық екі көліктік магистралін құру мақсатында падалануда бар жолдарды қайта құру мен жаңа жолдарды салу.
3 саты: қаланың «№1 трасса» және «№4 трасса» атты қосымша жалпықалалық екі көліктік магистралін құру мақсатында жаңа жолдарды салу.
2010-2014 жылдар жобасында келесі көліктік байланыстар салу жоспарланып отыр:
1. «Газалиева –Ключевая» №1 көліктік байланысы;
2. «7 магистраль» №2 көліктік байланысы;
3. «Бұқар-Жырау даңғылы» №3 көліктік байланысы;
4. «Гоголь көш.» №4 көліктік байланысы;
5. «Тепловозная көш.» №5 көліктік байланысы.
Жалпы құны – 34 898 738 мың теңге көлеміндегі барлығы 45 объект салынуы жоспарлануда.
Сонымен қатар қаланың негізгі автомагистральдарын босату мақсатында жаңадан 11 автожолдың салынуы жобаға кіреді. Қарастырылған шығындар көлемі 6 306 213 мың теңге.
«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы шеңберінде және «2015 жылға дейін Қарағанды қаласы құрылысының генералдық жоспарын» жүзеге асыру мақсатында 2008 жылы Қарағанды қаласының көліктік инфрақұрылымының төменде көрсетілген 15 объектісін салудың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭО) шығару үшін жергілікті бюджеттен 83 900 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінген еді:
- 9 көліктік байланыс құруға;
- 2 автожол құруға;
- 2 өтпе жол құруға;
- 1 автокөліктік эстакаданы салуға;
- 1 автокөліктік туннель салуға.
2008 жылы «Бұқар-жырау даңғылы – Ермеков көш.» көліктік байланыс құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын (ПСД) құрастырумен байланысты жұмыстарды жүргізуге 39 000 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
2008 жылы жасалынған жұмыстар ережелерге сай «Мемлекеттік сараптамадан» өтіп, Тапсырушымен қабылданды.
2009-2010жж. Қарағанды қ. «Газалиев көш. – Ключевая көш.» көліктік байланысына өтпе жол салу құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын (ПСД) құрастырумен байланысты жұмыстарды жүргізуге 42 600 мың теңге көлеміндегі қаражаттар бөлінді.
Аялдамаларды жайластыру
Қарағанды қаласы бойынша барлығы 386 күту павильондары бар. Олардың ішінде: 246 бірлігі коммуналдық меншікте; 140 бірлігі жалда және жеке меншікте, олардың ішіндегі 93-і желілік операторлармен (РТС «Деко» АҚ, «Тадиа Про» ЖШС мен «Беркут-Караганда» ЖШС) салынды. Күту павильондарымен жабдықталмағандары 91 бірлікті құрайды. Қаланың орталық көшелеріндегі 128 аялдама бірдей пішінді күту павильондарымен жабдықталуы қажет. Күту павильонының орта құны 2 200 мың теңгені құрайды.
Елді мекендердегі көшелерге жарық өткізу
Бағдарламаның басты мақсаты тұрақты көшеде жарық түсуі мен түн уақытындағы халықтың қауіпсіздігі болып табылады; қаланың сәулеттік ансамблін толықтыратын әдемі эстетикалық пішінін құру; қала аудандарын эстетикалық бейнелеу мен жайластыру. Бұл бағдарламаға: көшені жарықтандырудың жартылай тозған немесе бұзылған тіректерді ауыстыру, шамдарды ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің сымдары мен кабелдерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, көшені жарықтандыратын тіректерді сырлау мен ақбалшықпен сылау.
2009 жылы 10 818 жарық нүктелерін ұстауға, оның ішінде: Қазыбек би атындағы ауданда жалпы сомасы 199 145 мың теңгеге 6 692 жарық нүктесіне және Октябрь ауданында жалпы сомасы 120 287 мың теңгеге 4 126 жарық нүктесіне, сонымен қатар Алматы трассасындағы сыртқы жарықтандыру желілерін жөндеуге 8 534 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген еді.
Бюджеттік қаражаттарды үнемдеу арқасында 9 350 мың теңге сомасында сыртқы жарықтандыру желілерінің электр қуатымен қамтылу бөлімдерін қайта жарақтау жұмыстары 3 тарифтік счетчиктерге өту мақсатында жүргізілді.
2010 жылы Қарағанды қаласы көшелерінің сыртқы жарықпен қамту желілерін ұстау мен қалпына келтіруге және көшелік жарықтандыру декоративтік тіректерін құруға 376 566 мың теңге көлемінде қаражаттар бөлінген еді.
Олардың ішінде: 10 856 жарық нүктесін ұстауға – 325 574 мың теңге, сыртқы жарық желілерін қалпына келтіруге – 9 999,9 мың теңге, көшелік жарықтандырудың 16 декоративтік тірегін қоюға – 40 992 мың теңге бөлінді.
Сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіруге бөлінген 9 999,9 мың теңге сомасындағы бюджеттік қаражаттар шеңберінде 95 жарық нүктесі 4 көшеде орнатылған еді:
- Поспелов көш. – 7 жарық нүктесі;
- Машинисттер көш. – 40 жарық нүктесі;
- Вагонная көш. – 30 жарық нүктесі;
- Республика даңғылынан Орбита мөлтек ауданының шеңберлік өтпе жолына дейінгі автожол – 18 жарық нүктесі.
2011 жылы сыртқы жарықтандыру желілерін ұстаумен 11 095 жарық нүктесін қамту жоспарланып отыр.
Сыртқы жарықтандыру желілерін ұстау бойынша бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарлама атауы
|
Жүзеге асыру уақыты*, мың теңге
|
Елді мекендердегі көшелерді жарықпен қамту
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
|
360 183
|
385 396
|
412 374
|
411 000
|
472 126
|
Достарыңызбен бөлісу: |