«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет51/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Мамытбек Қ. «Баукең айтқан әңгімелер» Жұлдыз 2002 
2. 
«Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі мақал-мәтелдердің 
тәрбиелік мәні.» Ұлт тағлымы.
ЕЛДІК ПЕН ЕРЛІКТІҢ КИЕСІНДЕЙ, БАТЫРЛЫҚ ПЕН 
БАТЫЛДЫҚТЫҢ КИЕСІНДЕЙ ТАУ ТҰЛҒА 
Бекенова Мейрамгул Асылбековна 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарағанды қаласы»№25 ЖББОМ»КММ
Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Бауыржанды төрткүл дүние 
танып үлгерді. Оның қахармандық қайсар тұлғасы және адамзат баласында 
сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен қайсар мінезі 
естіген жұртты тегіс тәнті етті. Оның бірегей болмысының құпиясы неде? 
Бауыржанның дана да дара болмысының, батырлығының несімен ерекше?
Бауыржан жауынгер, әскери қолбасшы. Суретші, жазушы, ақын. Жас 
кезінде Бауыржан мектепте математикадан өте алғыр болған. 
Математиканы жақсы меңгерген Баукең соғыста зеңбіректен оқ ату кезінде 
математиканың ерекшелігін пайдаланып қолдана білген. Алаштың батыры 
Б.Момышұлының өзгелерден даралап тұратын айрықша қасиеті қалам мен 
соғысты қатар ұстауы қай кезде де, ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. 
Мәселен 1943 жылы ажал мен арпалысып жүргеніне қарамастан Қазақстан 
басшыларына майданнан хат жазып, қазақтардың мүшкіл жағдайын 
баяндап тілімізді тұғырлы етуге қатысты ұсыныстар жасайды.Батырдың 
басқалардан айырмашылығы өз ойын ашып, тура айтатын қасиеті болды. 
Оған дәлел:Москвада жазушылар одағында болғанда, Б.Момышұлы сөз 
сөйлейді:М.Әбдіқалықовтың айтуы бойынша: Сіздер жазушы емессіздер, 


115 
«Соғыс» туралы өтірік жазасыздар дейді:алғы шепте біреуіңіз болған 
жоқсыздар қалай соғыстың шындығын жазасыздар деп төтесінен қойып 
қалады.Дәл осылай ешкім көптің алдында тіке бетке айтқан емес еді. 
Ел басына күн туып,тоз-тозы шыққан халықтың етек-жеңін жиып, 
мүддесін қорғаған қаҺарман дара тұлға қызылтаяң сәттерде де, 
қазақтардың намысын бәрінен жоғары қойған, қарсы алдындағы жаудан 
қаймықпаған Баукеннің арманы ол қазағымыздың бас бостандығы мен 
еркіндігі болды. Айта берсек Бауыржан ағамыздың дара тұлғасы ерекше 
соған бір тағы да дәлел; ысқырған жел, қақаған аяз, күндіз толастап жауған 
қар,түтеген боран қардың беті алқызыл қанмен боялған. Герман әскерлері 
қарқынмен Ленинградты,Кремлді жайпап өтті.Панфилов бастаған қалың 
қол бастаған атқыштар дивизиясында Бауыржан подполковник болды. 
Бауыржан үшін Москва түбіндегі шайқас ұмытылмас кезең болды. Талай 
мәрте ажал құрық салса да, оққа ұшқан жоқ,суыққа ұсіген жоқ,ыстыққа 
күйген жоқ. Жаумен 200 рет бетпе-бет келіп, 16 рет қоршаудан өзінің 
таптырмас амал-айласымен сытылып шығып отырды.Кешегі нар тұлғалы 
Қабанбай батыр қартайған шағына дейін 103 рет жекпе –жекке шығып, 
барлығын сұлатып отырса біздің дара тұлғалы батыр ағамыз сол ата-
бабамыздың ерлігін қайталап,біздің қазағымыздың қай заманда болса да 
қаһарман болып қалатынын дәлелдеп берді.Бауыржан 1941 жылы қанды 
соғыста,қызылтаяң кезде тағы бір ерлік көрсетеді. Ну орманда, 
әскерлерімен күндіз тынығып алып, партизандық соғыс жүргізеді. 
Н.И.Панфиловқа жалған ақпарат беріп,өздерінің түгел қырылғандығын 
баяндайды. Бұл алдарқатудан немістер де сеніп қалады. Осылайша 316-
дивизияның 1075 полканың адам шығынсыз қоршаудан алып шығып 
Панфиловтың алдына барады. Панфилов сенер–сенбесін де білмей жас 
сарбаздың ерлігіне тәнті болып көзіне еріксіз жас алады. «Жарайсың, 
Сарбазым, Сұңқарым», - деп арқасынан қағады. Міне, осындай ерлігімен
қысылтаяң кезде қорған болған, тек қана дүрсін сөзбен емес, 
Бауыржанның атын дәріптейтін игі істерімен дәлелдеген, ұрпағымызға 
ұран болған ұлы тұлға.
Қорыта айтқанда, Бауыржан нағыз қайсар өр мінезді, қазағым деп 
жүрегі тулаған ұлтшыл тұлға болды. Жүрегі жайсаң осындай 
қазағымыздың ойласақ ата-бабаларымыздың жолын қайталаған дара 
тұлғалы қайталанбас ерлігімен төрткүл дүниені тамсандырған Бауыржан 
есімізде мәңғі сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет