«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет58/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Назарбаев Н. Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. -2008.-
№55.- наурыз – 1. 
2. Қаратаев М. Шеберлік шынына. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік 
көркем әдебиет баспасы, 1963. - 339-340 б. 
3. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. –Алматы: Жазушы, 1975. 
4.«Мәлік Ғабдуллин феноменін зерттеу және зерделеу мәселелері». 
Қазақстан. – Көкшетау, 25 қараша, 2015.


135 
5. “Ұлы тұлғалар” сериясы – Бауыржан Момышұлы – Алматы: Орталық 
ғылыми кітапхана, 2011 - 3 бет. 
6. Қанмен жазылған кітап.–Алматы, 1944. 
БАТЫР БАУЫРЖАН ТҰЛҒАСЫНЫҢ
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ
 
 
Акынова Нурлыгул Шакеновна,бастауыш сынып мұғалімі 
Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылы 
ЖББ №8 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі, 
(Ресурстық Орталық) КММ 
Аңыз-ертегілерде жаугершілік замандағы елін қорғап, көзсіз 
батырлығымен көзге түскен Ер Төстік, Қабанбай, Бөгенбай сынды 
батырлар сан ғасырлар бойы бесіктегі баладан ержеткен азаматтарға дейін 
үлгі тұтар жандар болғаны хақ. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды 
көрсеңіз» деп айтқан Абай да, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге 
меңзеп тұрғаны көрер көзі ашық, көкірегі ояу жанға тайға таңба басқандай 
анық. Европа ғалымдары адам жетістікке жетіп биікке ұмтылу үшін, сол 
бағытта шыңға шыққан үлгі тұтатын идеал тұлғасы болуы керек деген 
тәмсіл шығарыпты. Бір естіген адамға, екінің бірі айта салатын оңай
дүние, тек бар мәселе сені жетістікке жетелейтін дұрыс тұлға табуында 
болып тұр.
Куба революциясының басшысы Эрнесто Че Гевара, Боливия 
үкіметінің қолына түсіп, 1967 жылдың 9 қазанында ату жазасына кесіледі. 
Дүниеден өткен соң, саналы ғұмырын соғысқа арнаған жанның сөмкесінен 
Александр Бектің Бауыржан Момышұлы туралы жазған «Волоколамск тас 
жолы» кітабы шығыпты. Ал Че Гевароның ағасы революциядан кейін 50 
жыл Кубаны басқарған Фидель Кастро да, «кумирім Бауыржан 
Момышұлы» деп Баукеңді бостандық аралына қонаққа шақыру үшін 
арнайы өзі Мәскеуге келеді. Осы орайда «ағайынды екі революционердің 
қазақтың Бауыржанын үлгі тұтуының себебі неде?» деген сұрақтың туары 
сөзсіз. Бұл сауалға кубалық тағы бір көтерілісші Фернандо Мартинес
«Кубалықтар марксизм мен ленинизмді зерттеуден бұрын «Волоколомск 
тас жолын» оқиды, бұл кітап оларға соғыс әрекеттерін жүргізуде оқулыққа 
айналды» деп жауап қатқан. Әрине, аз ғана қолмен, жұпыны қаруланып, 
мемлекеттің жер қайысқан, мұздай қаруланған әскеріне төтеп беруі қиын 
еді, сондай шақта оларға дивизия командирі Момышұлының екінші дүние 
жүзілік соғыста қолданған әдіс-тәсілдері үлкен жеңіс әкелді, сол себепті де 
ақылы мен көзсіз ерліктері ұштасатын батырды өздері де, ұрпақтары да 
үлгі тұтып, елдеріне шақырып құрметті қонақ қылды, ақыл-кеңесін алды.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ». Кубалықтар төбесіне көтерген 
Бауыржан Момышұлының бағасына жете алдық па? Әрине, халық 
батырын қалай ұмытсын. Алайда бүгін де өскенде Бауыржандай ер жүрек 
сарбаз боламын деп жүрген бала табу қиын-ау! Кейде батыстың 


136 
киносындағы ойдан шығарылған қаһармандарға ұқсаймын деп жүгіріп 
жүрген жеткіншекті көргенде ішің удай ашиды, ашиды да қояды, баланың 
кінәсі жоқ, кінә –Бауыржанның тұлғасын таныта алмаған үлкендерде.
Қиын ештеңесі жоқ, шүкір, Бауыржан да, Бауыржан туралы да жазып 
кетті, айтып кетті, тек соны оқытсақ, қызықтырсақ, баулысақ болғаны.
Жалпы ер баланың қазақта орны ерек, елдің тұтқасын ұстап, жау келсе 
кеудесін тосатын да жігіттер, сондықтан баланың бойында елін сүйетін, 
ұлтын сүйетін мінез қалыптастыру қашанда маңызды. Қылышынан қан 
тамған Кеңес одағы уақытында тегіне Момышев деп жазғызбай, 
Момышұлы болған Баукеңнің бойынан қасқайған қазақы мінезді аңғару 
қиын емес, сол құжатындағы «ұлы» деген сөз Мәскеуді жаудан аман алып 
қалса да, Кеңес Одағының батыры деген атақты дүниеден өткен соң 
алуына себеп болды.
Иә, балаң нағыз ер азамат болсын десең, Баукеңнің тұлғасын таны, 
зерделе. 70-жылдардың соңы, бір газеттің тілшісі Баукеңнен сұхбат алмақ 
ниетте есігін қақпай ма, 20-дан сәл асқан жас жігіт, сол кездің 
«модасымен» шашын иығына дейін өсірген, кең балақ шалбар, салбыраған 
жеңді көйлек киіп барыпты. Жігіттің бедерін көрген Баукең қолына 
мылтығын алып, мынау еркек пе, әйел ме деп үйінен қуып шығады емес 
пе, ертеңінде әлгі жігіт шашын алғызып, дұрыс киімін киіп қайта барыпты.
Бұл жерде Алланың жаратылысына қарсы шықпай, еркектің еркек, әйелдің 
әйел бедерінде қалу керектігін байқаймыз. Бүгінгі қоғамда мылтығымен 
қуалайтын Баукең жетпей ме, қалай? 
Момышұлының бойынан батырлық, ержүректік қана емес
адамгершілік, кемел парасаттың иесі екенін аңғару қиын емес. «Сөз қадірі 
– өз қадірің, өз қадірің – ел қадірі» деген сөзінен-ақ халықтың беделі мен 
болашағына уайым жеген жан екенін білесің. Саналы ғұмырында сөзбен 
ғана емес, жүріс-тұрысымен, ғибратқа толы істерімен де мол мұра тастап 
кеткен Баукең патриоттықтың символы іспеттес. Көптеген орамды ойлары 
мақал-мәтел деңгейіне дейін жеткен, мысалға «Отан үшін отқа түс, 
күймейсің», «Бақаның бағынан сұңқардың соры артық», «Жерге тер төгіп, 
халыққа қан төгіп қызмет ет», «Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген 
артық» деген сынды сөздері күнделікті қолданатын мақал-мәтелге 
айналып кеткелі қашан. Қорыта айтқанда, еліне орасан зор пайдасы тиген 
Бауыржан Момышұлы дүниеден өтсе де, әлі күнге батырдан алар тәліміміз 
орасан. Тек алыбымызды ардақтап, ұлттың ұраны болған Момыштың 
ұлын ұлықтай білсек, келер ұрпақтың санасына сіңдірсек, баба 
алдындағы, болашақ алдындағы, қоғам алдындағы борыштың өтелгені 
болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет