«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет66/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117
№ 4. Кемел тұлға 
Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерілей еніп ұрыс жүргізу 
теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны 
дамытушылардың бірі болды. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында 
адуын да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар 
қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі
зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. Гвардия 
полковнигі Бауыржан Момышұлына 1990 жылдың 12 желтоқсанында  
туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары 
атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де 
келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды. 
Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында 
сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге 
оралады. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. 
Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген- 
білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір 
шындығының 
негізіндегі 
тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың 
оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара 
басылып шығарылды. 
Бауыржан соғыс уақытында "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", 
"Біреулерге", "Омарбекке", "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", 
"Досыма", "Толғау" атты өлеңдер жазған. 1952-1956 жылы "Офицердің 
күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары 
жарық көрді.
Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба 
еліне барады. Куба әскерилерінің алдында дәріс оқиды. Кубаға барған 
саяхаты жайында "Куба әсерлері" атты кітап жазады. Бауыржан 
Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы 
болған. 
1982 жылы 10 маусымда 71 жасына қараған шағында Алматыда дүние 
салады. «Кеңсай» зиратына қойылды. 1990 жылы Кеңес Одағының 


149 
Батыры деген атақ берілді. Шешім 1990 жылдың 11 желтоқсан күні шықты 
[1]. 
ІІІ КЕЗЕҢ. (7 минут) 
Мұғалім бүгінгі сабақты қорытындылайды. Сабақтың басындағы мақсатқа 
қайта 
оралады. 
Даңқты 
қолбасшының 
өмірбаянынан 
маңызды 
мәліметтерді атап өтеді. Кері байланыс жасайды. Әр оқушыға SWOT 
талдау жасау ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет