2.Өшпес іздер...
155
2.1.«Ұшқан ұя» повесі
Бөлім Тақырып Кейіпкерлер
тағдыры
Жазушының
көркемдік
әдіс-
тәсілдері
Бұл тапсырмада оқушы повестің сюжеті мен кейіпкерлері туралы мәлімет
ала отырып, шығарманың көркемдік әдіс-тәсілдеріне талдау жасай алады.
2.2 Оқушы білімін өмірмен байланыстырып, өзіндік көзқарасын
қалыптастырады.
Повестің тәрбиелік мәні неде?
Қазіргі таңда, бейбіт өмірдің батыр адамдары кімдер деп білесің?
Сен жазушы болсаң кім туралы жазар едің?
2.3 Төмендегі кестені толтыру барысында оқушы «Ұшқан ұя» повесінің
сюжетін меңгеріп,
№ Оқиға желісі
Оқиға өрісі
Көркемдік тәсіл
1
Оқиға
болар
алдындағы
жағдаят
Суреттеу, баяндау
2
Оқиғаның басталуы
Диалог, мінездеу, теңеу,
эпитет
3
Оқиғаның өрбуі
Диалог, портрет
4
Оқиғаның шиеленісі
Баяндау, диалог, метафора
5
Оқиғаның шарықтауы
Мінездеу, баяндау
6
Оқиғаның шешімі
баяндау
3. Ескірмейтін естелік
Оқушы тапсырманы орындай отырып, батырдың замандастары туралы
мәлімет алады, естеліктерінен батыр тұлғасына көз жеткізеді.
Автор
Естеліктен үзінді
Батырға
мінездеме
Мекемтас
Мырзахметұлы,
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
...Бір кезде той тарқап, қонақтар қамымен зыр
жүгіріп жүрген мені қасына шақырып алып:
- Әй, доцент, сен қағазқұмар жансың ғой, мә,
саған осы лайық, - деп ақын Хамаң сыйлаған
өте сәнді қойын дәптерін маған берді...
...Мұрағатқа тапсыратын қағаздарды ақтарып
жүріп, көптеген арнау өлеңдерді қызыға
оқыдым. Оларды көшіріп алу үшін Баукеңнен
рұқсат сұрап едім:
- Әй, доцентсің бе, пациентсің бе өзің?! Екі
тізгін, бір шылбырды қолыңа ұстаттым ғой,
маған не дейсің? - деп күж ете түсті. Содан
соң:
Қадірін білмеппін деп тірісінде,
Жылайды сорлы доцент мен өлгенде, - деп өз
мақамына салып өлеңдетіп кетті... Темекісін
Қонақжай,
жомарт,
дархан,
ақын
156
тартып тұрып: - Әй, доцент түсіндің бе?
Түсінбесең өз обалың өзіңе! – сұқ саусағымен
мұрағат қағаздарын нұсқады. Баукеңнің
мұнысы – ұрыс емес, айналайынға бергісіз
көңіл күйі...[5 б.]
Құрманбек
Сағындықов
«Аса интернаты»
...Орта мектепті бітіргенге дейін Бауыржан
екеуміздің жұбымыз жазылған емес. Бесінші
сыныпқа көшу үшін емтихан тапсырдық. Мен
бірінші
есепті
тез-ақ
шығарғаныммен,
екіншісіне келгенде кібіртіктеп қалдым. Бір
кезде қасымда отырған Бауыржан:
- Мен шештім, - деп дауыстады.
Меңгеруші мен мұғалім:
- Екеуін де ме? - деп жарыса сұрады.
- Екеуін де.
Тексере келе Бауыржанның шешімі дұрыс
болып
шықты.
Сонымен,
Бауыржан
арифметикадан, мен диктанттан үздік баға
алып, бесінші класқа өттік....[17б.]
Досқа адал,
жауапты,
тиянақты,
есепке
жүйрік,
білімді
Сәуірбек
Бақбергенов
жазушы
«Жауынгер аға»
...Комбат... Бұл - мыңбасы. Мың қолды
бастаған отыз бір жастағы Момышұлы –
Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір
адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып,
өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін
ерлікпен, өжеттілікпен, қаймықпай бұзып
өтті...[40 б.]
Намысшыл,
батыл, өжет,
қайсар
... Ар жақтан әлдене айтылып жатты. Бір кезде
сіз сөйледіңіз: - Жолдас генерал, мен алғы
шепте, ұрыста, солдаттардың арасында боп
үйренген адаммын. Мұның үстіне халықта
мақал бар. «Қала жігітінің алды болғанша,
ауыл жігітің алды бол» деген. Мені
қинамаңыз, қозғамыңыз! Ал үлкен қызмет
беремін деп сенім көрсеткеніңізге көп рахмет!
Сіз телефонды қойып, сыртқа беттедіңіз. Біз
кейін естідік. Сізді корпус командирі өзіне
орынбасар болуға шақырған екен... [42б.]
Мансапқа
құмарлығы
жоқ,
солдатты
сүйетін,
нағыз
кішіпейіл
батыр
И.М.Глушко,
генерал-
полковник,
әскери
ғылымдардың
докторы
...Момышұлының дәрістерін қызыға, асыға
күтетінбіз.
Ол
кезкелген
материалды
конспектіге қарамай-ақ көбіне схемаларды
пайдаланып
түсінікті
етіп
жеткізетін.
Тактиканың күрделі мәселелерін талдай
отырып, біздерді біртіндеп өз бетімізше ойлай
білуге
баулыды...
Біздің
академияда
Полковник.
Ұлағатты
ұстаз,
қарапайым,
әділ,
ақжарқын
157
«Академия
қабырғасында»
полковник Момышұлын тыңдаушылар
қарапайымдылығы мен ойын бүкпесіз ашық
айтатындығы үшін, әділдігі мен ақжарқын
мінезі үшін жақсы көретін. Ол Панфилов
дивизиясы жүргізген ауыр ұрыстар жөнінде,
қарулас жолдастарының ерліктері туралы
әңгімені
ерекше
қызықты
етіп
айта
білетін...[50б.]
Аманкелді
Ормантаев
«Домбырадағы
қолтаңба»
... Баукеңнің түсі жылыды.
- Дұрыс. Асау өзенді бағындырғандардың бірі
болдың ғой. Келін бар ма?
- Бар, Бауке. ЖенПИ-дің бір сұлуын ала
кеткенмін.
- Балаларың ше?
- Бір ұл, бір қызымыз бар.
- Дұрыс. Әй, - деді кенет дауысын қатайтып, -
балаларың қазақ тілін біле ме?
- Біледі, Бауке. Үйде қазақ тілінде сөйлейміз.
- Дұрыс. Мен орыс тілін білмесін деп отырған
жоқпын. Ана тіліңді естен шығарғаның өз
туған анаңды ұмытқаның.
Баукең ойланып қалды...
... Домбыраның шанағына Баукең былай деп
жазыпты: «Бүкіл ел болып асау өзенді
бағындыру кезінде өз үлесін қосқан Сержанға,
келінім мен немерелеріме! Бақытты болыңдар!
Туған жеріңнің абройын әрдайым жоғары
ұста!
Бауыржан Момышұлы»
[176-177 б]
Тіл
жанашыры,
туған
жерінің
абыройын
ойлайтын
елжанды,
Отанына
адал жан
Осы іс-шара арқылы оқушы батырмен қатар жүрген замандастарының,
көзкөрген ізбасар інілерінің, балаларының тартымды баяндалған сырларын
оқып, талдап, батырдың азаматтық, ерлік тұлғасына көз жеткізіп, өз
бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялатып, өмірге деген
көзқарасын қалыптастырады. Әрбір ұстаз Бауыржан атамыздай өз
қызметін адал атқарып, елге, ұлтқа жанашырлықпен қарап, ұрпаққа өнеге
болар ұлы тұлғаларымызды үлгі етіп, жан-жақты, тиімді тәсілдермен әр
сабағын қызықты да пайдалы өткізсе ұлттық құндылығымыз дамып,
рухты да білімді ұрпақтарымыз өсіп-жетілері сөзсіз. Осындай іс-шара
мектепте жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар.
Достарыңызбен бөлісу: |