«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет75/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117
Түрі: пікірталас 
Әдісі: шолу, брейн-ринг, сұрақ-жауап, пікірталас. 
Көрнекіліктері: Б. Момышұлының портреті, интерактивті тақта, «Ұшқан 
ұя» повесінен үзінділер мен суреттер. 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
1. Сабақтың мақсатын хабарлау, ерекшелігін түсіндіру, топтарға бөлу
2. Сабаққа бейімдеу «Екі жұлдыз, бір тілек» (Әрбір оқушы бүгінгі 
сабаққа арнап, бір-біріне тілек айту) 
3. Топқа бөлу (боялған асықтар арқылы топқа бөлу) 
І топ: «Әдебиетшілер»
ІІ топ: «Зерттеушілер» 
ІІ. Барысы:
Бауыржан Момышұлы. «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық 
даналығы. 
Эпиграф:
Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен, 
Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен. 
Халқымның қарапайым бір ұлымын 
Жанымды арым үшін құрбан еткен. (Б.Момышұлы) 
Бейнеклип: Бауыржан Момышұлының жеке сұхбаты (тыңдалым) 
1. Шолу 
1. «Қаһарман батыр – Бауыржан» (өмір жолы). Көзінің тірісінде-ақ аты 
аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы не білеміз? 
2. Жазушының шығармалары, әңгімелері туралы. Жазушы туралы 
естеліктер, арнаулар, өлең жолдары. 
3. Батырдың тегі, ұрпақтары туралы білеміз бе? 
4. Бала Бауыржаннан Батыр Бауыржанға дейін. (Соғыс жылдарындағы 
ерліктері мен жетістіктері). 
5. Бауыржан Момышұлы кім? 
6. Бауыржан Момышұлы қашан, қай кезде дүниеге келді? 
7. Көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы туралы 
не білеміз? 
10. Батырдың тегі, ұрпақтары туралы білеміз бе?
11. Батыр атамыздың алған білімі туралы не айтар едіңдер? 
12. Еңбек жолын қай мамандықпен бастады? 
13. Жазушының қандай шығармалары, еңбектері бар? 
14. Жазушы туралы естеліктер, арнаулар, өлең жолдары. 


164 
15. Соғыс жылдарындағы ерліктері мен жетістіктері 
16. Б.Момышұлының 100 жылдық мерей тойы қашан аталып өтті? 
17. Жазушының неше томдық шығармасы шықты, қашан? 
Тақырыпқа бағыттау: Бейнеклип «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері» 
Мұғалім сөзі. Оқушылар мына бейнеклипте нені тамашаладық?
Қазақтың ауылы. Ата-әжелер жиналып, шілдехана тойын тойлап жатыр. 
Ауыл ақсақалдары бата беріп жатыр... 
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» 
повесіндегі ұлттық тәрбие, Бауыржан өткен даналық мектебі туралы
нақыл сөздері туралы қазіргі салт-дәстүрлерімізді салыстыра отырып сөз 
етеміз. Рас, жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Әрине, 
қазақ топырағында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болмаған. бірақ 
олар-дың ешбірінің даңқы алты алаштан әріге асып көрген емес. Ал, 
Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның 
қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық 
ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген 
жұртты тегіс тәнті етті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет