«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет17/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   117
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Ұлы тұлғалар» Б. Момышұлы. ҚР Білім және ғылым министрлігі. 
Орталық ғылыми кітапхана. Алматы.2011ж. 
2. Бата.Б.Момышұлы. Алматы. 2 томдық шығармалар жинағы. 1968жыл. 2-
ші том. 180бет.
3. Қайырхан Жарылқасынұлы. «Б. Момышұлының рухани мұрасындағы 
этномәдени дәстүрі, білім беру және тәрбие мәселелері»
ҒИБРАТТЫ ӨМІРДЕН БІР ҮЗІК СЫР
Ануар Ақнұр, 10 «В» сынып оқушысы,
Қарағанды қаласы 
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Есенжолова А.О. 


44 
Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің қайталанбас 
дара тұлғасы Бауыржан Момышұлы ғажайып сырға толы өмір жолы мен 
ерліктері бар жұртқа аян. Содан болар, ақиық қыранымыз Бауыржан 
момышұлы жайлы сан тарапты пікірлер айтылып, талассыз жазылып келе 
жатқан мақала, зерттеу кітаптар қаншама! Алайда, ел алдында қаһарман 
бейнесі көбіне оның батыр стратег, талантты жазушы не лидер ретінде 
ғана көрмек. Сондықтан Бауыржан атамызды сүйікті перзент, дос, жұбай, 
әке ретінде талдау бүгінгіде маңызды болып танылады. 
Мұхтар Әуезов атап өткендей, Бауыржан Момышұлы – «тектілердің 
ұрпағы». Оның салмақты мінезі мен салқынқандылығы, жан жомарттығы 
мен кішіпейділігі – бәрі-бәрі әке тәрбиесінен десек, қателеспейміз. 
Анасынан ерте айырылған бала Бауыржан әжесі Қызтумастан аналық 
ыстық махаббат сезіне алды. Бұл екі жан Бауыржанның халқына адал, ісіне 
шебер азамат болып өсуіне бірден-бір себепші болғаны жазуышының 
өзімен расталады. Мектеп қабырғасында үздік атанып, 
1921 жылы 
Бауыржан Момышұлы Аса интернатына оқуға түседі, кейін 1924 жылдан 
бастап Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепке ауысады. Ол 
Құрманбек Сағындықов және Әбділда Тәжібаевпен мектеп қабырғасында 
бірге білім алған. Сол бір шақтардағы жақын жолдастарының біріне 
айналған Құрманбек Сағындықов олардың интернаттағы өмірі, екеуінің 
жарасымды достығы мен оқуы жайында жүрек елжіретер «Ең аяулы досым 
менің» деген естелік басып шығарады. Аталған естеліктен бірнеше үзінді 
келтірсек:
«...Міне, нақ осы сәттен бастап орта мектепті бітіргенге дейін біздің 
Бауыржанмен жұбымыз жазылған емес. Сабақ оқитын партамыз бір болды, 
асханада бірге отырып, дәл бір мезгілде тамақтандық, ұйықтайтын 
төсегіміз қатар тұрды, әсірелеп айтқанда, әрқайсысымыз егіздің 
сыңарындаймыз, әрі арамыздан қыл өтпестей тату болдық, бір үзім нанды 
бөліп жеп, бір жұтым суды бөліп іштік...» 
Және «Екеуіміздің де сабақ үлгеріміміз де, әртүрлі пәндерден алған 
бағаларымыз да жақсы болып жүрді, тек Бауыржан арифметикадан, мен 
қазақ тілінен әрдайым үздік баға алатын едік. Біз 1923 жылы апалы-сіңлілі 
екі қыз – біздің тәрбиешілеріміз Лена және Машаның – ақыл-кеңесі 
бойынша жас ұландар (пионерлер) қатарына өтіп, мойнымызға қызыл 
галстук тақтық...» деп жазады ұлы батырдың бала күнгі жан жолдасы.
Жоғарыда берілген шығарма үзінділеріне кішігірім талдау жасасақ, 
Бауыржанның адал әрі кеңпейіл дос, әркез жаныңнан табылар серік 
екендігіне күмән қалмайды. Қорғай білетін, қорғай білетін жанашыр бала 
Бауыржан осылайша тек Құрманбек жолдасына ғана емес, басқа да мектеп 
оқушыларына қымбат болды. Шыныменен, аяулы дос образы тұлғаның 
ерекше қарапайымдылығы мен табиғатынан ашық мінезіне тікелей 
байланысты.
1928 жылы орта мектептен білімін алғаннан кейін де екеуінің жұбы 
жазылмай, бір жолмен жоғары оқу орнына аяқ басып, Орынбор 


45 
қаласындағы 
қазақ 
педагогикалық 
институтында 
білім 
алуды 
жалғастырады. Алайда көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты 
ауылына қайтуына тура келеді. Институт директоры Тоқтыбаев оның 
суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, бухгалтерия арқылы қағаз 
жаздыртып береді. Кейін осы жазылған қағазбен студент Бауыржан ақша 
алып, ауылына қайтады.
Отбасы мен жеке өміріне тоқталатын болсақ, Бауыржан Момышұлы 
өмірінде бірнеше рет шаңырақ көтеріп ажырасқаны белгілі. Бірінші әйелі 
Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы дүниеге келген. Ұлы 
да жазушылықпен айналысқан. Ал екінші әйелі Вера Строева батырдың 
әдебиетке келуіне себепші болады. Бұдан кейін Клавдия Коркина есімді 
сыған қызымен отау құрып, одан Елена есімді перзент сүйеді. Тағы бір 
әйелі Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге болған. Жалғыз ұлының 
әйелі — Зейнеп Ахметова Бауыржанның келіні. Ол қазақы дәстүрлерді әлі 
күнге дейін насихаттап, қайын атасы туралы естелік кітаптар мен 
мақалалар жазды.
Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» атты естелік романы іші 
беймәлім, ел білмес сырға толы сандыққа ұқсайтын Баукеннің жан 
дүниесін ақтарып, қаһарманды басқа қырынан танытады. Бұл туындының 
ерекшелігі – Зейнеп ханым «үйдің» Бауыржаны мен «сырттың» 
Бауыржаны арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көрсетеді және 
оның қайың ата ретіндегі рөліне баға береді. «Қайын атам менен әркез 
оның көздеріне тура қарауды талап ететін. Бұл маған қиынға соғатын: 
атамның көздерінде жалындап от ойнаушы еді» дейді келіні. Бауыржан 
Момышұлы секілді ұлы әрі көпті көрген тұлғалардың шаңырағына түсу 
оңай еместігі де айдан анық. Бәріне белгілі Баукеннің қаталдығы мен 
бұйрықшылдығына сәйкес келіннің көпке баулып, көпке үйренуіне тура 
келеді. Алғашқы әрі ең есте қаларлық оқиғалардың бірі келіні үшін 
мынадай болды – жазушының жеке кабинетіндегі дүниенің бәрі астан-
кестен болып жатқанын байқаған жас Зейнеп үстелін сәл реттеп қойғаннан 
кейін, атасынан ырзалық күтсе де, Бауыржан Момышұлына мұндай 
«көмек» көңілінен шықпай, Зейнепке енді оның жазу үстелін жинауға 
рұқсатын бермепті, тіпті жас баланы жылатып та алыпты. Кінәсін өзінен 
көрген Зейнептің кешірім білдіргеніне ол сәл күлімсіреп, «мой беспорядок 
– это и есть мой высший порядок» деп қысқа жауап береді. «Бұл үйдің 
табалдырығын өзіме сенімсіз, олақ әрі тым аңқау бала болып аттасам да, 
уақыт өте келе, шыдамымды шыңдап, үлкен даналыққа кенелдім. Атам 
менің әркез өскелең ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеуде зор құлшыныс 
білдіретін, мұндай адамнан тәлім алу мен үшін Алланың сыйы болды» -деп 
еске алады. Міне, осындай құнды өмірлік тәжірибе үшін Зейнеп Ахметова 
өзінің сүйікті атасына деген алғысы шексіз. 
Адамды толық танып білу үшін жылдардың өзі жеткіліксіз. 
Бауыржандай тұлғаны толығымен танып білу үшін ғасырдың өзі қысқа 
болмақ. Бұл өз кезегінде түрлі тарихшы, профессорлар, батырдың 


46 
әріптестері мен жақындарынының жазған көптеген деректер, зерттеулер, 
мақалалар мен естеліктердің жарық көруіне тікелей әсер етеді. Қазіргі 
таңда Бауыржандай халық адамының тарихы әлі күнге дейін өз 
өзектілігінен айырылмай насихатталуы болашақ ел қорғаны болар 
азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы
болып табылады.
«Егер сен халықпен болсаң, ешқашан жалғыз қалмассың. Егер де 
халықпен бір жолға түссең – адаспассың... Халық жанарынан ешнәрсе 
жасыру мүмкін емес, сондықтан халқыңа адал да әділетті бол, олардың 
алдында басыңды ій» - деуі дана да батыр бабамыз Бауыржан 
Момышұлының елінің адал ұлы болып, биік адамгершіліктің, намыс пен 
қайсарлықтың символы болып, бүгінгі ұрпақ есінде мәңгі қалуының сыры 
осында жатса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет