«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет3/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
«Батырлыққа тағзым» атты танымдық мұражай жабдықталуда. 
Аймақтық деңгейде «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім - 
Бауыржан Момышұлы» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік 
конференция өткізілу жоспарлануда. Батырға арналған әндер байқауы, 
жоба қорғау, интеллектуалдық сайыстар, сыныптан тыс іс-шаралар, ашық 
сабақтар, «Bookcrossing» - «Білімнің көзі - кітапта» жобасы - кітап 
әлеміне саяхат жасайтын жаңа волонтерлік қозғалыс: Б.Момышұлының
«Ұшқан ұя» хикаятындағы отбасылық құндылықтар»
, Бастауыш
сыныптарда «REАDx» жобасы бойынша Б.Момышұлы жайлы жазылған 
шығармалардан сахналық қойылым, әр апта сайын өткізілетін 
«Ұшқан ұя» 
танымдық клубының жұмыстары 
т. б іс-шаралар өткізілуде. 
Біздің бүгінгі күндегі басты мақсатымыз - қ
азақ батыры Бауыржан 
Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттай отырып, 
оқушылардың бойында Отанға деген, өмірге деген сүйіспеншілік 
сезімдерін арттыру. Ол кісінің ерлігін үлгі ету.
Н.Ә.Назарбаев: «Отанға 
деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің 
аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. Отанын Бауыржан 
Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ», - деп 
айтқандай, Бауыржан Момышұлының отаншылдығы патриоттық тәрбиеде 
баға жетпес құнды құрал болып табылады. 
ПЛЕНАРЛЫҚ БАЯНДАМАЛАР 
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ 
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 
ЖОЛДАРЫ 
Кошанов Женис Рымбекулы,
Талғат Бигелдинов атындағы 
 республикалық әскери «Жас ұлан» мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы 
Дана халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген қанатты сөз бар. 
Туған жері мен Отанын қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа 
қалдырған өшпес өсиеті, қасиетті дәстүрі.Сан ғасырдан бері қазақ 
халқының тәрбие жөніндегі өнегелі сөздері мен істері, тұрмысы, 
мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі, отансүйгіштік сезімнен бастау алады. 
Өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ қазақ халқындағы небір шешен, 
ақын, жыршы, батырларымыздың, қара қылды қақ жарған билер мен 
қазылардың атадан балаға мирас болған тәлімін көреміз. Қазақ халқы 
білектің күшімен, найзаның ұшымен елдің елдігін сақтап қалу үшін күресе 
отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын 
ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп беріп отырды. Бала жанына туған жер 
ұғымын ертеден бойына сіңіріп, оны Отан, ел-жұрт ұғымдарымен 
байланыстырып отырған. Соның бір айғағы қазақ халқының батыр ұлы, 
даңқты қолбасшы, ұлтымыздың мақтанышы, қаламды қару еткен 



қайраткер жазушы – Бауыржан Момышұлы патриоттық тәрбиенің нағыз 
қайнар көзі отбасынан басталады деген. Мысалы: «Отан отбасынан 
басталады», «Отан оттанда ыстық», «Елің үшін отқа түс күймейсің» деп, 
әрбір жас ұрпақ үшін атап көрсеткен.
Бауыржан Момышұлы шығармалары мектеп оқушыларының рухани-
адамгершілік тұрғыда дамуына игі әсерін тигізіп, патриотизмді 
қалыптасырудың ұтымды факторы болып табылады. Себебі, ол әдеби 
бейнелер арқылы оқушыларды өз Отанының мүддесі үшін, үлгі 
боларлықтай жоғары деңгейде қызмет етуге баулиды, туған жерін, елін, 
мәдениетін, салт-дәстүрін сүйе білуге, оларды келешек ұрпаққа жеткізе 
білуге үйретеді. Жазушы «патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке 
адамның аман-саулығы, қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей 
байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті 
нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын 
айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке 
адаммен барлық жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен 
қарым-қатынасын біріктіреді», - дей отырып, «Ұлттық мақтаныш сезімі 
дегеніміз белгілі бір немесе басқа ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш 
сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт 
адамы үшін бұзылмас заң» - деп, ұлттық патриотизмнің негізгі қасиетін 
атап көрсетеді. Бауыржан Момышұлы – ержүрек жауынгер, атақты 
қолбасшы, әскери жазушы. Ең бастысы – әр ісімен, көзқарасымен, бар 
болмысымен қазақтың намыстан жаралған ел екенін мойындата алған 
тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-ақ есімі 
аңызға айналды, даңқы әлемді шарлады. Ұлтжандылықтан жаралған 
батырлық бейнесі тарих беттерін аралап, жыл өткен сайын «тот баспас саф 
алтындай жарқыраған» ерлік жолы ұрпақ жадында сақталып, әдебиетіміз 
бен мәдениетіміздің қаһарманына айналды. Өзі үшін емес, халқы үшін 
бейбіт өмірде де күрестен, елдік мәселеде табандылық танытқан 
Бауыржан Момышұлының өрлік бейнесін Қасым ақын былай деп 
жырлайды: 
Нақ сол кезде естідім ер дүбірін, 
Атағы атын алып келді ел бұрын
Үстінде туған елдің тұрды толқын 
«Бауыржан Момышұлы» - деген бір үн. 
Бауыржан Момышұлы әділ, өткір, шыншыл, қырағы, айбынды, арлы, 
рухы күшті әскери басшы. 
Қазақ халқының жауынгерлік салт-дәстүрі, жаужүрек батырлығы мен 
ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық, қабілет қарымы, әскерлерді ерлік 
жасауға жұмылдыра білу қасиеті, шешендігі мен әмір ете білушілік 
құдіреті ешбір тұлғада дәл Момышұлындай көрініс таба алған жоқ.
Полковник Б. Момышұлы бұйрықты орындаушы ғана емес,әскери 
тақырыпта қалам тартып,әскери терминдер мен ұғымдарға қазақ тілінде 
түсініктеме берген тұлға еді. 



Бауыржан 
Момышұлының 
қол 
бастаған 
батырлығы 
мен 
интелектуалды ой-сананың да айтулы еріне айналған даңқы бүкіл Одақ 
халқы мен күллі әлем жұртшылығына тұтас жайылуымен дараланды. 
Сондықтан да, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау, оны үзбей 
атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жалғастыру – педагогика 
ғылымында тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі. Бауыржан Момышұлының 
патриот азамат ретінде қалыптасуы, қоғамдық-саяси істерге араласуы 
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар 
Рысқұлов сынды ұлт зиялыларынан бастау алып, Мұхтар Әуезов, Сәбит 
Мұқанов, Қаныш Сәтбаев секілді асыл азаматтардың қасында өтті. Демек, 
оның азаматтық тұлғасы өзіндік сананы ұлттық санаға ұластырудағы биік 
парасат өлшемімен көрінеді. Б.Момышұлы қайсыбір саяси, мәдени, әдеби 
жиындарда болсын, еркін сөйлеп, өз ойын ашық айтып отырған.
Б. Момышұлы туған халқының дәстүрін, тілі мен дінін құрмет
тұтқан. «Жаным – арымның садағасы», «Халқым үшін қасықтай қаным 
пида - деп, жанып тұрған отқа талай түстім». «Өз халқын құрметтеп, 
сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» деген сөздері осының айғағы. 
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-
бабамызды, тарихымызды ұмыту...Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге 
ауылдың тауын қадірлемейді», - дей отырып келешек ұрпаққа үлгі-өнеге 
қалдырған.
Отаншылдықтың, ата-ана мен туған-туысқа деген бауырмалдық пен 
сыйластықтың арасында осыншама ерлік жасап, бүгінгі күнде аты аңызға 
айналып, халық құрметіне бөленген Бауыржан Момышұлының осы 
тәлімінен жастарымыз үлгі алып жатса, қазақтың қазақтығы ғасырлар 
көшінен қалмасы анық.
Бауыржан Момышұлы шығармаларында ұлттық рухтың жоғары 
болуына бірнеше еңбектерінің жарық көруі, мәселен, «Қанмен жазылған 
кітап», «Ұшқан ұя», «Төлеген Тоқтаров», «Генерал Панфилов», «Москва 
үшін шайқас», «Ел басына күн туса» туындылары арқылы оқушыларға 
патриоттық тәрбие беруде мүмкіндіктері мол. Өйткені, ол біріншіден, жас 
ұрпақты тәрбиелеуде, адамгершілікке баулудың басты құралы, рухани 
дүниесі байиды, ниет-танымы, өмірлік көзқарасы қалыптасады; екіншіден 
ұлттық тәлім-тәрбие, отбасы тәрбиесімен салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптарға бай 
тарихи мұра; үшіншіден, Ұлы Отан Соғысында жанқиярлықпен соғысқан 
ұлдарымызбен қыздарымыздың бейнесін және ерен ерліктерін жаңғыртуға 
мүмкіндік беретін танымдық мұра.
Бауыржан Момышұлы нағыз патриот! Ол өзінің сөздерінде:«Ұлттық 
рух – асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы 
көркеуделік.Интернацоналист болу үшін ұлттық рух пен ұлтшылдықтың 
арасын ажырата білу керек». 
Қорыта келгенде, Бауыржан Момышұлының шығармалары арқылы 
жас ұрпақтың отансүйсіштік санасын, ұлттық сезімін, отансүйгіштік ой-
өрісін көтеру үшін әр қырынан оқыту болашақтың еншісінде. Жаңа 



әлемдегі жаңа Қазақстаннның бәсекеге қабілетті болашақ ұрпағын 
тәрбиелеуде, Бауыржан Момышұлының шығармалары ұлттық рух пен 
алып күш беретін құрал болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет