«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет5/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. А.Бек. Арпалыс. Алматы қаласы, 1994 жыл. 
2. Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог. ІІ том. Алматы қаласы, 
«Жазушы» баспасы, 1992 ж. 
3. «Қазақстан тарихы» журналы. №4. 2003 жыл. 
 
Секция 1. Алмас қылыштай өткір де, қайсар, дана да дара тұлға 
АЛМАС ҚЫЛЫШТАЙ ӨТКІР ДЕ ҚАЙСАР, ДАНА ДА ДАРА ТҰЛҒА 
 
Битимбаева Қарлығаш Оразбековна 
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, 
Жалпы білім беретін №82 орта мектебі 
 
«Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі» 
бұл керемет сөздер Кеңес Одағының Батыры,Ұлы Отан соғысының
ардагері, дара тұлға Бауыржан Момышұлына тән.
Адамзат баласы жер бетінде пайда болғалы бері көптеген 
оқиғаларды басынан кешті. Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымызға 


13 
дейін жер бетіндегі халық қалыптасу процессін басынан кешірді. Әлемдік 
тарихта Бауыржанның орны ерекше. 
Бауыржан Момышұлы Оңтүстік Қазақстан Жамбыл облысының 
Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған, анасынан ерте айырылып 
жас кезінде көп қиыншылық көрген. Орыс мектебін алғашқылардың бірі 
болып бітірген. Кейін мұғалім, экономист, прокурор болып қызмет 
атқарды. Жас кезінде Чапаевты үлгі тұтқан, киімін, папахасын алып жүрді. 
Соғыста аса жоғары талап қою өзіне, басқаға да қатаң тәртіп сақтай білуі 
көп көмегін берді. 
Бауыржан Момышұлы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен 
генерал И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-
атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанды. Соғыстың соңы 
жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы 
кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап 
шықты. Бес рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-
есен дивизиясына оралды. Ресейдегі Волоколамск, Грюнь, Крюкова, 
Бородино, т.б. қала, деревня үшін болған қырғын ұрыстарға 9 рет асқан 
ерлік үлгісін көрсетті. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, 
шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып, әскери жарғыға енуі, 
тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы-
оның осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның 
қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста 
полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен көрінді.
Бауыржан Момышұлы-әскери педагогика мен әскери психологияны 
байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, 
батырлығы Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабынан толық 
байқауға болады. Бауыржан атамыздың айтып кеткендері жетерлік. Батыр 
атамыздың әрбір айтқан ұлағатты сөздері біздер үшін, жас ұрпақ үшін өте 
қымбат.
Ең үлкен бақыттың бірі - Отанына, еліне, халқына қадірлі болу. Қай 
заманда болмасын, ер азаматтың қадірлі болмағы ел-жұртын жаудан 
қорғап, айрықша ерлік көрсетіп, халқының қамын ойлап, елі үшін ерекше 
еңбек сіңіріп, ерлігімен көзе түсіп, даңқ пен абыройға кенеліп, халқының 
сүйіспеншілігіне бөленуден көрініс табады.
Ақылды, жігерлі, адал, шыншыл, ержүрек, қайсар мінезі 
жолдастарына, жауынгерлеріне үлгі болды. Панфилов девизиясына және 
командир батальонына қатал тапсырма берілді, бұл- Волоколам тас жолын 
қорғау. 700 адам қол астындағы адамды қатыстырып 8 километр жерді 
Мәскеуге дейін қорғау. Бұл өте қауіпті орын. Аман-есен сақтау үшін 
шабуыл жасау керек. 
Осы қиын-қыстау кезеңде Момышұлы асқан шеберлікпен, жаңа 
тактиканы қолданып, немістерді алдап, берілген тапсырманы бұлжытпай 
орындады. Командирдің қойған мақсаты «Біз барлығымыз тірі қалуымыз 
керек!». Жауынгерлер өз командиріне сеніп, көп жеңістерге жетті. 


14 
Қайсарлық- бұл Баукеңнің мінезіндегі ерекше қасиеті. 1941 жылы 18 
қарашада генерал Иван Панфилов қаза тапты. Дәл осы кезде дивизия 
жауынгерлеріне командир Момышұлының мықты , бірбеткей, сабырлы 
мінезі жігер ұялатты. Ол әрқашан жақсы дос, ұстаз, қатал командир бола 
алды.Қай тапсырма болмасын Бауыржан және батальоны тапсырманы 
дұрыс, нақты орындап Отанын адал қорғады. 
Соғыстан кейін 45 жасында Бауыржан атамыз отставкаға шығып, 
көрген, естіген білгенін қағазға түсіргісі келді. Бауыржан Момышұлы 
қазақ әскери әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі. Генерал 
Панфиловтың, достарының , соғыста қаза болған жауынгерлердің арман-
мақсатын орындап, келешек ұрпаққа өнегелі, тәрбие тағылым бере алды.
«... Көзінің тірісінде-ақ өмірі аңызға айналған халқымыздың қаһарман 
перзенттерінің бірі Бауыржан Момышұлы туралы әлі толық айтылып та, 
жазылып та біткен жоқ. Филология ғылымдарының докторы,профессор 
Мекемтас Мырзахметов Жамбыл облысына орнығып, Мұхаммед Хайдар 
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі 
атанғалы бері атқарған көптеген сүбелі еңбектерінің бірін, міне, осы батыр 
мұрағатындағы сарғайған құжаттарды жинақтап, көптомдық әзірлеуге 
байланысты жасап жатыр десек, артық айтқандық емес. Бұл үшін ғалым 
алдымен университет қабырғасынан Бауыржантану ғылыми орталығын 
ашты.... – Бауыржан Момышұлы, сөз жоқ, батырлығына қаламгерлігі сай 
тарихи тұлға. Әрине, көзсіз батыр емес, алды-артын ақылмен, оймен 
барлай білген бірегей берен. Бірақ Баукең айтыпты дегенді көп 
естігенімізбен, «Офицер жазбалары», «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас» 
және сексенінші жылдары жариялана бастаған «Қанмен жазылған 
кітабымен» таныс оқырмандар батырдың мұрағатында бұлардан басқа да 
осыншама мол қазына қалғанын біріміз білсек, біріміз білмейміз. 
Бауыржан Момышұлы-әдеби және әскери өнерде артына 
қайталанбас ұлан-ғайыр рухани мұра қалдырған бірегей қаламгер. Оның 
қазақ және орыс тілінде жазылған төрт томға жуық шығармалары бүгінде 
қалың оқырманның игілігіне айналуда 
Баукең атақ-даңқтан кемде жан емес. Ол Кеңес дәуіріндегі 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл 
Жұлдыз, Кеңес Одағының батыры » сынды орден-медальдармен 
марапатталып, халқының шын мәніндегі Қаһарман ұлына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет