«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм


Серебряков (қарт генералға). Жолдас генерал, қол қоюыңызға даяр (бір  жапырақ қағазды ұсынды).  Қарт генерал (



Pdf көрінісі
бет99/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   117
Серебряков (қарт генералға). Жолдас генерал, қол қоюыңызға даяр (бір 
жапырақ қағазды ұсынды)
Қарт генерал (Орнынан тұрып, еңкейіп оқып, қол қойды да, Бауыржан 
Момышұлына қарап). Соғысқа батальонмен жиырма жеті рет кіріп, дұрыс 
ұрыс өткіздің. Бес рет дұшпанның қоршауынан қақ жарып алып шықтың. 
Қырғын соғыста сан рет сыннан өттің. Жас та болсаң, әскер атағын кіші де 
болса сеніп, жоғарылтып жаңа орынға тағайындап отырмыз. Барлық қызыл 
әскердің ішінде полкты басқарып, командир болған жалғыз сен-ақ деп айта 
алмаймын, бірақ та біздің армияда сеннен басқа полк командирі, аға 
лейтенант жоқ. Құтты болсын, ақылға салып, абыройлы іс істедің деп 
сенем! (Қағазды беріп, қолынан қысып ұстап). Жолың болсын! Сен полк 
командирі болдың, ол - полктің ақылы, миы, басы. 
3-акт 
(Майдан даласы. Ойға еніп тұрған Бауыржанға әскери трибуналдың 
бастығы мен прокурор келеді.) 
Әскери трибуналдың бастығы (амандасқан соң, қалың папканы алдыма 
қойып). Біз екі солдатты ату жазасына кестік. Осыны бекітіңіз. Тәртіп 
бойынша үкімге дивизия командирі қол қоюы керек. 
Бауыржан (ойланып тұрып).Қалай атқызам?
Прокурор. Сізге түк те болмайды. 
Бауыржан (алара қарап, прокурорға).Қалай атпақсыздар?
Прокурор. Қазір солдаттарды жинап, сап алдында атамыз. 
Бауыржан. Солдаттар соғысып жатыр ғой. 
Прокурор. Әр бөлімшеден бір-біреуден әкелейік. 
Бауыржан (дауысын қатайтып). Екеуін атам деп жүз солдатты өлтірем 
бе? ССРО Жоғарғы Советі Президиумының атынан әскери трибунал 
үкімін бекітпеймін!
Әскери трибуналдың бастығы. Бұл үшін жауап бересіз! 
Бауыржан. Мен үкімді бекітуге де, бекітпеуге де еріктімін. 
Жазалыларды әкеліңдер! 
(Конвой екі жазалыны алып келеді) 
Обал жоқ, сендерге, оңбағандар! Қарабет болып қашқанша, қайрат 
көрсетіп өлген артық! Маған сендер емес, үйдегі балалар аянышты. 


190 
Опасызда отан жоқ. Сатқын ретінде атылсаңдар, олар жұрттың көзіне 
қалай қарайды?! Қазір белдіктеріңді шешіңдер де, алдыңғы шепке барып 
соғысыңдар! 
(Ұрыс. Мылтық пен зеңбіректің атылған дауыстары) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет