57
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк
жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге кӛзқарасына, тұрғылықты жерiне,
денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды ӛкілдерiне
қатысты ӛзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
10-бап. Баланың ӛмiр сҥруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне
және жеке ӛмiрiне қол сҧғылмауға қҧқығы
1. Әрбiр баланың ӛмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне
және жеке ӛмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi,
оны тәнiн және (немесе)
жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн
қатыгездiкпен, дӛрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден,
жыныстық қатынас
сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке
және қоғамға жат
әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам
мен азаматтың Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына
қысым жасаудың ӛзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.
19-бап. Баланың демалуға және бос уақытын пайдалануға қҧқығы
1. Әрбiр бала ӛзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға
және бос уақытын пайдалануға құқылы.
2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар ӛздерiнiң
қабiлеттерi мен
мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi ӛмiрлiк
жағдайларды қамтамасыз етедi.
3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын
ӛзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап
отырады.
4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға
құқығын қамтамасыз ету жӛнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты ӛткізетін
ӛзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді,
дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды ӛткізуге,
сондай-ақ
діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: