Қолданылған қысқартулар тізім:
МІЕ – мектепішілік есеп;
ББ-білім беру бӛлімі;
КТІ және ҚҚК- кәмелетке толмағандар ісі және құқық қорғау комиссиясы;
ІІО- ішкі істер органы;
ТҮ және ТЖ-тұрғын үй және тұрмыстық жағдай;
АНТ-ақпараттық-насихаттау тобы;
2015 жылдың «22» сәуірінде
Қазақстан Республикасының
ғылым және білім Министрлігінің
№227 бұйрығымен бекітілген
Тәрбиенің тҧжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты
жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформация
ескеріле отырып әзірленді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды,
адам ӛмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм,
еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді кӛздейді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында
отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің ӛзара кірігуі
негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің
кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.
Тәрбие жҧмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің ӛзегі бола
отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы ӛтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2.
Рухани-адамгершілік тәрбие
3.
Ұлттық тәрбие
4.
Отбасы тәрбиесі
5.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6.
Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие
7.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8.
Дене тәрбиесі, салауатты ӛмір салты
|