Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Балқаш қаласының білім бөлімі»ММ



бет13/27
Дата31.01.2024
өлшемі341.26 Kb.
#490300
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Даму стратегиясы

Сауалнама

4«а» сынып

4 «б» сынып

1.

Сен күнде сабаққа дайындаласың ба ?

  • иә

  • кейде

66 %
33 %





82 %
12 %

2.

Сабаққа кіммен дайындаласың ?

  1. өзім жалғыз

  2. әкеммен

  3. шешеммен

  4. ата-анаммен

  5. әжеммен

  6. атаммен

46 %
6 %


20%
20%
6 %
6 %



29 %
18%
35 %
13%
0 %
5 %

3.

Мектепте саған не жетіспейді ?
1.бәрі жетіседі
2. жақсы оқу
3. бестік баға

93 %
6%


0 %



41 %
59%
0 %

4.

Егер сен болашақта Білім Минстрі болсаң, онда мектептегі сабақ кестесінен қандай сабақтарды алып тастар едің ?
математика
табиғат тану
орыс тілі
қазақ тілі
әдебиет
еңбек
бейнелеу



13 %
6,6 %
20 %
13 %
13 %
-
-



-
-
-
-
-
5%
5%

5.

Егер сен жақсы сабақтарға баға беретін болсаң, онда қандай 3 пәнді таңдар едің ?
математика
ана тілі
қазақ тілі
дене шынықтыру
орыс тілі
табиғат тану
еңбек
ән-күй
бейнелеу.

80 %
53 %
73%
13 %
0 %
26 %
-
-
-

76 %
59 %
47 %
70 %
11 %
35 %
29 %
12%
23 %



Оқушылардың оқу әрекетінің мотивациясы
Мақсаты. Оқушылардың оқу әрекетіндегі жиі кездесетін мотивтерін және олардың оқу жұмысындығы ролін анықтау.



жағдаят

4 «А»

4 «Б»

1

Қызықты болғасын оқимын

20 %

5,8 %

2

Көп білу үшін оқимын

86 %

100 %

3

Оқимын, өткені ата-анам талап етеді

6,6 %

5,8 %

4

Оқимын, өткені келешекте жұмысқа орналасу оңай болады

60 %

76 %

5

Оқимын, өткені қазір барлығы да оқиды

6,6 %

-

6

Оқимын, өткені маған мұғалім ұнайды

6,6 %

5,8 %

2019-2020 оқу жылдың қыркүйек –қазан айларында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына төмендегідей бағытта:


1. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен интернет – тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша;
2.Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто- деструктивті) мінез-құлқының алдын –алу;
3. Отбасылық құндылықтарды ілгерлету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы бересінің маңыздылығы тақырыптарында психологиялық көмек беру мақсатында жиналыста кеңінен айтылып өтті.
Қараша айында «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын –алу» бағдарламасы бойынша 8 сынып оқушыларының ата-аналарна дәріс жүргізіліп, оқушылардан сауалнама алуға ата-аналардан келісім алынды. Әр сыныпқа Хаттама толтырылып, қорытынды есеп білім бөліміне жіберілді.


Мінез-құлықтағы жағымды қасиетті қалыптастыру, дамыту, өзара әрекеттестікті жетілдіру мақсатында темперамент тесті



Оқушы бойында әр темпераменттің түрлі белгілері болғанымен, біреуі басымырақ болып келеді.Балалардың темпераментін анықтау барысында жас ерекшелігі мен жүйке жүйесінің өзіндік табиғи көрсеткіштерін есепке аламыз.


Сангвиник күшті, байсалды, қозғалмалы бет –әлпеті құбылмалы және қозғалысы анық.
Холерик күшті елгезек,өте баяу өзін-өзіұстай алмайды, шыдамсыз, күйгелек. Сыртқы ортаны сезінуі басымдау.
Флегматик күшті байсалды, баяу , икемді емес.
Меланхолик әлсіз белсенділігі төмен, өз ойына шомыпжүре береді, ешкіммен бөліспейді.



Оқушының аты-жөні

Оқу машығы

Жазу каллиграфиясы

Математикалық есептеу машығы

Оқу қызметінің қалыптасуы

Баланың оқуға деген бейімділік қабілеті







Әр сөзді тұтастайдұрыс оқу

Сөзді буындап оқу

Есту арқылы тақтаға жазу

Оқулықтан мәтінді көшіру

Сандарды қосу және азайту

Баланың сенсорлы дамуы (пішіні, түсі, көлемі)

Үлгіге сәйкес жұмыс істеу

Танымдық қабілеті (ойлау, есте сақтау)

1

0 «Ә»

-

+

+

-

+

+

-

-

25%

2

0 «А»

-

+

+

-

+

+

-

-

22%

3

0 «Б»

+

+

+

+

+

+

+

+

66%

2019-2020 оқу жылында 0 «Ә», 0 «А», 0 «Б» мектепалды даярлық тобына жеке және топтық әдістемелік жұмыс жүргізілді

Бұл зерттеу өте терең және мұқият жүргізілді, өйткені, нәтижесіне сүйене отырып балалар 1-сыныпқа қабылданады.


Бұл жылдың көрсеткіші: 0 «Ә»оқушы 4 жоғары 25% , 7 орта 43,75, 5 төмен 31,25 25%
0 «А»5 оқушы 22,72жоғары, 9оқушы орта 40,90, 7оқушы 31,81төмен 22%
0 «Б» 6 оқушы 66,66 жоғары, 2оқушы 22,22, 1оқушы 11,11 төмен 66%
Өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда осы жылғы оқушылардың дайындық деңгейі нашарлау.
Оқу үдерісі басталып 1 ай өткеннен кейін 5- сынып оқушыларының бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі кездесетін қиындықтарын анықтау
Мақсатында оқушылардан сауалнама алынып, анықтамасы шығарылды. Ұсыныстар берілді. 5 –ші сынып оқушыларының ата –аналарымен « Қазіргі психологиядағы бейімделу процесі» туралы сұхбаттасып, сауалнама алынды.
Оқушыларға қаншалықты көңіл бөлінетіндігі мен қамқорлықтың, ата-ана тарапынан зейіннің қажет ететіндігі анықталды. 
Жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында 5-сынып оқушыларымен «Менің сыныбым – менің үлкен отбасым» атты жаттығулар жүргізілді.
Бейімделу айлығында сабақта, сабақтан тыс кезеңдерде оқушыларды бақылау, жаңадан келген оқушылармен жұмыс, оқушылардың пәндерге деген көзқарастарын анықтаудиагностика жүргізілді.
5сыныптар




Тесттер

Деңгей %

Жоғары

орташа

төмен

1

Ақыл дамытудың мектептік тесті

40

40

20

2

Өз –өзін бағалау

60

20

20

3

Мотивация деңгейі

20

50

30

Қобалжу –алаңдаушылық деңгейлерін диагностикалау


Мектептік қобалжу: оқушылардың 4 фактор бойынша қобалжу деңгейін зерттеудің нәтижесі



Факторлар




1

Жалпы қобалжу

20

2

Өзгелерге сай келмеуден күдіктенуі

10

3

Білімді тексеру жағдайындағы қобалжу

12

4

Мұғалімдермен қарым –қатынас мәселесінің қанағаттандырылуы

80




Бастауыш сыныптарға сабақ беретін сынып жетекшілерге сауалнама мен тренингтер жүргізіліп, олардың сабақ үдерісінде оқушыларға жүргізілетін ес және ойлау қабілеттерін дамытуға арналған психокоррекциялық жаттығулар ұсынылды.
3-4 сыныптарға логикалық тапсырмалар жинағы беріліп, диагностикаға картасына енгізілді. Сонымен қатар 2-4 сынып оқушыларымен «Сен достаса білесің бе?» тақырыбында өткізілген сабақ өткізілді.
Орта буын оқушыларының сыныптағы көңіл- күйлерін анықтау мен сергіту мақсатында түрлі жаттығулар жүргізіп отырылды. Олармен тікелей неге қызығушылықтары бар екендігі, мектепте тағы қандай қосымша іс-шаралар өткендігін қалайтындығы туралы сауал-сұрақтар қойылды нәтижесі шығарылып, пікір алмасулар жүргізілді. 2019 жылдың желтоқсан айында 2,3,4 сынып оқушыларымен « Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру» тақырыбында балалардың шығармашылығын дамыту,танымдық белсенділігін ,іскерлігін арттыру мақсатында тренинг жүргізілді.
5-6 - А, Ә, сынып оқушыларының пәнге қызығушылығы

Жекелеген оқушыларға кеңес берілді. 7-8 сыныптарға «Қарым – қатынас мәселесі» тренинг жүргізілді.8-9 сыныптарға « Сен кімсің?» тренинг жүргізілді. Есепте тұрған оқушылардың сыныптармен қарым – қатынасын зерттеу,Оқушылар арасында Діни экстремизмнің алдын –алу, аутодеструктивті мінез –құлықты оқушыларды анықтауда алаңдаушылық деңгейіне әдістеме жүргізіліп, кеңестер берілді. Жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша , 11 сыныптарға ҰБТ –ге психологиялық сүйемелдеу әңгімелесу, сұрақ жауап, және « Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық» деген тақырыпшалар төңірігінде ақпарат алмасу жүргізіліді және өзін –өзі бағалауы психологиялық тұрғыдан бақылауға алынды. Сонымен қатар мұғалімдерге «менің жұмысым», «мен қандай маманмын» жаттығуы жүргізілді. Мектеп мұғалімдеріне « Өзімді – өзімнің көзімен» сауалнама таратылып алынды, ішінара қалыс қалған мұғалімдер бар.Ұстаздар күйзелісінің алдын алуға арналған жаттығулар жеке,ұжыммен жүргізілді.Қазан айының 10 күні ұжымдағы жас мамандардың бейімділігін анықтау мақсатында « Жас мамандарға психологиялық көмек көрсету» тренинг өтті. Мұнда түрлі сұрақтар қойылып «ашық хат» әдістемесі жүргізілді. Жас мамандардың жұмысындағы қиындықты анықтауға арналған диагностикалық сауал- сұрақ әдістемесі алынып, тренинг нәтижесімен біріктіре отырып анықтамасы берілді. Психологиялық қызметтің жұмысының негізгі міндеті: Баланың дамуына психологиялық жағдай жасап, жеке және интеллектуалдық дамуына әр жастың кезеңіне тән көмек көрсету арқылы, олардың өзін –өзі оқытуға, тәрбиелеуге, дамуына жағдай туғызып, қалыптастыру;


Оқушылардың жеке тұлғасын, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бақылау, бағыттау;
Желтоқсан айында оқушылардың салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін түсіндіру және нашақорлық салдары туралы ақпарат беру мақсатында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «АҚТБ, ЖҚТБ нашақорлық шылым шегудің алдын алу жолдары» атты тренинг ұйымдастырылды.
11-сынып оқушыларының темперамент типі

Р\с

Сыныбы

Холерик

Сангвиник

Флегматик

Меланхолик

1.

11-А

2

1

2




2.

11-Б

1

1

1





Барлығы

3

2

3




Мектебіміздің ұстаздар ұжымымен жыл басында «Ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау» сауалнамасы алынды. Мұғалімдер ұжымдағы қарым- қатынастан туындайтын кикілжіңдерді басқаруға байланысты тренинг жүргізіліп, анықтамасы берілді. Сонымен қатар мұғалімдерге «менің жұмысым», «мен қандай маманмын» жаттығуы жүргізілді. Мектеп мұғалімдеріне « Өзімді – өзімнің көзімен» сауалнама таратылып алынды, ішінара қалыс қалған мұғалімдер бар.Ұстаздар күйзелісінің алдын алуға арналған жаттығулар жеке, ұжыммен жүргізілді.


2019-2020 оқу жылының бірінші жартыжылдығы бойынша ата-аналардың сынып жетекшілердің сұранысы бойынша , оқушылармен психологиялық түзету дамыту жұмыстары 1сыныптарға, 5-сыныптарға, 8-9 сыныптарға топтық және жеке түрде өткізіліп отырды.
Қорыта келе, жүргізілген психолог жұмысы жоспарға сай жүзеге асып келеді. Жүргізілген жұмыстар уақытында қорытындыланып, білім бөліміне таныстырылып отырылды.Өткізілген психологиялық шаралар мектеп проблемасымен ұштастырылып отырды.2019-2020 оқу жылында жоспарланған психологиялық жұмыстар легі толығымен атқарылды.
Ұсыныс:2019-2020 оқу жылында психологиялық қызметтің түзету –дамыту бағыты бойынша жұмыстарды диагностикалық әдістемелер нәтижесіне негіздеп жүргізу.
“ Сыныптың ықшам климаты және тұлғаның қалыптасуына оның әсері”.
Конфликтілік жағдайларда мінез – құлықтың стратегиясы”.
“ Ата – аналардың әлеуметтік қылықтарға жатпайтын мінез – құлығы тұлға дамуының ауытқу себебі”.
Оқушының үлгермеушіліктен арылту жолдары”.
“ Сабақта танымдық қызығушылықты дамыту тәсілдері”.
5 - ші сынып оқушыларының бейімделу кезеңіндегі туындайтын қиыншылықтар
Психология апталығын жандандыру.
7-8 сынып оқушыларының эмпатия деңгейлерінің диагностикасы.
10 - сынып оқушыларының мінезіндегі акцентуациясының диагностикасы.
“ Жанұядағы өзара әрекет стильдері” 6- 8 сынып ата – аналарының диагностикасы.
Мұғалімдермен жұмыстарды одан әрі арттыру.

Ата-аналармен жұмыс
Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған мекеме үшін ата-аналармен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Ата-анамен жұмыс – педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді, тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-құлықтармен, түрлі қиыншылықтар- мен қарама-қарсы кездесесің. Осының барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет етеді. Сол себептен мектепте ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор. Осы орайда мектепбімізде ата-аналармен бірлескен біршама іс-шаралар атқарылды.Мектепте әр сыныптан ата-аналарынан құрылған ата-аналар комитеті қызмет атқарды.Ата-аналар комитеті мектепте өткізілген мерекелік іс-шаралардың,тақырыптық кездесулердің, сайыстар, концерттік бағдарламалар,ұлттық мерекелер және де спорттық шаралардың өтілуіне белсенді атсалысты.Сонымен бірге қамқорлық,қайырымдылық акцияларына қатыстырылды.Қамқоршылық кеңес мүшелерімен біріге отырып,Жарболовтар отбасына жаңа пәтер алуына,сол пәтердің жөндеу жұмыстарына елсене араласты.Сонымен бірге Биболовтар отбасына да заттай көмектер көрсетілді.Мектепте өткен дәстүрлі іс-шаралар,атап айтқанда отбасы күні, «Алтын күз», «Алғыс айту» күні,жаңажылдық ертеңгіліктер, «Әкем,шешем және мен» отбасылық-спорттық жарыстарды ерекше атап өтуге болады.Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне,яғни мектептегі және мектептен тыс өткізілетін ән,би,спорттық футбол,грек-рим күресі сияқты түрлі үйірмелерге қатысуын қаматамасыз етуде де ата-аналардың үлесі айтарлықтай.Айта кететін жайт,мектептегі музейдің экспонаттарын жасауда,мектеп ауласын безендіру жұмыстарына ата-аналар белсене қатысты.
Оқу жылының басынан мектепте қамқоршылық кеңесі өз жұмысын жасады. Мектептегі «Зерде» аналар және «Ұлағат» әкелер кеңесінің де оқушыларды тәрбиелеудегі өтіліп жатқан іс-шаралардың басы-қасында. Аталмыш кеңестің мүшелерінің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік педагог,сынып жеткешілерімен бірлесіп көшелер мен кафелерге рейдтік жұмыстар өтілді.Ер балалардың әскери-спорттық дайындығына және патриоттық тәрбие беруде әкелер кеңесінің қоскан үлесі де айтарлықтай. Әр тоқсан сайын өткен ата-аналар жиналысында құқықтық сауаттандыру және педагогикалық-психологиялық,медициналық тақырыптарда кеңестер, дәрістер ұйымдастырылды,сауалнамалар алынды. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер беру. Арнайы педагогикалық немесе медициналық мамандықтары жоқ ата-аналар кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор.
Төртінші тоқсанда COVID-19 пандемиясына байланысты карантин кезінде тәрбие жұмыстары да онлайн форматта жүргізілді.Сынып сағаттары,тәрбиелік шаралар,ата-аналар және сынып жиналыстары зум,классрум бағдарламасы,ватсап мессенджерлері арқылы өткізілді.Сонымен қатар мектеп бойынша,қалалық,облыстық,республикалық қашықтық байқауларына, акция, челленждерге мектеп оқушылары белсене қатысты.Байқаулардың жеңімпаздары мектептің инстаграмм,фейсбук парақшаларына,мектеп сайтына жүктелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет